Сөйлеу этикетін оқытудағы әдіс-тәсілдер мен ұстанымдар


Кіріспе Сөйлеу этикеті



бет4/9
Дата07.01.2022
өлшемі37,54 Kb.
#19466
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жансая. Мақала.

Кіріспе

Сөйлеу этикеті – коммуникативтік актідегі сыпайылық категориясын белгілейтін тілдік форма, социумға тән әлеуметтік қатынастарды анықтайтын және халықтың салт-дәстүрімен байланысты бірлік [1, 17].

Адамдардың сөйлеу қатынасы тілдік әдептер деп аталуы қабылданған әдептің маңызды бөлігін құрайды.

Н.И.Формановская және А.Акишина сөйлеу этикеті деп – тілдесушілер арасындағы қарым-қатынасты білдіретін сөйлесу әрекетін түсінеді. Бұндай ережелер тілді қолданушы ұлттық ұжымдарда әлеуметтік топтарда жас мөлшерлеріне қарай, әлеуметтік жағдайларына қарай, тілдесім жағдайына байланысты қолданылады деген пікір қалыптастырған.

Ағылшын тіліндегі сөйлеу этикеттерін оқыту – оқушылардың сабақтан тыс, қоғамдық өмірдегі коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды болып есептеледі.

Білім берудегі заманауи әдістерге сүйенетін болсақ сөйлеу этикетін оқытуда жағдаят, рөл, ұстаным, коммуникациялық аумақ пен коммуникация түрі сынды категориялар тілдік қатысымның моделі ретінде қарастырылады.

Сөйлеу этикетін оқытудағы маңызды әдіс – коммуникативтік жағдаят. Коммуникативтік жағдаят сөйлеу этикетін оқытудың әдісі ретінде төмендегідей факторлардан құралады:



  1. коммуникация негізінде жүзеге асатын жағдай (бөгде адамдардың қатысымын қоса алғанда);

  2. коммуниканттар арасындағы қатынастар (субъективтіәңгімелесушінің тұлғасы);

  3. сөйлеу мотивациясы;

  4. жаңа жағдай туғызатын қарым-қатынас актісін жүзеге асыру, сөйлеуге ынталандыру.

Осы факторлардың әрқайсысы – сөйлеу этикетін оқытуда қарастырылатын әдіс және әңгімелесушілердің сөйлесіміне өзіндік бір әсерін тигізеді (тақырыпты таңдау және оның даму бағыты, тілдік құралдарды таңдау, сөйлеудің эмоционалды бояуы, оның орналасуы және т.б.) [2, 140].

Шет тілін оқытудың заманауи жүйесінде шет тілдерін оқыту әдістемесі үшін көп мән беріле қоймайтын коммуникативті жағдайлар емес, үнемі қайталанатын, типтік немесе стандартты коммуникативті жағдайлар маңызды болып табылады.

Коммуникативтік жағдаят типтері термині – әңгімелесушілердің сөйлеу мінез-құлқын, олардың әдеттегі әлеуметтік-коммуникативті рөлдерінде жүзеге асыратын нақты байланыс моделін білдіреді [3, 56].

Коммуникативті жағдаят типтеріне: сатып алушының сатушымен, көрерменнің театр кассирімен сөйлесуі, ананың ұлымен мектепте оқуы туралы сөйлесуі, мұғалім мен оқушы және т. б. жатады.

Сөйлеу этикетін оқытудағы әдістің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – қарым-қатынас түрі. Адамдардың сөйлеу байланыстары қарым-қатынасқа қатысатын адамдардың саны, олардың арасындағы қарым-қатынастардың сипаты, бір қарым-қатынас актісінде спикер мен тыңдаушының рөлдерінің өзгеруімен ерекшеленетін жағдайларда жүреді.

Бірінші қағида бойынша қарым-қатынастың 3 түрін ажыратуға болады:



жеке, топтық және қоғамдық. Бұлар сөйлеу этикетін оқыту әдіснамасының ерекшеліктерін анықтайды [4, 122].

Жеке қарым-қатынасқа екі адам қатысады. Мұнда қоммуниканттар жалпы сөйлесу жағдаятына қатысуда тең құқылы болып есептеледі. Олардың әрқайсысы ұсынылған тақырыпты қолдай алады немесе оны басқасымен алмастыра алады. Егер жеке коммуниканттардың кез-келгені сөйлесуді тоқтатса, коммуникативті акт аяқталады [5, 26].

Топтық қарым-қатынас кезінде коммуникацияның бірыңғай актісіне бірнеше адам қатысады (достармен әңгімелесу, оқу сабағы, жиналыс). Топтық қарым-қатынас тобы мүшесінің коммуникативті жағдайы жеке қарым-қатынас тобындағы адамнан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол, мысалы, ұзақ әңгімеде немесе жиналысқа бірде-бір сөз айтпастан немесе пікір білдірместен қатыса алады. Мұндай қарым-қатынаста пікір білдіру, тіпті тыңдаушыларды өз мәлімдемесімен қызықтыру қиындық тудырады және сөйлеушіден қосымша қасиеттерді талап етеді.

Қоғамдық қарым-қатынас салыстырмалы түрде адамдардың көбірек қатысуымен жүзеге асады. Сол себепті, қоғамдық қарым-қатынасқа қатысушылардың коммуникативті рөлдері әдетте алдын-ала анықталады: олардың аз бөлігі спикер ретінде әрекет етеді, қалғандары тыңдаушылардың белгіленген рөлдерінде (жиналыстар, митингілер, пікірталастар және т. б.) әрекет етеді.

Коммуниканттар арасындағы қарым-қатынас сипаты бойынша сөйлеу этикетін оқыту әдістері ресми және бейресми қарым-қатынасты ажыратады

[6, 12].

Ресми қарым-қатынас әлеуметтік функцияларды орындаушы адамдар арасында пайда болады (мұғалім-студент, жолаушы-кассир, бастықбағынышты). Бұған жиналыстар, сұхбаттар, нұсқаулықтар, келіссөздер кіруі мүмкін. Ресми сипат кез-келген түрдегі қоғамдық қарым-қатынасқа тән.

Мысалы: Good afternoon! Nice to see you again, Mister Pavlov! You are looking well, I must say. How are things with you?

Бейресми қарым-қатынас көбінесе адамдардың мінез-құлқындағы жат қылықтармен, сөйлеу мәнеріндегі және тілдік құралдарды таңдауындағы еркіндікпен сипатталады. Бейресми қарым-қатынаста жеке тұлғалардың мәлімдемелерінің мазмұны алдын-ала ойластырылмайды. Ресми қарымқатынаста іскерлік стиль қолданылатын болса, бейресми қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу стиліндегі жаргондар кеңінен қолданылады.

Сөйлеу этикетін оқытудың заманауи әдістемесі бейресми қарымқатынастың екі түрін ажыратады:

1) Іскерлік әңгіме

2) Еркін әңгіме [7, 48].

Іскерлік әңгіме әртүрлі жағдайға байланысты әрекеттерден туындайтын мәселелерді шешудің құралы ретінде қарастырылады (мысалы, отбасы мүшелері арасындағы жазғы демалысты қалай өткізу керектігін талқылау, мектепті бітірген балаға мамандық таңдау және т.б.).

Еркін әңгіме — бұл байланыс орнату мен өзара түсінісу мақсатындағы қарым-қатынастың тәуелсіз әрекеті, білімге, дағдыларға, әлеуметтік құндылықтар (сенімдер) жүйесіне, басқа адамның эмоционалды жағдайына әсер ететін әрекет. Еркін әңгіме әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас саласында ауызша қарым-қатынастың негізгі, кең таралған түрі ретінде әрекет етеді.

Еркін әңгіме тақырып ауқымының ерекше кеңдігімен ерекшеленеді және іс-әрекеттің орнына, тақырыптың реттілігіне тәуелді емес: әңгімеге қатысушылар жаңа спектакльді талқылаудан бастап және велосипедті жөндеу туралы пікір алмасумен аяқтай алады.

Еркін әңгіме коммуниканттардың қарым-қатынасын дамытуға бағытталған сөйлеу ынталандыруларының алуан түрлілігімен сипатталады. Бұл жаңалықпен бөлісуге, белгілі бір ақпаратты алуға немесе күту кезіндегі туындаған уақытты толтыруға деген ұмтылыс болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, шет тілін оқытудың заманауи әдістемесі сөйлеу қарым-қатынасы моделінің келесі түрлерін ажыратады деп айтуға болады:



  1. Ресми жеке байланыс;

  2. Іскерлік әңгіме;

  3. Еркін әңгіме;

  4. Топтық ресми әңгіме;

  5. Топтық әңгімедегі монолог;

  6. Көпшілік алдында сөйлесу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет