11
1) өзіндік фразалық сөйлеуді қолдануға үйрету;
2) пысықтауыш, анықтауыш, көмекші сөздер және көмекші сөздерсіз
толықтаулармен сөйлемдерді жайылта алу икемін дамыту;
3) кішігірім әңгіме немесе ертегі мазмұны
бойынша сөз орамдар және
сөйлемдерде сөздерді аяқтап айтуға оқыту;
4) ертегілерден үзінді, көлемі бойынша үлкен емес, өтірік өлеңдер,
тақпақтарды жатқа алу икемін дамыту.
46. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:
1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің
алғышарттарын дамыту;
2) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтуға үйрету: сөздің
басында дауысты дыбысы бар сөздер «кітап», сөз ортасында «ыстық», сөз
аяғында «қарт».
47. Қарым-қатынастың вербалды және
вербалды емес құралдарын
дамыту:
1) бала басқа балаларды тыңдай алатын, балалар, ересек адамдармен
қарым-қатынас орната алатын жағдайлар жасау;
2) диалог барысында сұрақтар қоя білуін
және оларға жауап қайтара
алуын бекіту, өтініш және алғыс білдіру кезінде қарапайым сыпайылықты
көрсету алуға үйрету;
3) диалогқа дер кезінде түсуді және әңгімені аяқтауды дамыту.
48. Күтілетін нәтижелер:
1) диалогтік- қарым-қатынастың негізгі түрін қолданады;
2) үлкендерге «сіз» деп айта отыра, сұрақтарға және өтініштерге жауап
береді, құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түсе алады;
3) мағынасы бойынша қарама-қарсы етістіктер мен сын есімдердің орнын
түсінеді;
4) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат
есімдерді қолданады;
5) жекеше, көпше түрінде есімдікті зат есіммен, сын есімді зат есіммен
келістіре алады;
6) кейбір артикуляциялық жаттығуларды орындай алады;
7) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтады: сөздің басында, сөз
ортасында, сөз аяғында дауысты дыбысы бар сөздер;
8) жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: