Сот сараптамасы бойынша есептер



бет22/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.


1 Есеп.
Наталья Михайловнаның ерлі-зайыбы инженер Гаринге қатысты қылмыстық іс қозғалды, Гарин өзінің жұбайысын Наталья Михайловнаны суға батырып өлтірген. Тергеу барысында, Наталья Михайловнамен бұрын да абайсызда жағдайлар орын алатын, бірақ, дәлелдемелердің болмауына қатысты іс тоқтатылатын. Тергеуші болған жағдайдың материалдарын сұрап зерттеді. Оның мәні келесіде: Н.Михайловна дачасында консервіге ұқсас зат тапты, оның бір жағында дөңгелек тәрізді тесік болды, ал екінші жағында корпусынан шығып тұрған қозғалмалы деталь болды. Әйел, сол жерде детальды басып, нәтижесінде, денесіне көптеген жарақаттар алды. Мұның барлығы жолдасының қатысуымен орын алған жағдайлар және ол ең алдымен бұл затқа назар аударды.
Тергеуші бұл заттың не екендігін анықтау үшін сараптама тағайындады.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



2 Есеп.
Орталықтағы зергелік дүкенге қарақшылық жасалды. Оқиға болған жерде үш оқ табылды, олардың біреуі қатты зақымдалған. Дүкен күзетшісінің мәйітінен сот-медициналық сараптама жүргізілген кезде, денесінен оқ алынды. Барлық оқтардың калибрі бірдей 9 мм.болды.
Жедел-іздестіру шараларымен қылмыстық топтың ішінен екеуі ұсталында. Тінту кезінде, олардың біреуінен В. екі сақина, жүзік, 2 пышақ, кастеттер, сол сияқты сейфінен Макаров жүйелі пистолеті табылды. Зергерлік бұйымдар дүкеннен ұрланған бұйымдарға ұқсас болды. Екінші ұсталынған К. үйінен револьвер «Наган», зергерлік бұйымдар (сақина, жүзік, білезік) табылды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?

  4. Қандай тағы да сараптамалар тағайындалуы мүмкін және қандай сұрақтарды шешу үшін қажет ?



3 Есеп.
Кедендік жіберуші N. пунктісінің ішіндегі едеңде кеден қызметкер майордың мәйіті табылды. Оның тізесінде Макаров МН№7741 жүйелі пистолеті табылды. Оның калибрі 9 мм. 1964 ж шыққан пистолет. Пистолетті қарау кезінде, патрон салатын жері бос болды. Оқпанның каналынан жанған бытыраның иісі сезінді. Іздерді сақтау үшін пистолеттің ауызының қиылуына қалпақ киілді. Пистолеттің магазинінде үш патрон болды.
Оқиға болған жердегі кіре берісте дөңгелек тесігі болды, диаметрі 9 мм., тереңдігі 18 мм. болды. Ол жерден оқ алынды. Мекеменің ішіндегі едеңде кіре берістегі есіктен 150 см. қашықтықта цилиндр тәрізді пистолет патрондық гильза табылды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



4 Есеп.
30 желтоқсан 200. АІІБ полиция қызметкерлері Самбетбаев З. бен Нусубеков У. қызметті өтуге қатысты нұсқауды өтуі бойынша «Макаров» жүйелі қызметтік пистолеттерді алды. Олардың сериясы ИС және СТС №8691 және 8823, екі обоймасында 8 патроны бар. Кешкі 21.00 уақытында объектіні қарусыз қалдырып алкогольды ішімдік ішуге кетті. Мас күйінде азаматтарға тиісіп және пистолет арқылы қорқыта бастады. Азаматтардың пистолетті алып тастау өтініштеріне назар аудармай, Самбетбаев азамат Азербаевты сол жерде атып, барлық қашып бара жатқан адамдарды ата бастады. Азербаев сол жерде мерт болды. Сонымен қатар, оқиға болған жерде азамат Шахов пен Герман қайтыс болды. Содан кейін Самбетбаев өзінің басына атты. Оқиға болған жерде 9 гильза, 3 оқ табылды, сот-медик сарапшыларымен 4 оқ мәйіттердің денесінен алынды. Нусубековты ұстау кезінде, одан СТС №8823 пистолеті алынды, обоймасында 7 патрон болды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



5 Есеп.
Азамат К.Малидованы тұтқынға алған қылмыстық топты ұстау барысында, жедел-іздестіру қызметкерлері оны босату үшін ату қаруын қолданған. Жедел-іздестіру қызметкерлерінің бірінің мойнына атудың нәтижесінен қатты зақым келді. Оның денесінен дәрігерлер операция жасау кезінде екі оқты алып шықты. Оқтың біреуі қатты зақымдалудың нәтижесінен идентификациялауға жарамсыз болды, екіншісі қатты деформацияланған және 9 мм. калибрлі оқ болып шықты. Оқиға болған жерде атудан жарақат алған екі мәйіт табылды. Ол мәйіттердің біреуінің денесінде зорлаудың белгілері жоқ К.Малидова болып шықты. Мәйіттерді қарау кезінде, біреуінің жарақаты тесіп өткен жара, ал екінші мәйіттің кеудесінде оқтан қалған екі тесік болды.
Оқиға болған жерде 12 оқ, олардың біреуі қызыл түсті затпен жағылған. Сот медик сарапшыларымен қылмыскердің денесінен зақымдалған екі оқ алынған.
Қылмыскерлерден оқиға болған жерде Макаров жүйелі 2 пистолет және автомат АКМ алынды. Аталған қарулардың сериялық нөмерлері өшірілген.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



6 Есеп.
Өрттің болуынан бір жұма бұрын, ауылда тұрақты жұмыс орны жоқ, азамат Н.Салодский пайда болды. 12 мамырда кешке ауылдың тұрғыны М.Кузьмичев барлық бидай жиналған сарай жанып жатқаның байқады. М.Кузьмичевтың айқайына оның үлкен ұлы Петр үйінен шығып жаңып жатқан сарайдан қашып бара жатқан адамды байқады. Кузьмичев Петр мылтықты алып қашып бара жатқан адамның артынан кетті. М.Кузьмичев бірнеше рет ескерту ретінде аспанға мылтықтан атты, бірақ, бұл жағдайға, қашып бара жатқан адам мән берген жоқ. Петр жасырынып, бара жатқан адмды қуа жетпекші болғанда, ол бұрылып Петрге револьверден оған қарай атты. Осының нәтижесінен, Петрдің сол жоқ аяғы зақымдалды. Қашып бара жатқан адам тағы тоқтап, Петрге револьверден атпақшы болды, бұл кезде Петр оған мылтықтан ата бастады, бірақ ол қуыстарға қарай жасырынып кетті.
Өртті тоқтатты, бірақ Кузьмичевқа үлкен залал келтірілді.
Оқиға болған жерді қарау кезінде, сарайдың қасында иісі бойынша керосинге ұқсас сұйықтық табылды, бақшада өзен жаққа қарай бағытталған көлемді аяқтың іздері табылды. Жақсы сақталған іздерден гипстік құймалар жасалды. Қуыс жақта, өзеннің жағалауындағы құмда қанның іздері және қан іздері бар бірнеше шүберектер табылды. Бұл заттар хаттамаға сәйкес, оқиға болған жерден алынды.
13 мамырда жеке тәжірбесімен айналысатын дәрігер Е.Коркинге Салодский келді, өзінің денесіндегі жарақаттарды аң аулау кезінде досымен байқаусызда зақымдалғанның түсіндірді. Оң жақтағы кеудесінен дәрігер 6 мыстан жасалған бытыраларды алып шықты.
Жауап алу барысында, Кузьмичевтер өз мылтығын көрсетіп, олар қолдан жасалған бытыралардан және бір қорап бытыра бар екендігін айтты.

  1. Баллистикалық сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  2. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?

  3. Қандай тағы да сараптамалар тағайындалуы мүмкін және қандай сұрақтарды шешу үшін қажет ?



7 Есеп.
ЖҚО-ның күзетшісі С.Ақбаровтың Н.Зуйковты өлтіруіне қатысты келесі мән-жайларды айтады: азамат Зуйков оған көлікпен келіп, тәулік бойы жұмыс істейтін айырбастау пунктісінің қайда екндігін сұрады, содан кейін күзетші Акбаровтың қасына келіп, оның қаруын алу мақсатында оны ұра бастады. Өз өзін қорғау мақсатында күзетші Н.Зуйковты атты.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



8 Есеп.
5 қыркүйек 200..ж. мекеменің (УЧ/112-2) санитарлы бөлімнің басшысы болып жұмыс істейтін Иппалитов К. азаматы 23.00 уақытында үйіне келген. Үйде әйелімен ұрысты. Пәтерден атудың дауысы естілді, Ипполитов далаға шығып, көршілерге әйелінің өз өзін атқандығын айтты.
Оқиға болған жерді қарау кезінде, әйелі А.Ушкованың мәйіті өзінің төсек орнында табылды, басының оң жағында атудың іздері көрінді. Оң жақ қолында, Беби моделінің пистолет браунинг жатты. Пистолеттің магазинінде екі оқ болды, ал оқпан каналында қалып (заклинившаяся) қалған оқ болды. Мәйіттің басынан оқ алында және төсегінде гильза табылды.

    1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ?

    2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

    3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?



9 Есеп.
Азамат В.Смирновпен болған оқасыз жағдайға қатысты, қатысушылармен келесі мән-жайлар анықталды: Смирнов өзінің достары М.Митков, К.Хромовпен аң аулаудан үйге қайтып келе жатып, соқпақпен астыға қарай көлік жаққа түсіп келе жатқанда, оқасыз жағдай орын алды. Алдында Смирнов, одан кейін Хромов, үшінші болып Митков келе жатты. Екі оқпанды мылтық М.Митковтың иығында асылып тұрған, патронникте бір оқ қалған, Хромов өзінің мылтығын оған дейін көлікте қалдырып кеткен. Түсіп келе жатқан жер жаңбырдан кейін кішкене ылғал болды. М.Митковтың айтуынша, ол жығылып құлай бергенде, мылтықтың шүйдесі соғылып, алдында келе жатқан Смирновқа атылды, ал Хромов бұл кезде ұшу снарядының траекториясынан тыс жерде болды. Өз өзінен атыс болды. Хромовтың айтуынша, ол құлау мен атыстың дауысын естей бергенде, бұрылып қарағанда М.Митков арқасында жатқандығын, ал мылтық қасында жатқандығын, мылтықтың оқпаны төменге қарай бағытталғандығын байқады.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ? Аталған жағдайға қатысты тергеу экспериментін немесе сараптама жүргізу қажет па ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет