Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата20.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#51309
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алғашқы қадам

 
 
3-параграф. 2-жартыжылдық 
16. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді 
дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, жалп сөйлеу 
дағдыларын тәрбиелеу. 
17. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтауды жүзеге 
асыру және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту; 
2) заттарды белгілейтін сөздерді олардың күнделікті өмірдегі әрекетімен 
сәйкестендіре алуды бекіту; 
3) «астында», «артында» үстеулерінің мәнін түсінуді қалыптастыру; 
4) оқылған ертегінің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарды түсіне 
алуды балаларға оқыту; 
5) өткен шақтағы етістіктердің түрін сөйлеуде ажырата алуға арналған 
жаттығу.
18. 
Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген 
фонетикалық рәсімделуімен):
1) «астында», «артында» үстеулерін қолдану икеміне үйрету; 
2) ересектердің қарапайым сұрақтарына балалардың қысқа сөз 
орамдарымен жауап беруі негізінде сөйлеудің диалогтық түрін дамыту; 
3) сөйлеуге үстеулерді енгізу: «анда-мында»; 
4) екі-үш сөзді сөйлемдерді қолдана алуды бекіту; 
5) ересекпен басталған сөйлемдерді аяқтай алуға үйрету (көруге сүйену 
негізінде); 
6) дыбыс еліктеуден тұратын, қарапайым өтірік өлеңдер мен тақпақтарды 
жаттау.
19. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру: 
1) заттардың дыбысталу ретін есте сақтай алуды қалыптастыру; 
2) балалардың дауысын, жануарлардың дауысын ажырата алуды дамыту; 
3) дыбысқа еліктеу тізбегін есте сақтай алуға оқыту.
20. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу: 
1) сөйлеудің ритмикалық бейнесін, интонациясын сәйкесінше айтуға 
үйрету; 
2) буындарда, сөздерде, сөз орамдарында ерте онтогенез дыбыстарын 
және дауысты дыбыстарды айту дағдыларын қалыптастыру; 
3) сәлемдесу және қоштасу кезінде әдептілік формаларын қолдану 
дағдысын дамыту; 
4) суреттегі эмоциялық жағдайды және дене тұрысын, ым-ишара, мимика 
мағынасын анықтай алу икемін қалыптастыру; 
5) қарым-қатынастың вербалды құралдарын белсендендіру.
21. Күтілетін нәтижелер:



1) қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсінеді және құрдастарымен 
қарым-қатынасқа түседі;
2) енжар қолданыста қарапайым әрекеттерді бейнелейтін сөздер және 
кейбір лексикалық тақырыптар бойынша сөздер бар; 
3) тұрмыстық қолданысты заттарды бейнелейтін сөздермен, олардың 
күнделікті өмірдегі әрекетімен сәйкестендіре алады;
4) сөйлеудің қарапайым грамматикалық формаларын түсінеді;
5) оқылған ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарды түсінеді;
6) балалардың дауыстарын, жануарлардың дауыстарын, дауысқа 
еліктеулерін ажырата алады;
7) буындарда, сөздерде және сөз тіркестерінде ерте онтогенездегі 
дауысты және дауыссыз дыбыстарды айта алады;
8) дыбысқа еліктеуі бар өтірік өлеңдер мен қарапайым тақпақтарды 
жаттай алады;
9) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға 
жауап бере алады;
10) екі құрамды сөйлемдермен және бірнеше сөздерден құралған 
сөйлемдермен қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет