5-тарау. Ересектер тобы
(5-6 жастағы балалар)
1-параграф.
«Коммуникация»
білім беру саласы
56. Бұл топтағы «Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны
тіл дамыту, сауат ашу және жазу негіздері, дыбыс айту қабілеті арнайы түзеу
оқу қызметтерінде жүзеге асырылады.
57. Мақсаты ауызша байланыстырып сөйлеуді және балалардың
шығармашылық белсенділігін дамыту, фонемтикалық есту мен толыққанды
айту дағдыларын дамыту, оқудағы қарапайым дағдыларын қалыптастыру
болып табылады.
58. Міндеттері:
1) ауызша коммуникацияның лексико-грамматикалық құралдарын
белсендендіру;
2) қоршаған орта адамдарымен еркін қарым-қатынас дағдыларын
қалыптастыру;
3) түрлі іс-әрекетте ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтік
және монологтік);
4) дұрыс дыбыс айтуды қалыптастыру;
5) фонетикалық-фонематикалық түсініктерді қалыптастыру;
6) қолдарды жазуға даярлау;
7) түрлі тұрмыстық жағдайларда қарым-қатынас және жүріс-тұрыс
мәдениетін тәрбиелеу;
8) коммуникативті, ойын және түрлі іс-әрекет барысында шығармашылық
белсенділікті, дербестікті, ұйымдастырушылық әрекетті дамыту.
2-параграф. 1-жартыжылдық
59. Тілді дамыту: импрессивті және экспрессивті сөйлеуді ары қарай
дамыту, дамыту, байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтік және монологтік),
комммуникативтік дағдларды дамыту.
60. Импрессивті және эксперссивті сөйлеуді әрі қарай дамыту:
1) қоршаған ортадағы түрлі заттарды сипаттау үшін қажетті заттардың
атауын, әрекетін, сипаттамасын қолдана алуды дамыту;
2) антонимдер, синонимдер, заттардың топталуы бойынша жалпылама
сөздерді қолдану және түсіне алуды үйрету;
14
3) лексикалық тақырыптар бойынша белсендікті сөздікті кеңейту,
молайту және жалпылау;
4) балаларды барлық сөз таптарын қолдануға ынталандыру;
5) арнайы сөздер –терминдерді қолдануды және түсіне алуды үйрету,
мысалы: «қайта айту», «сөйлем»;
6) белгілі бір затқа сипаттамалар мен әрекеттерді және берілген әрекетке
заттарды таңдай алу икеміне үйрету.
61. Диалогтік және монологтік байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) сипаттама әңгімелеуді, заттарды салыстыру әңгімелеуін сюжетті сурет
бойынша әңгімелеуді құрастыру және қайта айтуды, оқылған мәтінді қайта
айтуға оқыту;
2) әңгімені үлгі бойынша, жоспар бойынша, орындалған сурет
құрастыруға үйрету;
3) сызбаға сүйене отыра байланыстырылған, бірізді монологтік сөз
айтуды құруға оқыту;
4) кейіпкердің эмоционалдық күйін көрсете отыра, рөл бойынша оқылған
шығарманың сюжетін ойнап бере алуды дамыту;
5) ересек адамның көмегімен әңгіменің жалғасын және соңынын ойдан
құрастыра алуға үйрету, қарапайым жайылма сөйлемдерді құрастыруға
жаттығу;
6) тәуелдік жалғаулы есімдіктерді қолдануды үйретуді дамыту;
7)
түрлі
материалдар,
өсімдіктер,
азық-түлікке
сәйкестендіру
мағынасымен қатыстық сын есімдерді жасай алу икеміне оқыту;
8) «үстінде», «астында», «ішінде», «одан», «оған», «сонымен»
шылауларын зат есіммен қоса қолдану дағдыларын бекіту;
9) сөйлемді бірыңғай мүшелермен жазуды қалыптастыру, сөйлемде
жекеше және көпше түрдегі, септіктегі сөздерді келістіре алуды бекіту;
10) етістіктерді қосымшалармен құрастыру білігіне үйрету;
11) дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажырата алуға үйрету: сұрау,
лепті, хабарлау дауыс ырғақтары;
12) көпше түрдегі зат есімнің ілік септігінде дұрыс қолданылуын бекіту.
62. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) 3-4 сөзден тұратын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасты
дамыту;
2) сөз сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу
бөліктеріне бөлуді дамыту;
3) сөйлеу ағымында сұрау дауыс ырғағын ажырата алуды, сөйлеу кезінде
сұрау сөздерін қолдана алуды үйрету.
63. Күтілетін нәтижелер:
1) жалпылама мағынасы бар сөздерді қолданады;
2) дербес сөйлеу тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады;
3) қатыстық сын есімдерді жасай алады;
15
4) сөйлеу ағымында дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажыратады:
үйрету: сұрау, лепті, хабарлау дауыс ырғақтары;
5) жай және кейбір күрделі көмекші сөздерді қолданады;
6) бірыңғай мүшелері бар сөйлемді құрастырып жаза алады;
7) көрнекі материалдарға сүйене отыра сюжетті сурет бойынша хабарлы
әңгімелерді, заттар және құбылыстар жайлы сипаттама және салыстырмалы
әңгімелерді құрастырады және қайта айтып бере алады;
8) сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне
бөле алады;
9) кейіпкердің эмоционалдық күйін көрсете отыра, рөл бойынша оқылған
шығарманың сюжетін ойнап бере алады.
64. Жазу мен сауат ашу негіздері: сөйлеудің бірлігі ретінде дыбыс туралы
түсініктерді қалыптастыру, сөйлем құрылымын түсінуді қалыптастыру, ырғақ
сезімін тәрбиелеу, сөздерді буынға бөлумен таныстыру, фонметикалық
талдаудың қарапайым формаларын дамыту, фонематикалық түсініктерді
қалыптастыру, дыбыстарды интонациялық ерекшелеу.
65. Дыбыстың сөйлеу бірлігі ретінде түсінігін қалыптастыру:
1) тілдік емес дыбыстарға назарын аудару, балаларда дыбысқа ерекше
назарын аударуды қалыптастыру, дыбыстың шығып жатқан орнын анықтай алу
икемділігіне үйрету;
2) дыбысталуы бойынша бір-біріне жақын және қарама-қарсы тілдік емес
дыбыстарды салыстыра алуға үйрету. Дыбысқа еліктеу, музыкалық аспаптар,
шиқылдауыш ойыншықтарды қолданумен түрлі қаттылықтағы (қатты-ақырын),
жоғарылықтағы (жоғары-төмен) дыбыстарды қабылдау кезіндегі есту зейінің
дамыту;
3) музыкалық аспаптарды қолдану арқылы «ұзын» және «қысқа», «қатты»
және «ақырын дыбыстау» түсініктерін қалыптастыру, өйлеуге есту зейінін
тәрбиелеу, есту зейініне, сөздің дыбыстық қатпарына есту зейінін дамыту,
сөйлеу дыбыстарын тануға үйрету;
4) дыбыстың нақты есту бейнесін қалыптастыру;
5) бір сөзді қатты және ақырын айтуға болатыны жайлы түсінігін
қалыптастыру, сөздер бірдей және әр түрлі айтылуы туралы түсініктерін
қалыптастыру;
6) дыбысталуы бойынша бірдей және әр түрлі «дос» сөздерді таңдай
алуға балаларды үйрету, балаларды дыбыстың мағына ажыратушылық
қызметімен таныстыру: сөздер бір-бірінен бір-ақ дыбыспен айырмашылықта
болатынын түсіндіру.
66. Сөйлем құрылымын түсінуін қалыптастыру:
1) сөйлемдегі сөздерді естуге ажыратуын, олардың санын және ретін
анықтай алуын қалыптастыру;
2) жеке сөздерді көрнекі бейнелейтін, көмекші орнын басушы құралдар
ретінде – ұсақ текшелер, қолдана алуын үйрету.
67. Ырғақ сезімін тәрбиелеу.
16
1) музыканың орындалу сипатына сәйкес ырғақ қимылдарына оқыту,
еліктеу бойынша қарапайым ырғақты қолмен шапалақтау. Екі-үш ырғақты
белгі материалынан есту зейінің және есту есін дамыту (бес ырғақты белгіге
дейін);
2) ауызша нұсқау және үлгі бойынша ырғаққа баға беруге және
жаңғыртуға, қабылдауға үйрету, ұзын және қысқа паузалармен бөлінген,
ерекше көрсетілмеген ырғақтық құрылымдарды бағалау және қабылдауға
үйрету, және оларды ауызша нұсқау және үлгі бойынша жаңғырту;
3) балалар әндерінің ырғағын тықылдатып ойнау, ырғақтық және
музыкалы-ырғақтық ойындарда ырғақ сезімін дамыту.
68. Сөздердің буындық бөлінуімен танысу.
1) дауысты дыбыстарды белгілеу негізінде сөздердің буынға бөліну
түсінігін балаларға үйрету;
2) балаларды сөздердің буындық бөлінуіне, сөз ішінен буындарды
белгілеуге, сөздердегі екпін белгісін қоюға, екпінді буынды табуға үйрету;
3) балаларды «буын» терминімен және буынға бөлінудің графикалық
жазбасымен таныстыру;
4) бір буынды және екі буынды сөздерді ажырата алуға балаларды
үйрету, балаларды қол шапалағымен, адыммен сөздің созылыңқылығын (сөздің
буындық құрамын) анықтау икемділігіне үйрету;
5) сөз жасам және сөз түрлендіруді қолдану негізінде сөздің дыбыстық
қатпарының өзгеруі оның созылыңқылығының (буындар саны) және
мағынасының өзгеруіне әсер ететіні жайлы балалардың түсініктерін
қалыптастыру;
6) келесі реттегі алдымен ашық, кейіннен ашық және жабық буындардан
құралатын, екі буынды сөздердегі ырғақтық сурет және екпінді буынды дұрыс
айтумен сөздің дыбысты буындық құрылымын қалыптастыру: дауысты
дыбысқа екпінмен [А], [У], [И], [О], [Ы];
7) бірге айтып және қолмен шапалақтап қарапайым сөздердің ырғағын
жаңғырту және қабылдау;
8) етістіктер жұбын айту кезінде 3-ші жақтың осы шақтағы жекеше
түрдегі ашық рай формасындағы етістіктердің дыбыс буындық құрылымын
жаңғыртуға үйрету. Бір, екі, үш буынды сөздердің ырғақты-буындық
құрылымын тықылдату немесе адымдау, қолмен шапалақтау арқылы сөздерді
бөліктерге бөлу кезінде арнайы дидактикалық ойындарды қолдану.
69. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) сөздегі дыбыстың болуын анықтай алу икемділігін қалыптастыру;
2) дыбысталуы бұзылмаған дыбыстарынын, кейіннен түзету жұмысы
жүргізілген дыбыстардың есту және есту айту дифференциациясын жүзеге
асыра алуын қалыптастыру. Атауы нақты берілген материалды, ажыратылатын
дыбыстарды кірістіретін заттық суреттерді бөле алуға үйрету.
70. Фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын дамыту:
17
1) айтқаннан сөзді ерекше белгілеп, сонан соң сөзді буындарға бөлу,
сосын- жеңіл айқындамадағы сөз аясында бір дыбысты ерекше ажырату
арқылы қарапайым фонематикалық талдау дағдысын қалыптастыру;
2) сөздің басында екпінді дауысты дыбысты айқындап көрсету; сөзден
дыбысты айқындап көрсету, сөздегі соңғы және бірінші дыбысты анықтау;
3) дыбысты белгілеу үшін арнайы белгілермен балаларды таныстыру
(бейтарап түсті текшелер: ақшыл сары немесе сұр), сөздің фонематикалық
(дыбыстық) құрылымының негізгі ерекшеліктерімен балаларды таныстыру;
4) П.Я. Гальперин бойынша ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасуын
ескере отырып, екі дауысты дыбыс тіркесі мен дауысты-дауыссыз және
дауыссыз-дауысты түріндегі екідыбысты сөздерге фонематикалық талдау мен
жинақтауды жасауға үйрету: графикалық сызбалар және текшелерге сүйене
отыра фонематикалық талдаудың әрекетін орындау, сурет, дайын графикалық
сызба, текшелер қолдану;
5) жақын таныс сөздерді талдау кезінде дыбыстарды ретімен көрсетуге
және торларды текшемен жаба алу икемділігіне балаларды үйрету;
6) балаларды «дауысты» және «дауыссыз» дыбыстарды ажырата алуға
үйрету. Дыбыстау кезінде ауа ауыз қуысынан еркін шығатын, дауыспен созып
айтуға келетін, ән айтуға келетін «сиқырлы» дыбыстармен балаларды
таныстыру («ән айтуға келетін» (дауысты) дыбыстар). «Дауысты дыбыс»
терминін және оның белгіленуі – қызыл текшені енгізу. Балаларда дыбыстау
кезінде ауа кедергіге ұшырайтын (тіл, тіс, ерін) ән айтуға келмейтін «дауыссыз»
дыбыстар жайлы түсініктерін қалыптастыру;
7) дауыстың қатысуы бойынша дыбысты дифференциациялауға
балаларды үйрету (қатаң-ұяң);
8) жуан және жіңішке дыбыстарды естуге ажырату бойынша алғашқы
біліктерін қалыптастыру;
9) дыбысталуы бойынша сөздерді салыстыра алуға, дыбыс жұптарын
жуандығы және жіңішкелігі жағынан ажырата алып, оларды «үлкен» және
«кіші ағайындылар» деп атауына үйрету;
10) балаларда «үлкен мотор» жуан (р-р-р) деп дыбысталатынын, ал
«кішісі» - жұмсақ (рь-рь-рь) деп әндететіндігі жайлы түсініктерін
қалыптастыру. Сөздердің атауында бар, берілген дыбыстарға сәйкес оларды
топтастыра, балалардың заттық суреттерді негізге алатын ойын тапсырмасы
және ойында аталған тапсырмасын шешу үшін қолдану;
11) сөздің дыбыстық талдауын жасау кезінде сілтеу таяқшасын,
текшелерді, сөздің дыбыстық құрылымының суретті-сызбасын қолдана алу
икемділігіне үйрету;
12) балаларда ересек адамның бақылауында түрлі күрделіліктегі шартты-
белгілік модельді құра алуды қалыптастыру.
71. Фонематикалық түсініктерін қалыптастыру: педагогпен берілген
дыбыстарға сөздерді таңдауына және іріктей алуына үйрету.
72. Дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеу:
18
1) созылыңқы айтуға келетін дыбыстардың айтылуына назарын аударту:
ысқырық, ызың, үнді және басқалары, аталған дыбыстарды созылыңқы айтуға
балаларды үйрету;
2) дауыспен созып айтуға келмейтін дыбыстардың айтылуына назарын
аударту: үзілмелі, еріндік.
3) кез-келген сапалы сипаттағы дыбысты ажыратуға мүмкіндік беретін,
сөздердегі дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеуінің жалпылама
тәсіліне балаларды үйрету;
4) балаларға қолжетімді кішігірім тақпақ диалогтарын, арнайы ойындар,
хормен жүру арқылы сөйлеу тілін интонациялы бейнелеу, еркін мәнерлеп
сөйлеу, дауысты модульдеудің шығармашылық бастамашылдығын дамыту.
73. Күтілетін нәтижелер:
1) «дыбыс», «сөз», «сөйлем» терминдері жайлы алғашқы түсініктері бар;
2) сөздерді буындарға бөле алады;
3) қазақ тілінің екі негізгі тобының – дауысты және дауыссыз, айрықша,
танымды сипаттары жайлы алғашқы түсініктері бар;
4) ересек адамның көмегімен сөздегі дыбыстың ретін орната алады;
5) белгілі дыбыстық құрылымдағы сөздердің және екі дыбысты сөз
тіркестерінің дыбыстық талдауын жүргізе алады;
6) сөздің және дыбыстың ақырын және қатты, жоғары және төмен
дыбысталу ерекшеліктерін талдай алады;
7) сөздердің және сөйлемдердің модельдерін (сызбаларын) қолданады
және түсінеді;
8) дыбыстарды көрсету үшін бейтарап және қызыл түсті текшелер арнайы
белгілерді қолданады және түсінеді.
74. Дыбыс айту: сөйлеу тіліндегі негативизмді жою, еркін есту арқыла
қабылдау мен зейінді қалыптастыру, фонематикалы қабылдауды дамыту,
жалпы және қол моторикасының даму процесінде қозғалыстың кинестетикалық
және кинетикалық негіздерін қалыптастыру, артикуляциялық қозғалыстардың
кинестетикалық негіздерін қалыптастыру, сөйлеу кезінде тыныс алуына үйрету,
дауыс күшін дамыту, дыбыс айтуды қалыптастыру, сөздің буындық
құрылымын қалыптастыру, фонематикалық анализ бен синтезге үйрету.
75. Сөйлеу тіліндегі негативизмді жою:
1) баламен эмоционалды қатынас орнату;
2) баланы бірлескен әрекетке тарту және өзара әрекеттену дағдысын
қалыптастыру. Баланы өз күшіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Ойын әрекетіне
деген қызығушылықты және ойынға қатыса білуді қалыптастыру;
3) артикуляция мүшелерін дамыту.
76. Еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді қалыптастыру:
1) сөйлеу тілдік емес дыбыстарға назар аудару:зейінін дыбысқа
шоғырландыру; дыбыстың шығу көзін анықтау;
19
2) дыбысталуы бойынша қарама-қарсы сөйлеу тілдік емес дыбыстарды
салыстыру, дыбысталуы бойынша жақын сөйлеу тілдік емес дыбыстарды
салыстыру;
3) дыбыстың шыққан көзін және оның бағытын анықтау;
4) заттардың дыбысталу дәйектілігін есте сақтау;
5) есту зейінін ауыстыра білуді, әрекетті сигналдың әр түрлі
дыбысталуына қарай орындау икемділігін дамыту;
6) 2 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды тани және ажырата білу
икемділігін дамыту;
7) музыкалық аспаптың ақырын және қатты дыбысталуын жіктей білу;
8) музыкалық аспаптардың дыбысталу қарқынын (жылдам-баяу) жіктей
білу, музыкалық аспаптардың дыбысталуының басталуы мен аяқталуына деген
әсерін бекіту.
77. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) контраст принципі бойынша оқшауланған дауысты дыбыстарды
ажырату;
2) артикуляциясы бойынша ұқсас оқшауланған дайысты дыбыстарды
ажырату;
3) дыбысталуы бойынша жақын буындарды ажырату,дыбысталуы
бойынша ұқсас дыбыс еліктеулерді ажырату;
4) екі буыннан құралған, дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату;
5) басқа дауысты дыбыстар арасында дауысты дыбыстарды белгілеу.
78. Жалпы және қол қимыл-қозғалысын дамыту процесінде қозғалыстың
кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру:
1) қалып праксисін дамыту (еліктеу бойынша);
2) арнайы жаттығуларда қол қимылын дамыту: қысу, жазу, сілкілеу,
қимыл амплитудасын арттыра отырып, біртіндеп қол басын бұлғау.
79. Артикуляция мүшелерін дамыту:
1) аркуляциялық аппараттың негізгі мүшелері туралы түсініктерді бекіту;
2) артикуляциялық аппаратты еліктеу бойынша орындалатын
артикуляциялық ойын жаттығуларын орындау процесінде дыбысты дұрыс
айтуды қалыптастыруға дайындау;
3) еліктеу бойынша мимикалық бұлшық ет қимылын дамыту.
80. Артикуляциялық қимылдың кинестетикалық негізін қалыптастыру:
1) ерін қалпы туралы түсінікті нақтылау, дауысты дыбыстардың
артикуляциясындағы
ерін
қалпын
анықтау,
дыбыстарының
артикуляциясындағы ерін қалпының өзгеруін анықтау;
2) дыбыс туралы көру-есту түсініктерін тірек ете отырып, көтерілген
және төмен түскен тіл ұшының қалпы туралы кинестетикалық түсінікті
нақтылау,[а] дыбысын айтқан кездегі тіл ұшының қалпын анықтау,[д] дыбысын
айтқан кездегі тіл ұшының қалпын анықтау, [ад] буынын айтқан кездегі тіл
ұшының қалпының өзгеруін анықтау;
20
3)
артикуляциялық
қозғалыстардың
кинетикалық
негіздерін
қалыптастыру: қозғалыстың қажетті көлеміне бағытталған артикуляциялық
моториканы дамыту бойынша статикалық жаттығуларды үйрету: ерінге
арналған артикуляциялық жаттығулар, тілге арналған артикуляциялық
жаттығулар;
4) артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалмалылығын дамыту;
5) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық қалыптарды орындау.
81. Сөйлеу тынысын алуға үйрету:
1) физиологиялық дұрыс тыныс алуды қалыптастыру: еліктеу бойынша
көкеттік кеуде-қабырғалық дұрыс тыныс алуға үйрету (бақылау үшін баланың
алақанын пайдалану);
2) ауыздық тыныс шығаруды дамыту. Мақсатты бағыттылған ауыздық
тыныс алудың ұзақтығын дамыту, ауыздық және мұрындық жіктелген тыныс
алуды шығару;
3) бағытталған ауа ағынын қалыптастыру.
82. Дауыс күшін дамыту:
1) ақырын және қатты дауысты пайдалана білуді дамыту;
2) дауыс күшін өзгертуге үйрету, бір тыныс алғанда дауыскүшін
ақырыннан қаттыға дейін өзгерту икемділігін бекіту.
83. Дыбыс айтуды қалыптастыру:
1) дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын нақтылау.
2) дауысты дыбыстар қатарын жеке, буында, сөзде, сөйлемде дауыс пен
интонацияның әр түрлі күшімен қатты және ақырын айту икемділігін бекіту; әр
түрлі фонетикалық жағдайларда ауыстырып, шатастырып алуы мүмкін дауысты
дыбыстардың дұрыс айтылуын автоматтандыру және жіктеу;
3) ерте онтогенездегі дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуды нақтылау: м,
м', н, н’, п, п’, т, т’, к, к’, ф, ф’, д, д’, в, в’, б, б’, г, г’, әр түрлі фонетикалық
жағдайларда дауыссыз дыбыстардыңдұрыс айтылуын автоматтандыру және
жіктеу;
4) жоқ немесе бұрмаланып айтылатын х, х’, л’, й, ы, с, с’, з, з’, л дауыссыз
дыбыстардың
дұрыс
артикуляциясын
қалыптастыру,
қойылған
дыбыстардыңдауыстыларменжеке, ашық буында, тұйық буында, бітеу буында,
сөзде, сөйлемде тоғысуын автоматтандыру;
5) түрлі фонетикалық жағдайларда дауыссыз дыбыстарды ажырату.
84. Сөздің буындық құрылымын қалыптастыру:
1) қарапайым меңгерілген сөздердің қарқынын қабылдауға және
шығаруға (бір мезгілде айту және шапалақтау) үйрету;
2) буындардың үйлесуін әр түрлі екпінде, интонацияда, дауыс күшінде
айту;
3) сөздерді бір мезгілде айта және шапалақтай отырып, таза айтуға
берілген буындарды дыбыстауға үйрету;
4) екі ашық буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық суретті дұрыс бере
отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
21
5) үш ашық буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық суретті дұрыс бере
отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
6) бір буынды сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта
отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру.
85. Фонематикалық талдау мен жинақтауға үйрету:
1) сөз құрамынан басындағы екпіні дауысты дыбыстарды ажырату;
2) сөздің соңында естілетін дауысты дыбысты ажырату;
3) сөздің ортасына естілетін дауысты дыбысты ажрату;
4) екі дауысты дыбыстан тұратын дыбыс қатарын талдау.
86. Күтілетін нәтижелер:
1) дыбыстың шығу көзін анықтайды;
2) дыбысталуы бойынша қарама-қайшы және жақын сөйлеу тілдік емес
дыбыстарды салыстырады;
3) есту зейінін қосады,әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес
орындайды;
4) 2 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды таниды және ажыратады;
5) музыкалық аспаптардың ақырын және қатты дыбысталуын жіктейді;
6) музыкалық аспаптардың дыбысталу қарқынын (жылдам-баяу)
жіктейді;
7) жеке дыбыстарды ажыратады;
8) дыбысталуы бойынша жақын буындарды жіктейді;
9) дыбысталуы бойынша ұқсас дыбысқа еліктеуді, сөздерді ажыратады;
10) дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелейді;
11) арткуляциялық аппарттың негізгі мүшелерін біледі;
12) ерінге арналған жаттығуды орындайды;
13) тілге арналған жаттығуды орындайды;
14) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығу кешенін
орындайды;
15) мақсатты бағытталған ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды орындайды;
16) ақырын және қатты дауысты пайдалана біледі;
17) дауысты дыбыстарды дұрыс айтады;
18) ерте онтогенездің дауыссыз дыбыстарын дұрыс айтады;
19) бір, екі, үш буынды сөздерде ырғақтық суретті шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |