Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата20.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#51309
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алғашқы қадам

2 -тарау
Бірінші кіші топ 
(2-3 жастағы балалар) 
 
 
1- параграф.
 «Коммуникация»
 білім беру саласы 
 
7. «Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны бұл топта тіл 
дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
8. Мақсаты қолжетімді сөйлеу құралдарымен сөйлеу қарым-қатынас 
дағдыларын және қоршаған ортадағы адамдардың сөйлеуіне қызығушылықты 
дамыту болып табылады.
9. Міндеттері:



1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) енжар және белсенді сөздікті кеңейту;
3) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
4) түрлі формалар және іс-әрекет түрлерінде ауызша байланыстырып 
сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыру;
5) балаларды бір-бірімен қарым-қатынасқа итермелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық 
10. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді 
қалыптастыру, фонематикалық түсініктердің алғышарттарын қалыптастыру, 
жалпы сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу.  
11. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 
1) қолжетімді лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтау 
және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту; 
2) заттар мен әрекеттерді олардың ауызша атауымен сәйкестендіре алуға 
үйрету, түрлі әрекеттерді түсіне алуды қалыптастыру; 
3) «ма, ме» демеулік шылауларын пайдаланып болымды және болымсыз 
етістік бұйрықтарын дифференциациялау;
4) «үстінде» және «жанында» үстеулерін қолдануды үйрету; 
5) зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата алуды дамыту; 
6) жай сөйлемдерді түсіне алуды дамыту: «бастауыш+баяндауыш», 
«бастауыш+толықтауыш+баяндауыш»; 
7) жанама септіктер сұрақтарын түсінуді қалыптастыру; 
8) заттық және сюжеттік суреттер бойынша қарапайым сұрақтарды 
түсінуін балаларға оқыту.
12. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (бұнда сөйлеудің кез-келген 
фонетикалық рәсімделуі рұқсат етіледі): 
1) қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің 
сөйлеуіне еліктеу қажеттілігін тудыру; 
2) ашық буынды бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді айта алуды 
дамыту; 
3) өзінің есімін, топтағы балалардың, туғандарының есімдерін, 
лексикалық тақырыптар бойынша заттарды атай алуды дамыту; 
4) етістіктер сөздігін кеңейту; 
5) заттарды сипаттау үшін сын есімдердің көмегімен түсін, көлемін, дәмін 
атай алуды дамыту; 
6) қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға оқыту; 
7) сұрақтар бойынша сөз тіркестерін құрастыра алуды қалыптастыру: 
«Қандай?»; 
8) «үстінде» және «жанында» үстеулерін қолдануды үйрету; 
9) кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастырып жасауға 



арналған жаттығу; зат есімдермен «менікі» есімдігін келістіруге арналған 
жаттығу; 
10) суреттер бойынша сөз тіркестерін сын есім + зат есім; зат есім+етістік 
сызбалары бойынша құрастыруды үйрету;
11) кішігірім балалар тақпақтарының және өтірік өлеңдердің сөздерін 
аяқтап айта алуды үйрету; 
12) сұрақтарға қысқа сөз тіркесімен немесе 2-3 сөзден тұратын қарапайым 
сөйлеммен жауап бере алуды қалыптастыру.
13. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру: 
1) дыбыстың орнын және оның бағытын анықтай алу білігін 
қалыптастыру; 
2) дыбысталып жатқан заттың сипатын ажырата алуды дамыту;
3) тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктеуге оқыту.
14. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу:
1) балаларға қарым-қатынас орнатушы сұрақтарды түсінуді үйрету; 
2) қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын түсіне алуды дамыту: 
таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, қарапайым эмоция, ым-ишара, қимыл-
қозғалыс және мимика бар сұрақтар интонациясы; 
3) қолмен еліктеу қимыл-қозғалыстарын орындай алуға үйрету; ым-
ишарамен сәлемдесу немесе қоштасу; интонация: ым-ишараға және мимикаға 
сәйкес, балаларға қолжетімді вербалды құралдарды белсендендіру.
15. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыластарымен қарым-қатынасқа түсе алады, ересектердің сөзіне 
құлақ салады және оның мазмұнын түсінеді;
2) қарым-қатынастың қарапайым вербалды емес құралдарын түсінеді: 
таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, сұрақ қою интонациясы;
3) өткен лексикалық тақырыптар бойынша заттардың белгіленуін, 
тұрмыстық ойын әрекеттерін, заттарды сипаттау кезіндегі қарама-қарсы 
сапаларды білдіретін сөздерді түсінеді (үлкен-кіші);
4) қарапайым қарым-қатынасты-орнатушы сұрақтарды түсінеді; 
5) сюжеттік, заттық суреттер бойынша қарапайым сұрақтарлы түсінеді;
6) жанама септіктердің сұрақтарын түсінеді;
7) атау септігіндегі зат есімдердің жекеше және көпше түрін ажыратады;
8) бұйрық және ашық райдағы қарапайым етістіктерді сөйлеу кезінде 
қолданады;
9) аса қарапайым сөйлемдерді түсінеді;
10) қарапайым заттар мен әрекеттерді олардың сөйлеу белгілеуімен 
сәйкестендіре алады;
11) тұрмыстық орта және өтілген лексикалық тақырыптар бойынша 
заттарды, топтағы балалардың, туған-туысқандардың, өзінің есімін атай алады;
12) кез-келген фонетикалық рәсімделуінде қысқа сөйлемдермен, сөз 
тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіндегі тілдік және тілдік емес 
дыбыстарға еліктейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет