10. Көлікті зерттеу. 1) М/н 562 РТТ, күмістей түсті «Мазда-626» қарау кезінде (фото 1), келесі мән-жайлар анықталды:
сол жақтағы алдынғы металлдан жасалған есікте, жерден 600 мм., 750 мм қашықтықта, және 530 мм. алдынға есіктің діңгегінің екі тесіп өткен дөңгелек тәріздес зақымдар бар, олардың диаметрі 9 мм., шеттері түзу, ішке қарай майысқан, ал есіктің ішкі жағынан шеттері жыртылғандай, зақымдары тік түзулік (фото 4);
оң жағындағы артта орналасқан есікте шеңбер тәріздес зақымдар бар, олардың мөлшері 20*60 мм., олар есіктің шетінен және жердің бетінен 630 мм. қашықтықта орналасқан. Зақымның каналы конус тәріздес, салонға қарай кеңейеді, зақымдардың шенберінде концентрлік және радикалды сызаттар бар (фото 7);
көліктің төбесінің сол жағында майысқан бір зақым жері бар, оның мөлшері 15*20 мм., ол есіктің діңгегінің 25 мм. және алдыңғы терезенің үстінен 510 мм. қашықтығында орналасқан. Майысудың түбі тік түзу трасса ретінде, зақымдардың шеттері түзу емес. Майысудың іздері көліктің бойымен орналасқан, майысудың шеттері көліктің артқы жағына жақынырақ орналасқан және жоғарырақ көрінеді, өйткені, материал көтеріңкіліген. Аталған белгілер жанасқан зақымдар үшін тән (фото 5);
шынының оң жағынан 370 мм. және астыдан 290мм. қашықтықта алдынғы терезеде концентрлік және радикалды сызаттар бар және терезенің жіңішкеленуі орын алады;
көліктің капотында;
капоттың алдынғы шетінен 425 мм. және капоттың сол жақ шетінен 390 мм. қашықтықта майысудың зақымдары бар, олардың мөлшері 15*15 мм.;
капоттың оң жақ шетінен 940 мм қашықтықта майысудың басқа да зақымдары бар, олардың мөлшері 15*15 мм.;
оң жақ айнасында тесіп өткен зақымдар бар, олардың мөлшері 35*35 мм., айнаны жабыстыру жерінен көліктің корпусына қарай 170 мм. және жер бетінен 922 мм. қашықтықта орналасқан.
Майысудың түбі жайпақталған және доға тәріздес формамен аяқталады, зақымдардың шеттері түзу емес, олар алдынғы терезеге жақынырақ орналасқан. Аталған белгілер жанасқан зақымдар үшін тән.
бояу қабатының бетінен 620 мм. және оң жақтағы қанаттан 490 мм қашықтықта тесіп өткен зақымдар бар, олардың мөлшері 25*25мм., зақымның шеттері ішке қарай майысқан.
сол жақ айнаның корпусында тесіп өткен зақымдар бар, олардың мөлшері 10*15мм. және айнаның корпусы көлікке орныққан жерден 140 мм., жер бетінен 980 мм.қашықтықта орналсқан;
алдынға және артқы жолаушының орынының арқалығында екі зақым бар жер бетінен 980 мм. қашықтықты орналасқан.;
алдынға және артқы жолаушының орынының арқалығында доға тәріздес екі зақым бар, олардың мөлшері 10*10 және 10*20, шеттері түзу емес, талшықтардың бос, жіптері бір денгейде орналасқан;
бөктергіде доға тәріздес екі зақым орны бар, диаметрі 5мм., шеттері түзу емес, талшықтардың бос, жіптері бір денгейде орналасқан;
Сонымен, шеттерінің түзу болмағандығы, «Мазда-626» көлігіндегі зақымдар олардың ажырау нәтижесінде пайда болғандығын дәлелдейді.
Жай көзбен және лупа арқылы қараудың нәтижесінде, зерттеліп отырған көлікте жақынан атудың, оның ішінде: оқ-дәрілік газдардың механикалық, температуралық іздері, атудың бықсығы, оқ-дәрілердің қалдықтарының іздері табылған жоқ. Олардың болмауының себебі уақыттың өтуімен түсіндіруге болады.
2) Атудың басқа іздерін анықтау үшін диффузды-контакті әдіс қолданылды. Олар мыс пен қорғасынның іздерін анықтауға бағытталған (ОБЖ 9мм калибрлі мен мыстан жасалған оқ табылды). Аталған әдістің маңызы келесіде: металлдар иондар диффузиясының әсірінен ертіндіге айналады және раектив негізінде пайда болады. Ертінді негізінде 12% аммиак еріндісі (мыс үшін); 25% уксус қышқылы (қорғасын үшін). Реактивті көрсету үшін: лағылсутек қышқылының спирттік ертіндісі қолданылды (мыс үшін); 0,02% радизонат натрия мен сульфит натрия жаңа дайындалған ертінді қолданылады (қорғасын үшін).
Сурет шығаратын қағаз алдын-ала жуылып бекітілетін және ертінділерде ұсталынатын. Объекті мен сурет қағазының арасындағы контакт 15 минуттай орын алады.
Сонымен қатар, келесі мән-жайлар анықталды:
Оң жақтағы алдынғы есік пен артқы есіктің терезесінде орналасқан металлдық бөліктерде, көліктің төбесінде, капотта, оң жақта орналасқан айнаның корпусында, алдынғы терезеде гомогендік дақ ретінде жасыл түсті мыс пайда болды, олардың мөлшері 3*7 мм., 10*40 мм. дейін барады.
Капотта (тесіп өтетін зақымдар мен жаншылған, көліктің сол жақ шетінің қанатына жақынырақ) зақымдар бар, сол жақта орналасқан айнада біртұқымдас дақ ретінде қоныр түсті қорғасын пайда болды, олардың мөлшері 4*8 мм. 15*25 мм. дейін жетеді.
Бақылау үшін ұқсас зерттеулер көліктің бейтарап учаскелерінде жүргізілді. Ол кезде қорғасын немесе мыс пайда болған жоқ.
Зерттеулердің нәтижелерін бағалай отырып, оның ішінде зақымдардың формасы, олардың мөлшерін, зақымдардың пайда болу механизмдерін, бағыттарын, орналасқан жерлерін, кейбір жерлереде мыстың іздерін анықтау, басқа зақымдардың бетінде қорғасынның іздерін анықтау, келесі қорытындылар жасауға алып келеді:
м/н 562 РТТ, «Мазда-626» көлігінде 22 зақым жерлері табылды, олар атудың нәтижесінен пайда болған зақымдар, атап айтсақ:
көліктің төбесіндегі зақым, алдынғы терезеде орналасқан зақым, екеуі капотта орын алады, тесіп өтетін емес, ал жанасудың нәтижесінен пайда болған зақымдар;
оң жақтағы алдынғы есіктегі зақымдар, оң жақтағы айнаның корпусында қалған зақымдар, капотта (екеуінің біреуі жанасудан пайда болған зақымдар), олар қорғасын снарядынан пайда болған кірістік зақымдар, олардың мөлшері 9 мм. дан 25*25 мм;
жүксалғыш жердегі зақымдар, сол жақтағы айнаның корпусында қалған зақымдар.
Оқтардың тік үшудың нәтижесінде, зақымдарды көздеу кезінде кіріс және шығыс жерлерді сәйкестендірудің негізінен (фото 1), анықталды:
оң жақтағы айнаның корпусында қалған зақымдар оң жақтағы артқы есіктің зақымдармен бір сызықта орналасқан, артқы отыратын жердің арқалығы мен жүксалғышта да зақымдар орын алады;
есіктегі зақымдар ешқандай шығыс зақымдарымен көзделмейді;
капотта қалған жанасудың зақымдары алдынғы терезеде қалдырылған зақымдармен бір сызықта орналасқан.
Нәтижелерді бағалай отырып, оның ішінде: қабыршақ оқпен зақымдаған кіріс зақымдарының орналасқан жері, олардың жан-жақта шашылуы, «Мазда 626» көліктегі зақымдар автоматтық емес, ал бір жерден бір реттік атудың нәтижесінен пайда болғандығын дәлелдейді.
Зақымдардың жұптық араласуының болмауы (кіріс және шығыс) және жартылай доға тәріздес ойықтардың жоқ болуы, атыстың бір жерде тұрған көлікке жүргізілгендігін дәлелдейді.
3) Зерттеліп отырған көліктегі зақымдар қандай қашықтықтан атудың негізінде пайда болғанын анықтау үшін, келесі әрекеттер жасалды, олар: аталған оқтың ойықтарына (фото 1) 130-140 см. биіктікке дейін барлық жіптердің қосылу жеріне дейін ақ түсті жіп тартылды, өйткені аталған биіктікте орта бойлы адаммен атыс қаруы ұсталынады және ол адам көлікке қатысты горизонталды бетте орналасқан.
Сонымен, жоғарда көзделген әрекеттерді жүргізудің нәтижелері 6 метрден 8 метрге дейінгі қашықтықтан атыс болғандығы анықтады.
4) Зерттеліп отырған көліктегі қорғасын снарядттардан пайда болған зақымдар қандай қашықтықтан атудың негізінде пайда болғанын анықтау үшін, келесі әрекеттер жасалды, олар: қағаз бетіне болған зақымдардың топографиясы түсірілді. Топографияны зерттеудің нәтижесінде, зерттеліп отырған көлікте 8 тесіп өткен зақымдар болды, олар картечь пен бір қорғасын оқтың тиуінен пайда болды. Аталған зақымдардың орналасуы әр түрлі қашықтықта орын алады және бір шеңберді құрамайды.
Көліктегі зақымдардың топографисын зерттей тұра және аң аулауға арналған патрондардың көп компонентілігінің снарядттау механизімін ескере тұра, ОБЖ 12 калибрлі патрондарға арналаған 3 пыж бен қорғасынан жасалған оқтың табылуы көлікке бірненше рет аң аулау патрондарымен атылғандығын дәлелдейді.
ОБЖ 4 атылған гильзалар табылды, олардың екеуі «ТОЗ-25» №9275 Есимовтен алынған мылтықтан атылды және Есимовтен снарядталған аң аулауға арналаған патрон алынды, оның снаряды мен көліктен алынған қорғасынан жасалған оқтың пайда болу қайнар көздері бір. Сондықтан, салыстырмалы атыс «ТОЗ-25» №9275 мылтықтың моделінен атылды. Салыстырмалы атыс кезінде аң аулау патрондары снарядтталды, мұнда Есимовтың үйінен алынған снаряд пен оқ -дәрілердің ілмегі пайдаланды. ОБЖ алынған картечдың мөлшеріне сәйкес картечь қолданылды (картечьке сипаттама 9 тармақта көрсетілген), 22,4 г. снаряд ілмегі пайдаланылғанда 16 калибрлі оқ-дәріге 5-6 картечь кіреді.
Атыс қатырмалық нысанаға жүргізілді және «Мазда 626» көлігіне 4м; 5м; 8м; 15м; қашықтықтан атылды, картечь іздерінің көлікке шашырап тию мөлшеріне сәйкес.
Салыстырмалы атыстың нәтижесінде келесі мән-жайлар анықталды:
4 м. қашықтықтан атқанда, картечьдың екпіндеуі доға тәріздес, мөлшері 45*70 мм. (фото 49);
5 м. қашықтықтан атқанда, картечьдың екпіндеуі доға тәріздес, мөлшері 120*130 мм. (фото 50), картечиннің іздер аралығы 45 мм. ден 125 мм. дейін;
8 м. қашықтықтан атқанда, картечьдың екпіндеуі доға тәріздес, мөлшері 160*200 мм. (фото 51), картечиннің іздер аралығы 50 мм. ден 200 мм. дейін;
15 м. қашықтықтан атқанда, картечьдың екпіндеуі доға тәріздес, мөлшері 170*220 мм. (фото 51), картечиннің іздер аралығы 35 мм. ден 220 мм. дейін.
Көліктегі салыстырмалы зақымдардың локализациялаудың салыстырмалық зерттеудің нәтижесінде анықталды: картечь іздерінің шашырап тию локализациясының біршама ұқсастығы, олар зерттеліп отырған көліктен картечь іздерінің шашырап тию 8м. қашықтықтан алынды.
Қорта келгенде, м/н 562 РТТ, «Мазда-626» көлігіне 8 м. қашықтықтан көпэлементті аң аулау снарядымен ату болғандығын айтуға болады.
Сұрақты үзілді-кесілді нысанда шешуге болмайды, өйткені, зерттеліп отырған көлікте қорғасын оғымен бірге картечьден қалған ойықтар табылды, ОБЖ 12 калибрлі патрондарға арналаған 3 пыж алынды.
Жоғарда аталған мәселер көлікке бір емес, бірнеше рет аң аулау снарядымен ату болғандығын дәлелдейді және көлікке кір атудың картечьбен қалған іздері болуы мүмкін. Осыған қатысты, неше рет атыс болғаның және олардың реттіліген, нақты қандай қашықтықтан атқандығын анықтау мүмкін емес.
НӘТИЖЕ 1. ОБЖ алынған бес оқ зауытта дайындалған, олар жауынгерлік пистолетінің патрондарынан атылған және 9 мм. калибрлі Стечкина, Макарова жүйелік пистолеттерінен атуға арналған.
2. ОБЖ алынған бір оқ зауытта дайындалған, 5,45 мм. калибрлі Калашникова АК-74 жүйелік автоматынан атуға арналған.
3. 9 мм. клибрлі бес оқтың төртеуі материалдарды салыстыру негізінде мылтықты идентификациялау үшін жарамды.
4. 9 мм. клибрлі төрт оқтың екеуі бір даналық мылтықтан атылуға қатысты мылтықты идентификациялау үшін жарамды.
5. ОБЖ алынған және зауыттық тәсілмен жасалған оң бір гильза жауынгерлік пистолеттің патрондарынын гильзалары болып табылады. Ол 9 мм. калибрлі Макарова жүйелік пистолетінен атуға арналған.
6. Оң бірдің сегіз гильзалары бір даналық қарудан атылған, қалған үшеуі бір даналық қарудан атылған.
7. ОБЖ алынған оң сегіз гильзалар автоматтық жауынгерлік патрондардың, зауыттық әдіспен жасалған гильзалары болып табылады және 5,45 мм. калибрлі автомат АК атылуға арналған.
8. Аталған гильзалар бір даналық қарудан атылған.
9. Есимовтен алынған үш мылтық отпен атылатын, тегіс оқпанды, аң аулауға араналған мылтық болып табылады, олардың ішінде:
- бір мылтық «ТОЗ-25» №9275 модель;
- екі мылтық МЦ21-12 модель, біреуінде №7131, екіншісінде №4283.
10. Аталған мылтықтардың соғып-түсу механизмі дұрыс және атуға жарамды.
11. Аталған мылтықтардың түсу шүріппесіне баспай, олар өз бетімен атылмайды.
12. ОБЖ алынған төрт гильза аң аулау патрондарынан атылған және тегіс оқпанды аң аулауға араналған мылтығынан ату үшін жарамды, бір гильзасы 12 калибрлі, екіншісі 16 калибрлі.
13. Көрсетілген үш гильзалардың біреуі 16 калибрлі, маркировкасы»16-91» «ТОЗ-25» №9275 мылтықтын сол жақ оқпанынан атылған, екіншісі «16-88» маркировкасы бар гильза мылтықтын оң жақ оқпанынан атылған.
14. ОБЖ алынған үш пыж оқ-дәрілік пыждардан атылған, зауыттық тәсілмен дайындалған және тегіс оқпанды 12 калибрлі мылтықтың патрондарын снарядтау үшін жарамды.
15. Аталған пыждар Есимовтің үйінен алынған пыждармен пайда болу қайнар көздері әр түрлі.
16. м/н 562 РТТ, «Мазда-626» көлігінде 22 зақым орындары табылды, олардың ішінде:
көліктің төбесіндегі зақым, алдынғы терезеде орналасқан зақым, екеуі капотта орын алады, тесіп өтетін емес, ал жанасудың нәтижесінен пайда болған зақымдар;
оң жақтағы алдынғы есіктегі зақымдар, оң жақтағы айнаның корпусында қалған зақымдар, капотта (екеуінің біреуі жанасудан пайда болған зақымдар), олар қорғасын снарядынан пайда болған кірістік зақымдар, олардың мөлшері 9 мм. дан 25*25 мм;
жүксалғыш жердегі зақымдар, сол жақтағы айнаның корпусында қалған зақымдар.
17. «Мазда-626» көлігіне атыс қабыршақ оқтармен тиілді, олардың қашықтығы 6м – 8м дейін жетеді және қарудың биіктігі 130-140 см. биіктікке дейін барлық жіптердің қосылу жеріне дейін ақ түсті жіп тартылды, өйткені аталған биіктікте орта бойлы адаммен атыс қаруы ұсталынады және ол адам көлікке қатысты горизонталды бетте орналасқан.
18. м/н 562 РТТ, «Мазда-626» көлігіне 8м қашықтықтан көпэлементті аң аулау снарядымен ату болды.