Сөйлеу әдебі: ТҮрлері мен қазіргі сипаты



бет3/3
Дата02.04.2022
өлшемі58,2 Kb.
#29636
1   2   3
Байланысты:
1-ші тарау

Дәулетбектi – Дәулет, Нұрғалымды – Ғалым, Әмiртайды – Әмiр, Ақбаянды – Баян, Айманкүлдi – Айман, Ақжамалды – Жамал деп атау да есiмдi ықшамдап, эмоциялық өң дарыту мақсатынан пайда болған. Ал дербес есiмге айналған соң, бұлардың эмоция, экспрессиялық реңi солғын тартады. Алайда мұндай есiмдердi Құдышжан, Тәкентай, Сақыштай деп, «жан», «тай» тәрiздi тұлғалармен түрлендiрiп отырса, сөздiң. шырайы ашылып, эмоция- экспрессиялық рең қайта жаңғырып, құбыла түседi.

Халық дәстүрiнде жақсы ниет, адал тiлеулестiктi бiлдiретiн этикет қаншама?! Олардың қазiргi тiл қолданысымызда жандандыра түсуге болатын түрлерi де аз емес.

Әскер қатарында болып, азаматтық борышын абыроймен өтеп келген баласын, ұзақ жыл сыртта жүрiп оқудан келген ұл-қызын көргенде, ата-ананың қуанышында шек болмайды. Ондайда тiлеулес адамдар Балаң келiп, көзайым болдың ба? деп қуанышқа ортақтасады. Бұлайша жақсы ниет танытып, көңiл көтере түсу үлкенге де, кiшiге де лайық.

Егер халық тiлi байлығына зер салып, зейiн қойсақ, бұл тәрiздi алуан түрлi сөз орамын кездестiремiз. Бiрак, амал не, бұлардың көбi жастардың сөйлеу дағдысына енбей, елеусiз қалып бара ма деп күдiктенесiз.

Этикет сөздiң молдығынан ешбiр тiл зиян көрiп, зардап шекпейдi. Ондай сөз орамдарының елеусiз жүргендерiн ескерiп, ескiсiн жаңғыртып отырсақ, сөйлеу этикетiн байытып, бояу нақышын құбылта түсерiмiз сөзсiз.

Қырман басына келген қария сөз сабақтамастан бұрын Қырман тасысын!, Қызыл көбейсiн!, Диқан дарысын! дейдi. Бұйымтайын, шаруа жайын қозғамас бұрын шопанға Бағар көбейсiн!, Қөгенiң қозылы болсын! деп, алдымен жаксы тiлегiн аңғартып алады. Мұндай этикет әдептiлiктi, сыпайылықты аңғартумен қоса, тiлге тиек те болады. Ақжарқын кейiптi танытып, жақсы ұғынысуға жол ашады. Осы тәрiздi тiлек бүгiнгi күннiң мүддесiне де үйлесiмдi, заманымызға сай келедi. Малшы болсын, диқан болсын халық дәулетi үшiн еңбек етiп, молшылық үшiн күресiп жатыр. Олардың еңбегiн дәрiптеп, жақсылықка балап айтылған сөз еңбек адамының мерейiн өсiредi. «Өз көңiлiңдi көтерем десең, өзгенi де көңiлдендiре бiл» деген Марк Твеннiң ұтқыр сөзi осы орайда еске түседi.

Алайда диқанға жақсы ниет аңғартам деп кейбiреулер Жаңбыр тiлеймiн!, Ашық аспан тiлеймiн! тәрiздi жасанды сөзге бой ұрады: «Ендеше қош бол, қарағым! Үш жарым апта бойына шүйке бұлтсыз ашық аспан тiлеймiн» (газеттен). Мағына – сөздiң жаны. Сөздi бұлайша қолдану жанынан айырып, сүлдесiн қалдырумен бiрдей. Егер тiлде барды елеп, ескерiп отырсақ, әлгiндей сөздiң орнына «Нұр жаусын!»,«Күнiңiз ашық, күзiңiз жайдары болсын!» тәрiздi сөз орамдарының бiрiн қолдануға болмас па едi?

Уақыт өткен сайын кей дәстүр ескiрiп, жаңасы өмiрден орын тебедi. Алайда ескi дәстүрдiң бүгiнгi күнге қажетi жоқ деп бәрiне терiс қарауға болмайтыны белгiлi. Жаңа заманға орай олардың да жаңа мазмұн, жаңа сипат алатындары болады. Заман талабына лайық өмiршең дәстүрдi таңдай бiлiп, жаңа мазмұн үстеу рухани өмiрге нәр бередi.

Халық арасында ертеден тараған бата беру дәстүрi бар. Жасы үлкен кей адамдар дәмнен соң дастарқан қайырып, бата бередi. Жақсы ниет бiлдiредi. Бiрақ сөз арасында үйренген дағды бойынша Тәңiр жарылқасын, құдай тiлеуiңдi берсiн тәрiздiлердi қосып қояды. Сондықтан ба, кейбiрiмiз мұндай дәстүрдi қалай кабылдайтынымызды бiлмей дағдарып қаламыз. Мұндай сөз орамдарының мазмұны қазiргi заманымызға үйлеспейтiндiгi белгiлi. Бiрақ ондай дiни орамдардың орнын еңбекте табысты, өмiрде бақытты бол дейтiн айшықты сөз өрнегiмен толтыруға қазақ тiлiнiң қуаты әбден-ақ жетедi. Заманға лайық батаға жаңа мазмұн үстеп, үй иесiнiң дәм-тұзына алғыс бiлдiрiп, риза көңiлмен тiлек айту этикетке айналса, еш айыбы жоқ деп ойлаймыз.

«Әр елдiң заңы басқа» демекшi, бiр елде бар этикет екiншi елде кездесе бермейдi. Бiр тiлден екiншi тiлге сөз ауысуы тәрiздi, бiр халықтан екiншi халыққа этикет ауысуы да мүмкiн. Қандай халық болмасын, өзiнде жоқты өзгеден алып, өз топырағында жерсiндiре бiледi. Кейде жаңаны жатсынбасақ та, дәстүрде жоқ нәрсе тосындау көрiнуi мүмкiн.

Көптеген мәдениеттi елде дәм алып отырған адамға тiлек бiлдiру дәстүрi бар. Соның әсерi болу керек, тамақ iшiп отырған танысын көргенде, кей адам Ас дәмдi болсын, тағам тәттi болсын, тәбетiңiз ашылсын тәрiздi тiлектер айтып, шүйiркелесiп жатады. Ал қайсыбiреулерi «қазақтың онсыз да тәбетi мықты ғой» деп, мұндай тiлек бiлдiрудi таңсық көрмейдi. Ондай тiлек айту дәстүрде жоқ деп бiледi. Бiрақ қазiргi кезде ел мен елдiң, халық пен халықтың қарым-қатынасы, мәдени байланысы ерiстеп отырған заманда көркем шығармаларда кездесетiн бұл тәрiздi этикет сөздердi бәрi-бiр ана тiлiмiзге аударуға тура келмей ме? Олай болса, жұмған аузымызды ашпай, үн-түнсiз қалғаннан гөрi дәм татып отырған танысымызға iлтипат бiлдiрiп, құрмет көрсетудi этикетке айналдырудың ерсiлiгi жоқ.

Оқушылар, студенттер қадiрмен ұстаздарына қарап ағай, апай деген сөздердi көп қолданады. Бұлар аты-жөнiң бiлмеген кiсiге айтылатын ресми қаратпа сөз сияқтанып кеттi. Халқымызда тағы сондай құрмет нышаны ретiнде ер аттарының басқы буындарын қысқартып алып, оған – еке, (ақа) сөзiн қосатынымыз бар: Әлеке, Жұмеке, Есеке, Мәке, Жәке, Нықа, Сәке сияқты қаратпаларды әдетте тонның iшкi бауындай жақын, жасы үлкен адамдарға айтамыз. Мұндай дәстүрлi қаратпалардың ыңғайымен Иван, Виктор, Константин, Гарибальди тәрiздi өзге ұлт кiлдерiнiң аттарын қысқартып «қазақыландырып» айту да өрескел көрiнер едi. «Гарибальдидiң көзi – қос сұрақ, ол менiң көзiм болуы мүмкiн, ал Гарекеңдiкi әншейiн қос сызық» (кiтаптан). Автордың бұл тәрiздi «жаңалығын» жарасымды деуге болмайды, Мұндай орайда да қадiрмен кiсiлердiң аты-жөнiң атаған дұрыс.

Қоғамдық өмiрдiң әр саласында қызмет етiп жүрген адамдардың сiңiрген еңбегiне лайық әр түрлi атақ, дәрежелерi болады. Мәдениеттi елдiң дәстүрiнде ондай атақ, дәрежелердi кiсi фамилиясымен қоса атайды: Лениндiк және СССР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты М.О. Әуезов, СССР Ғылым академиясының академигi Қ.И. Сәтбаев, СССР Халық артисi К. Байсейiтова, полковник Б. Момышұлы. Бiр адамның бiрнеше атақ дәрежесi болуы ықтимал. Ондай атақ, дәреженiң бәрiн тiзе беру мүмкiн болмаған жағдайда ең үлкен атақ, дәрежесiн ғана атауға болады. Әр түрлi атақ, дәреженi, мамандықты ресми жағдайда кiсiнiң фамилиясымен қосып атаған жөн: профессор Қасымов, доктор Дарханов, механизатор Дүйсенов т.б. Себебi мұндай этикеттi жұрт атақ, дәреженi сыйлап, мамандықты құрметтегендiк деп қабылдайды.

Тiл мәдениетiне ден қойған адам сөйлеу этикетiне айрықша көңiл бөледi. Сөйлеу iзетiнiң өзiндiк кыр-сырын аңғара бiледi. Шаруашылығы мен мәдениетiне, ғылымы мен өнерiне аса зор еңбек сiңiрген әйгiлi қайраткерлердi халық зор құрмет тұтады. Мәңгi есте қалдырады. Ондай адамдардың есiмiн жай ғана атай салмай әр түрлi эпитеттермен атайды: Ұлы Абай, жыр алыбы Жамбыл, күй атасы Құрманғазы т.б. Қоғам қайраткерлерi, әйгiлi ғалымдардың айтқан пiкiрлерiне сүйенгенде:«Ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай..., әйгiлi ғалым Қ.И. Сәтбаевтың ерттеулерiнде...» тәрiздi сөз сабақтау – оларды тек бедел тұтқандық қана емес, құрметтегендiктiң белгiсi.

Өзге де ұлттың прогресшiл қоғам қайраткерлерiн, халық мүддесi үшiн күрескен ұл-қыздарын, адамзат мәдениетiне еңбек сiңiрген әйгiлi адамдарды iзетпен атау – оларды қастерлеудiң белгiсi. Бұл тәрiздi ерекшелiктi тiл этикетiне сiңiре бiлу енегелiктi көрсетедi.

Адам баласы табиғатында темiрдей тезiмдi, гүлдей нәзiк. Қапелiмде айтылған бiр ауыз сөзбен кiсiнi ренжiту де, қуанту да оңай. Сөз қуаты шексiз. Не бiр сөз асылын айтпағанның өзiнде, күнделiктi қатынаста жүрген этикет сөздердiң қолданылуында қаншама қыр-сыр жатыр.



Сөйлеу этикетiн әдеппен қолданып, мүмкiндiгiн аша бiлсек, iзгiлiкке нұсқап, iзеттiлiкке бастайтын жақсы жақтарын жетiлдiре берсек, адамдар арасындағы ынтымақтыққа ұйытқы болады. Жас ұрпақты адамгершiлiкке баулып, коллективизм рухында тәрбиелеуге септiгi тие ме деп ойлаймыз.
1.2 Сөйлеу әдебінің түрлері мен ерекшеліктері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет