7
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті әрі қарай дамыту.
«бір-көп» түсінігін сәйкестендіре
алуды қалыптастыру;
2) жекеше және көпше түрдегі зат есім мен етістіктерді түсіне алуды
балаларға үйрету;
3) кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді пайдалануды үйрету;
4) жағдаяты бойынша ұқсас, іс-әрекет мағынасы және белгілері бойынша
қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
5) тәуелдік сын есім түсінігіне оқыту;
6) зат есім және етістіктердің жекеше және көпше түрдегі
грамматикалық
категорияларын түсінуді қалыптастыру.
27. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) тұтас заттың бөліктерін атауды және ажырата алуды қалыптастыру;
2) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыра алуға үйрету;
3) заттардың сапасын және ерекшеліктерін
бейнелейтін сөздермен
балалардың сөйлеу тілін молайту;
4) екі буынды сөздерді екпінді бірінші буынға қоюмен айтуға үйрету;
5) бір буынды сөздерді айтуға үйрету;
6) екі құрамды сөйлемдер және бірнеше сөздерден құралған
сөйлемдермен қолдана алуға үйрету;
7) сөзжасамның алғашқы дағдыларына оқыту;
8) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атау мен ажырату;
9) зат есімнің септік түрін меңгеруге оқыту (табыс, ілік, барыс,
көмектес,
жатыс септіктер);
10) сөйлеуде бұйрық түрдегі етістіктерді қолдану және түсіну;
11) зат есімдердің сын есіммен жақ түрінде, жекеше, көпше түрінде
үйлестіре алуына үйрету («үлкен доп», «жаңа кітаптар»).
28. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген
фонематикалық рәсімделуімен):
1) екі құрамды сөйлемді меңгеруге оқыту («Анам отыр», «Әкем жүріп
келеді»);
2) балалардың күнделікті әрекеті, сурет бойынша, қимыл-қозғалыстарды
демонстрациялау негізінде қарапайым сөйлемді құрастыруға үйрету;
3) сұрау сөйлемдерін құрастыруды оқыту «Бұл не?», «Бұл кім?», «Сенің
есімін қалай?»;
4)
тақпақтар, өтірік өлеңдерді айтуды аяқтайтын жаттығуларды орындау.
29. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуды тәрбиеле;
2) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындауды үйрету;
3) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды
бір,екі,үш буынды сөздерді айта алуға үйрету.
30. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) ситуативті-іскерлік қарым-қатынас түрінде вербалды және вербалды
емес құралдарды жаңғыртуға және қабылдай алу икемділігіне оқыту;
8
2) ойын жағдаяттарын қолдана отыра, вербалды айқын сұрақтар бойынша
диалогтік
қарым-қатынасқа оқыту;
3) қатынас орнатушы сұрақтарды қолдануды және түсіне алуды оқыту;
4) мимика және пантомимика көмегімен достық сезімін білдіру,
сыпайы
түрде өтіну, алғыс білдіру формулаларға оқыту.
31. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамдармен қарым-қатынасқа жасайды;
2) заттарды
олардың
сапалық
белгілері
және
функционалдық
тағайындалуымен сәйкестендіре алады;
3) кішірейткіш-еркелету, тәуелдік мәніндегі сын есімдерді ажырату;
4) мағынасы бойынша қарама-қарсы және жағдайы бойынша жақын
әрекеттер мен белгілерді ажырата алады;
5) кейбір көмекші сөздердің, табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс
септіктердің, зат есім және етістіктің жекеше, көпше түрінің грамматикалық
категорияларын түсінеді;
6) сөз тіркестерін, екі құрамды және қарапайым сөйлемдерді қолданады;
7) сұрау сөйлемдерін құрастырады;
8) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындайды;
9) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды
бір,екі,үш буынды сөздерді айта алады;
10) тақпақтар, өтірік өлеңдерді аяқтап айта алады.
Достарыңызбен бөлісу: