Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка. Африканың аймақтары


Тақырыбы: Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка



бет11/13
Дата07.09.2022
өлшемі265 Kb.
#38623
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
материктер мен мұхиттар

Тақырыбы: Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка.
4. Африканың аймақтары
5. Солтүстік Африка, Орталық Африка
6. Шығыс және Оңтүстік Африка
Геологиялық құрылымы мен рельефінің біркелігі жағдайында Африкалық үлкен кеңістерінде бір сыдырғы ландшафт сақталады, олар климаттың өзгеруіне қарай бірте – бірте өзгереді. Африка материгінде ендік зоналық басым. Солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналардың ауысуы солтүстік жарты шарда айқын байқалады.
Экватордың екі жағында белдеудің ландшафтары басым. Шығыста биіктік белдеулер өте күрделі көрінісімен ерекшеленеді. Оңтүстікте ендік зоналық үнді мұхиттының ықпалымен күрделенеді, бұлар шығыстан батысқа қарай ландшафтың өзгеруіне әкеліп соғады.
Көрсетілген айырмашылықтар негізінде: Африканы ірі төрт бөлікке бөледі. Солтүстік, Шығыс, Орталық және Оңтүстік. Солтүстік Африка түгелдей дерлік Сахара плитасының шегінде жатыр. Ол екі облысқа бөлінеді: Сахараның шөлді-тропиктік және суданың совомалық облысы.
Солтүстік Африкада ерекше орынды. Солтүстік – батыс бөлігі Атлас облысы алады, ол субтропиктік белдеудің оңтүстік шетінде жатыр және Алып қатарлы белдеуінің тау жүйесіне кіреді.
Атлас облысының табиғат ерекшеліктерінде Жерорта теңізі субтропиктерінен Сахаралық тропиктік шөлдері ландшафтарына өте сипаты байқалады.
Облыс солтүстігі мен шығысында жерорта теңізімен, ол батысында Атлас мұхиттымен шектелген.
Атлас тауында Оңтүстік Испания мен Сицилие тауларымен тікелей жалғасы болып табылатын 2000-2500 м. және қатпарлық жоталар бар. Батыстағы Риф Атлас не Эр-риф, шығыстағы Телль - Атлас. Облыстың оңтүстігінде Атлант мұхитынан Солтүстік шығысқа қарай Биік атылас жотасы созылып жатыр. Тубкаль массив – 4165м-ге жетеді. Солтүстік – шығыстағы Атлас Сахараға дейін созылады. Бұл аймақтың климаты құрғақ, ыстық, қысы жұмсақ, ылғалды климат тән. Батыста жауын шашын мөлшері 800 мм. ден астам. Сахель жазығында, Табыс шығанағында 200-300м. дейін төмендейді. Қыс айларының орташа температурасы +120-150с – ге жетеді. Жазда батыстан шығысқа қарай +240с, С-ге дейін жетеді.
Сахара.
Тропиктік шөлдер Африканың солтүстік бөлігін алып жатыр. Шөл және шөлейт ландшафттар Атлант мұхиттынан Қызыл теңізге дейін, Атлас тауларының етегі мен жерорта теңізі жоғалауынан селегал өзенінің төменгі ағысынан бастап. Год көлі арқылы Нілдегі хортумға дейінгі жерді алып жатыр. Ол эмли км алып жатыр. Нілден батысқа қарай Ливие шөлі үстірті өтеді. Солтүстікте бірте-бірте аласорады, олардың кейбірі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Мысалы қатар ойысы – 133 м –жердегі ең терең құрғақ ойыстардың бірі. Сахараның орталық бөлігін де кристалдың және вулкандық жыныстардан түзілген биік тау қыраттар мен үсттірттер түзілген. Олар: Тибети, Ахаггар, Ифорас. Тибести қаратының ең биік шыңы-сөнген эми-Куси вулканы (3415 м). кратерінің диаметрі 12 км. Сахараның қалған бөлігінде 300-400 м. биіктіктер жатыр. Солтүстік шығыста Ахаггар тау қыратында Тассилин – Адджар үстіртіне, солтүстігінде Тадемоит үстірті, Аптиатласт. Джебель – Боми таулы үстірті. Сахарадағы дюиалардың биіктігі 300м. жетеді. Сахараның көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған қиыршық тас үйіліп жатыр. Бұларды «хомада» деп атайды. Хомаданың қиыршық тасты үйінділерінің арасынан беткейі оқшау үсттірттер – «гара» көтеріліп тұрады. Оның көпшілік бөлігінің климаты шұғыл континенттік, жауын-шашынның жылдық жиындығы барлық жерде дерілік 50 мм-ден аз. Сахарада ауа әрдайым құрғақ және таң тұнып тұрады. Оның салыстырмалы ылғалдылығы өте аз, кейде 25% - тен төмен. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалықтығы 6 м. дейін баратын су қабаты булана алады. Күшті желдер булануды онан сайын күшейте түседі. Тұрақты жазғы желдер – пассаттар солтүсттік – шығыстан құрғақ және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін атмасфералық депрессиялар өте күшті құм және шаң борандар туғызады – Бұл Сахарадағы басты аппатың бірі.
Жазда күннің ыстықтығы +500с-ге жетеді. Ол шаң мен құм ала келетін тұрақты ыстық әрі құрғақ желдер оның үстіне жер атнысын қуыра түседі.
Қыс айларында ауа анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20 – 250 с. шомасында тұрса, түнде қатты шылу қайтару салдарынан ауа 00-ге дейін салқындайды, кейде үсік соғады. Сахараның Атлант мұхитының суық Конар ағысы өтетін жағасын алып жатқан батыс шеті шөлдің басқа бір жоғалық типі болып табылады. Қазіргі кезде шөлдің оңтүстікке, саволмаға қарай ілгеріліп бара жатқаны байқалады. Бұл процесс өте жылдам жүруде. Шөлдің шекарасындағы топрақты малдық топтап тастауды, ағаш пен бұта шабу және өртеу топрақ жамылғысының бұзылуына, құмның көшуіне және су алқаптарының құрғап кетуіне әкеп соғуда. Кейбір деректерге қарағанды, Сахара оңтүстікке қарай шамамен алғанда жылына 1 км жылжиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет