Сортамент


Тойтарма шегелі қосылыстар



бет10/55
Дата03.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#78841
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Тойтарма шегелі қосылыстар

Металл конструкцияларын қосылыстардың негізгі тҥрі деп басында тойтарма шегелі қосылыстар саналатын еді. Бірақ осы қосылыстар даярлау технологиясының қиындығына және металл шығынының көптігіне байланысты қәзіргі кезде дәнекерленген және беріктігі ас а жоғары болтты қосылыстармен толық ауыстырылды. Тойтарма шегелі қосылыстарды тек динамикалық және вибрациялық кҥштер әсер ететін конструкцияларда қолданылады, 6 сурет.


Тойтарма шегелер пластикалық қасиеттері жоғары, аз көміртекті және аз легірленген болттардан даярланады (диаметрі 13-31,5мм).
Бірігетін элементтердегі тесіктер болтты қосылыстардағыдай даярланады. Дайындаған тесіктерге тойтарма шегелерді қойып, пневматикалық балғамен шегенің екінші басын құрай даярлайды.

Сурет 6. Тойтарма біріктіру


а – жартылай домалақ басты тойтарма; б – біріктіруге тойтарманы орнату.

Тойтарма шегелерді ыстық және суық әдістермен дайындайды. Ыстықтай орналастыру ҥшін тойтарма шегені 8000С қыздырып, элементтердің тесігіне қойып, екінші басын ұрып тұйықтайды. Тойтарма шеге суығанда көлемі кішірейіп бірігетін элементтерді қысады. Суықтай орналастыру тек зауыт жағдайында жҥргізуге болады (арнайы құралдарды қажет етеді).


Тойтарма қосылыстардың жұмысы дәлдігі жоғары және беріктігі аса жоғары болттардың жұмыстарының ортасынан орын алады, өйткені бірігетін элементтерді қысатын кҥш шамасы әжептәуір, бірақ ығыстыратын кҥшті ҥйкеліс кҥші тҥгел қабылдай алмайды. Сол себепті тойтарма шегелі қосылыстардың есептелуі дәлдігі жоғары болтты қосылыстар сияқты есептелінеді, ал ҥйкеліс кҥштің барлығын олардың есепті қарсыласуын арттыру арқылы ескеріледі. Қазіргі құжатта (ҚРҚЖжЕ 5.04-23-2002) тойтарма шегелі қосылыстардың есептері келтірілмеген, сондықтан бұл сияқты қосылыстарды жобалағанда оған сәйкес ескі құжаттарды пайдалану қажет (Сурет 6).

    1. Болтты және тойтарма шегелі қосылыстардың жұмысы мен оларды есептеу

Болтты және тойтарма шегелі қосылыстарда сыртқы кҥштердің әсерінен бірігетін элементтер өзара біріне-бірі ығысады. Қуыстарға қойылған болттар (шегелер) осы ығысуға кедергі жасайды және оларда деформациялар пайда болады. Болттар (шегелер) қосылыстарда кҥрделі кернеулік жағдайда жұмыс істейді: қосылатын элементтердің жанасу беттерінде ( bs ) қию


кернеулері, жанама қысымдардың әсерінен элементтерде ( bp ) жаншылу кернеулері, болттардың майысуынан (  ) иілу кернеулері және болттарды алдын-ала тартқаннан ( bt ) созылу кернеулері пайда болады.
а) деформациялануы; б) қиылуы ( ns  2 ); в) жаншылуы.
Осы айтылған кернеулер қосылыстардың жұмысына ең ҥлкен әсер ететін қию және жаншу кернеулері. Сондықтан болтты және тойтарма шегелі қосылыстарды бірінші қиылуға және жаншылуға есептеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет