Трасологиялық сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.
Трасологиялық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты, дағдыларды меңгеру.
Трасологиялық сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
Трасологиялық сараптамасын тағайындауға материалдарды дайындау дағдысын меңгеру.
Сабақтың жоспары: Трасологиялық сарапшының нәтижелерінің нысанына және трасологиялық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
Трасологиялық сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
Трасологиялық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5-10 сарапшы қорытындысынан кем емес).
Трасологиялық сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
Тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (5-10 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары: криминалистикалық техника саласындағы «трасология» және «трасологиялық сараптама» қандай өзара байланысы бар;
бүтінді бөлшек бойынша анықтау кезінде қандай объектілер зерттеледі;
трасология мен трасологиялық сараптаманың ғылыми негізі нені құрайды? және трасология объектілерінің сыртқы құрылымының жекелігін қандай факторлер қамтамасыз етеді ?
қандай істер бойынша (әдетте) трасологиялық сараптама тағайындалады?
адамның іздерін (қол, аяқ, аяқ киім, тіс) зерттеу кезінде қандай сұрақтар сараптаманың алдына қойылады?
бұзу құралдарының (құлып, пломба) іздерін зерттеу кезінде сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады?
көлік құралдары мен олардың іздерін зерттеу кезінде сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылады ?
адамның іздерін зерттеу кезінде сараптамаға қандай материалдар жіберіледі?
бұзу құралдарының іздерін зерттеу үшін сарапшыға қандай материалдар жіберіледі?
көлік-трасологиялық сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберіледі ?
объектілерді, материалдарды идентификациялау үшін қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет ?
сарапшыға жіберілетін іздер-дәлелдемелерге, үлгілерге қандай талаптар қойылады ?(оқиға болған жерде алынған қол іздеріне,аяқ киімнің гипстік құймаларына т.с.с.)
сарапшы қандай жағдайларда сараптама жүргізуден бас тарта алады?
трасологиялық сараптама тағайындаған кезде сарапшыға (кейбір кезде) қандай жағдайлар туралы хабарлау қажет ?
трасолог-сарапшы қорытындысының ғылыми негізділігі, толықтығы нені білдіреді ?
зерттеу нәтижесінде трасолог-сарапшымен қандай нәтиже берілуі мүмкін?
сарапшының қандай нәтижелері дәлелдеме ретінде орын алады ?
сарапшы қорытындысының толықтылығы, ғылыми негізділігі нені білдіреді ?
қандай жағдайда және қандай сұрақтарды шешу үшін кешенді сараптама тағайындалады ?