Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата20.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#51309
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
3-параграф. 2-жартыжылдық 
49. Тілді дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді 
қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, өйлеудің дыбыстық 
мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес 
құралдарын дамыту. 
50. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 


12 
1) жалпылама сипаттағы сөздермен енжар сөздікті толықтыру: тәулік 
бөліктері, жыл мезгілдерінің атауы; 
2) көмекші есімдермен «астында», «жанында» айқындалған, кеңістік 
қатынасын түсінуіне үйрету; 
3) «астында-үстінде», «алдында-артында-жанында», «алыс-жақын» үстеу 
мәндерін түсінуді үйрету; 
4) ұқсас жағдайларды белгілейтін, іс-әрекеттерді ажырата алуды 
қалыптастыру; 
5) етістіктің болымды және болымсыз түрін ажыратуға үйрету.
51. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру: 
1) лексикалық тақырыптар бойынша үстеу, сын есім, етістік, жалпы 
қолданыстағы зат есім есебінен белсенді сөздікті молайту; 
2) сөйлеуде септікті сөз түрлендіруді қолдана алуды дамыту;
3) үш көлемінде сан есімдерді зат есімдермен келістіруді, өздік 
етістіктерді құра алуға үйрету.
52. Байланыстырып сөйлеуді дамыту: 
1) берілген графикалық схема бойынша сөйлемдерді құра алуға оқыту: 
«кім? – сипаты- зат – әрекет»; 
2) «және», «содан соң» жалғаулық шылаулары бар салалас құрамалас 
сөйлемдерді құра алуға оқыту;
3) схема және тірек суреттері бойынша қысқа сипатта әңгімелерді 
құрастыра алуға үйрету; 
4) схема және тіреу суреттері бойынша кішігірім ертегілер мен 
әңгімелерді қайта айтып беруге оқыту; 
5) ертегі ішінен ұсынылған сюжет бойынша сахналауға үйрету.
53. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:
1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің 
алғышарттарын дамыту; 
2) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі–үш буынды сөздерді айтуға үйрету.
54. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын 
дамыту: 
1) сөз сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу 
бөліктеріне бөлуді үйрету; 
2) қарым-қатынастык элементарлы ситуацияларына үйрету. 
55. Күтілетін нәтижелер: 
1) құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түседі, олардың 
өтініштерін орындайды;
2) кейбір үстеулерді мағынасын түсінеді; ұқсас жағдайларды белгілейтін
іс-әрекеттерді ажыратады;
3) кейбір сөз жасам біліктерін меңгерген;
4) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі –үш буынды сөздерді айтады;
5) сөйлеу тілінді жай көмекші сөздерді, жайылма сөйлемдерді қолданады;


13 
6) сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады, сипаттама 
бойынша қысқа әңгімелерді құрастырады және қайта айтып береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет