10-лекция
2
Айғабақ /алтыңгірпік/ қызылерін
Келдесең/ негайайын /аттыңтерін//
Сарағаш/сазғабіткен/секілденіп
Қайжерде/отұрекен/бұраңбелім//
Прозаға қарағанда‚ өлең текстеріндегі сөздердің ритмикалық топтарын ажырату оңайырақ‚
өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрылатындықтан‚ ондағы сөздердің
топтасуы өз-өзінен шығып
тұрады‚ оның үстіне бұған әр тармақтың ара жігі‚ ұйқас дегендер де көмектеседі.
Қара сөзбен келген текстерде де сөздер ритмикалық топтарға жіктеліп айтылады.
Ақшоқыда туған өлең‚ өлең мен ән /сан салалы жырлар/көшіріліп жатталып‚ әуендеп толқып‚
тарап жатты. /Алуан сырлы жаңа сөз/ арқаның қоңыр желіндей/ жай жылжып‚ бірақ/ кең жайылып
тарады (М. Әуезов). Мұндағы үтірлер дауыс ырғағына тура келіп тұр.
Оқулықтарда
ал‚ алайда‚ бірақ‚ әсіресе‚ тіпті‚ көбінесе‚ тек сияқты сөздерден соң үтір
қоюға болмайды десе‚ жұрт қоюға құмар. Олай болатыны‚ бұл сөздер жеке ырғақ‚
екпінмен
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: