Сабақтың жоспары: сот-баллистикалық сарапшының нәтижелерінің нысанына және сот-баллистикалық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
сот-баллистикалық сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
сот-баллистикалық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (10 сарапшы қорытындысынан кем емес).
сот-баллистикалық сараптамасын тағайындаудың тәжірибелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (5-10 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары: криминалистикалық техника саласындағы «сот баллистикасы» және «баллистикалық сараптама» қандай өзара байланысы бар;
сот-баллистика мен сот-баллистикалық сараптаманың ғылыми негізін не құрайды ?
ату қару жарағын, оқ-дәрі (патрондар), атудың іздерін, саймандар мен материалдарды зерттеу кезінде сот-баллистикалық сараптаманың мүмкіндіктері қандай?
ату қаруын зерттеу кезінде қандай идентификациялық және идентификациялық емес сұрақтар шешіледі?
оқ-дәрілерді (патрондар), саймандар мен материалдарды зерттеу кезінде қандай идентификациялық және идентификациялық емес сұрақтар шешіледі?
атудың іздерін зерттеу кезінде сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюға болады ?
сот-баллистикалық сараптаманы тағайындағанда материалдар мен саймандарды зерттеу қажеттілігі қандай мән-жағдайларда туындайды?
ату құралдарын, оқ-дәрілерді, атудың іздеріне қатысты сараптама тағайындағанда сарапшыға қандай материалдар жіберіледі?
сарапшыға жіберілетін заттай дәлелдемелерге және үлгілерге қандай талаптар қойылады ?
сарапшыға жіберілетін ату қаруын қараудың тәртібі қандай ?
қандай жағдайларда сарапшы сараптама жүргізуден бас тарта алады?
баллистикалық сараптама тағайындаған кезде сарапшыға қандай жағдайлар туралы хабарлау қажет ?
баллистик сарапшы қорытындысының ғылыми негізділігі, толықтығы нені білдіреді ?
зерттеу нәтижесінде сот-баллистімен қандай нәтиже берілуі мүмкін?
сарапшының қандай нәтижелері дәлелдеме ретінде орын алады ?
қайталама, қосымша баллистикалық сараптаманы тағайындау үшін қандай негіздер болу керек ?
қылмыскермен ату қару жарағы қолданылса кешенді сараптама тағайындалады ма және ол қандай сұрақтарды шешуге бағытталған ?
баллист сарапшы мен дәрігер сарапшы бірлесіп зерттеу жүргізуі мүмкін ба және қандай сұрақтарды шешу үшін мұндай комиссия құрылады?