5 Тақырып: Заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасы.
Сабақтың мақсаты:
Заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірибесін түсіну мен бекіту.
Заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
Заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
Заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасын тағайындауға материалдарды идентификациялық және идентификациялық емес сұрақтарды шешу үшін дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).
Сабақтың жоспары:
заттар мен материалдардың криминалистік сарапшының нәтижелерінің нысанына және заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (5-10 сарапшы қорытындысынан кем емес).
заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасын тағайындаудың тәжірибелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (5-15 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары: криминалистикалық техника саласындағы «заттар мен материалдардың криминалистік зерттеу» және «заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының» қандай өзара байланысы бар;
аталған криминалистикалық салада және заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасында қандай объектілер зерттеледі;
қандай істер бойынша заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасы тағайындалады;
заттар мен материалдардың криминалистік зерттеу мен заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының ғылыми негізін не құрайды;
заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының мүмкіндіктері қандай: лакпен боялған материалдар, талшық материалдары және олардан жасалған бұйымдар, металлдар олардан жасалған бұйымдар, шынылар олардан жасалған бұйымдар, наркотикалық заттар, есірткі заттар, дәрі-дәрмектер, өсімдіктер т.с.с.;
сарапшының алдына қандай идентификациялық сұрақтар қоюға болады;
идентификациялық сұрақтар қойғанда сарапшыға қандай материалдар жіберіледі;
идентификациялық емес сұрақтар қойғанда сарапшыға қандай материалдар жіберіледі;
заттар мен материалдардың криминалистік зерттеу сараптамасында үлгілердің ұғымы нені білдіреді;
қандай тергеу әрекеттерінің шеңберінде заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасының үлгілері мен объектілері табылады, алынады және бекітіледі;
қандай жағдайларда сарапшы сараптама жүргізуден бас тарта алады;