Ойынның мазмұны: ұзын және қысқа жолақшаланы көрсету. Жолақшаларды таратып беру. Берілген суреттерден немесе топтан биік және аласа, жуан және жіңішке, кең және тар заттарды табу
37.«Сипаттамасы бойынша таны»
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа,кең-тар,биік-аласа ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары:жануарлардың,құстардың ойыншығы.
Ойынның мазмұны:балалар аю,түлкі,қасқыр,қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді,басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады.
38.«Сөзді өзгерт»
Ойынның мақсаты: Әріптерді ауыстыру немесе алып тастау арқылы сөздерді өзгертуге үйрету.
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген сөзді айтады мысалы: баға сөзінен (б)әріпін алып тастасақ қандай сөз шығады-аға сөзі шығады, дала-қала т.б.
39. «Сөз қос»
Ойынның мақсаты: сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: Шар,алма ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: балаларды екі топқа бөлік өткізуге болады.Тәрбиеші сөз айтады,балалар сөзге сөз қосып,сөйлем құрайды.
40. «Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |