Соөж тақырыбы:­ Қазақстандағы әр түрлі ұлттардың тәрбиелеу ерекшеліктері Орындаған: Ахметбек Аибопе Тексерген : проф. Халитова И. Алматы 2023



Дата08.04.2023
өлшемі174,39 Kb.
#80684
Байланысты:
8-апта СОӨЖ Ахметбек Айбөпе Спис


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ
Тақырыбы:­ Қазақстандағы әр түрлі ұлттардың тәрбиелеу ерекшеліктері
Орындаған: Ахметбек Аибопе
Тексерген : проф. Халитова И.
Алматы 2023

Қазақ халқының Ресейге бодан бол­ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ­станның Ресейдің отары, қазақтардың этно­демографиялық дамуы отарлық-миграция­лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса­тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге­рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға­ны мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын­да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол­түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.
Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы­лық­ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда­ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны­сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақ­тардың өз елінде біртіндеп, көпші­лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді. Енді қазақ халқының этнодемогра­фия­лық даму белестеріне сай, еліміздегі болған көші-қон кезеңдерін байланыстыра оты­рып, ұлтымыздың саны мен құрамын, қыс­қаша болса да, қарастырып өтейік.
Егемен ел болғанымыздан кейін, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс-жақынын тү­гендеп, Отан туы астына жинала бастады. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн.-нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5,5 млн.-дай деген дерек болған-ды. Осыған байланысты қа­зіргі таңда қазақтардың жалпы саны (өз еліміздегілер мен шетелдегілерді қоса есептегенде) 15,5-16 млн. деп айтуға толық мүм­кіндік бар. Бұл қазақ ұлтының көп ғасырлар бойы, талай демографиялық апат­тарды бастан кеше отырып, егемендік жағ­дайында өз еліндегі халықтың көпшілігіне айналуы еді.
Қазақ ұлтының өткен көп ғасырлық тарихи жолына көз салсақ, оның саны мен құрамының ірі-ірі саяси-әлеуметтік және экономикалық бетбұрыстарға байланысты жиі және күрделі өзгерістерге ұшырағанын байқаймыз. Бұл жағдай әсіресе ХХ ғасыр­дың екінші жартысына дейін көптен-көп белгілі оқиғалар арқылы көзге түседі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары эко­номикадағы дағдарысқа байланысты, әлеу­меттік қиыншылықтар көбейген кезде тұр­ғындардың табиғи өсімі құлдырап түсіп кетті: 1987 жылы 18,1 промилле болса, 1998 жылы 4,6 промилле болды (бір мың адамға шаққанда, туу мен өлімнің айырмасы). Осыдан кейін біртіндеп табиғи өсім қайта­дан көтеріліп, 2000 жылы - 4,9; 2005 жылы - 8,05; ал 2009 жылы 13,5 промиллеге жетті, дегенмен әлі де 1980 жылдардағы көрсет­кіш­ке жете алмай отырмыз. Табиғи өсімнің 90% қазақтардың есебінен екенін ескерсек, ұлтымыздың өсуі кең, тура және даңғыл жолға түсіп, болашақта қазақтардың өсіп-өнуі қам­тамасыз етіле бас­та­ғанын көреміз. 2009 жы­лы табиғи өсім 215 мыңдай болғанын ескерсек, келешектегі қазақ­тың саны өсе беретініне сеніміміз күшейе түседі Қала тұрғындары, өнеркәсіп, құрылыс және транспорт салаларында қазақтар үлесі әлі де төмен, өз деңгейінде емес. Әсіресе, кәсіби жұмысшы мамандар, инженер-техниктер арасында ұлттық кадрларды көптеп тәрбиелеу проблемасы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.
«Көш жүре түзеледі» деген ата-баба­ларымыздан қалған сөз бар. Тәуелсіздігіміз нығая түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы­мыз жақсарған сайын, халқымыз­дың, оның ұйытқысы - қазақтардың саны өсіп, құра­мы күшейе түсетіні баршамызға анық және болашақтың кепілі. Бұл үшін республикада ғылымға негізделген әлеуметтік-демография­лық және көші-қон саясаты жүргізілуге тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) https://abai.kz/post/9795
2)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет