10-лекция
3
Мұнда бунаққа енетін сөздердің саны үш-төрттен аспауға тиіс. Одан асса‚
іштей ажырап
кетеді. Мәселен: бірмың тоғұжжүз қырықпес (1945)‚ мыңтоғыжжүз (1900)‚ жүзғырықпес (145)‚
тоғұжжүзғырықпес (945);
6. Есімдік тіркестер: бұлгім (бұл кім)‚ олғайда (ол қайда)‚ сеңғайдасың (сен қайдасың)‚
сеңғандайсың (сен қандайсың)‚ сенгімсің (сен кімсің)‚ әргезде (әр кезде)‚ әргім (әркім).
7. Етістік тіркестер: жазыпполдұ (жазып болды)‚ жазыбжатыр (жазып жатыр)‚ жазыбеді
(жазып еді)‚ ойлаботұр (ойлап отыр)‚ ойлабеді (ойлап еді)‚ сөйлөбжатыр (сөйлеп жатыр)‚
сөйлөпполдұ (сөйлеп болды)‚ сөйлөбеді (сөйлеп еді).
8. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі: үйгөғарай (үйге қарай)‚ үйдүңғасында
(үйдің қасында)‚ сеңғана (сен ғана)‚ әріғарай (әрі қарай)‚ мағаңғарай (маған қарай)‚ сенембұрұн
(сенен бұрын)‚ бұдамбұрұн (бұдан бұрын)‚ бұдаңгейін (бұдан кейін)‚ сенімембірге (сенімен бірге)‚
сонұмеңғатар (сонымен қатар)‚ келгеннембері (келгеннен бері)‚ бармастамбұрын (бармастан
бұрын)‚ меңғой (мен ғой)‚ бүгүңғана (бүгін ғана)‚ содаңгейін (содан кейін)‚ содамбері (содан
бері). Оқшау сөздер тобын құрайтын одағайлар да кейде (өлеңде)
өзінен кейінгі сөзбен
ритмикалық топ құрап айтылады:ейғалқам (ей қалқам)‚ әғұдай (ә‚ құдай)‚ ожалған (о‚ жалған)‚
оғұдай (о‚ құдай)‚ әйғарағым (әй‚ қарағым).
Осы күнгі
апыр-ай (а‚ пір-ай)‚ ойпыр-ай‚ япыр-ай‚ әупірім‚ әттеген-ай‚ ойбай сияқты туынды
одағайлар о баста бунақ құрап айтылған жеке сөздер екені айқын.
Достарыңызбен бөлісу: