Совет–Хан Єаббасов



бет7/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   294
Байланысты:
treatise70934

8. ҮШ ЖҮЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бұл ұғымның мәні неде? Қандай мазмұнға иелік етеді? Мүмкін, тіпті халықтық қасиетімізді асылдандырып, жаратылысымызды жаңғырта, тегімізді мәйектендіретін биологиялық заңдылыққа, иә физио-психологиялық факторға жата ма? Немесе семьялық дәстүрге береке-бірлік қосарлықтай, шапағаты мол аса ықпалды құбылыс па? Әлде иісі қазақтың туысқандық салт-санасына жағымды әсер етер, әлпештеуге тұрарлық заңдылықтардың жүйесі ме екен? Кәнеки, осы сауалдарға алты алаштың баласы болып толғанып та, ойланып та көрелікші ?!..


Сонда, толғантқан ой мен жүйеленген тұжырым бойынша үш жүз деген ұғым - саналы жанды ауыр азапқа жетелейтін, жұртымыздың тұтастығы мен бірлігіне қаяу түсіретін, ішкі‑сыртқы жауыңа ғана қажет, аса ауыр теріс психологияны қалыптастыратын, өте жайсыз лаңы мол ұғым екенін аңғару қиын емес. Ендігі жерде «үш жүз» мәселесін барынша ашып, оның астыңғы ағысындағы апатты иірімдердің сырына үңілген жөн сияқты. Егер де қазақ халқын жаратылыс берген тегіне орай, оны Гауһар тасқа баласақ онда қазіргі түсініктегі «үш жүз» ұғымы осы асыл тасты іштей кеуектеп жатқан қарабас құрт тәрізді сипатта десек артық айтқанымыз емес.
Әйтседе, жоғарыдағы айтылған сауалдардың жауабын іздесек тарихи деректердің ізі, ескіден келе жатқан жазбалар мен шежірелер ауқымы, халқымыздың ең елеулі хандарының бірі болған Хақназар заманына апарып телиді. Себебі, қазақ халқының мекен-жайын Хақназардан асырып ұлғайтқан да, сол кеңістікті ұзақ жылдарға тұрақтандырған ерен еңбегімен бұрынғы және соңғы хандардың, ешқайсысы да онымен шендесе алмайды. Міне, осынау алып даланы басқару үшін "үш аймақ" немесе "үш жүз" деген ұғым өмірге еніп, бүгінгі таңда бейне «туыстықтың шекарасы» тектес түсініктерге ауысып, өзінің аса жайсыз әсерлерін тигізуде?! Мұның мәнін дер кезінде ұрпағымызға ұғындырып бермесек келешек күндерде оның жамандығы геометриялық үдемелікке ауысуы ғажап емес. Байқап аңғарсаңыздар, бұл кәдімгі республикамыздағы кешегі 19 немесе бүгінгі 14 обылысымыз тәрізді мәні мен мағынасы бар түсінік қана екен. Бұдан қазақ халқы 19 жүз иә 14 жүзбіз деп бөлініп отырған жоқ қой. Олай болса, үш жүздің мәні мен мағынасы осылайша айқындала түсіп, бірақ оның орнығып қалған ұғымына келешек ұрпақ тәрбиесінде, арнайы түсініктер жүргізбесе болмайды. Ендеше, осы тектес басқа халықтың өміріндегі бір мысалға көңіл аударып көрелік. Қай жағынан да еңселі елдің бірі болып саналатын неміс халқы екінші дүниежүзілік соғыстың лаңынан кейін, Берлин қаласын екіге бөліп тастаған «темір-бетон қабырғасы» қолдан тұрғызылып, 30-ақ жылдың ішінде сол халықтың бүгінгі ұрпақтарының арасында, қаншама қиянат пен қиыншылықтардың себебіне айналып отырғаны белгілі. Мінеки, бұл сырттағы тұрғызылған қабырғаның әсері?! Ал біз айтып отырған «үш жүз» деген ұғым, бұл сырттағы қаланған қабырға емес, іштегі болғанда да, психиканың өзінде қалыптасып келе жатқан бөлектену мен жат болудың жолы десек артық айтқанымыз емес?! Мынау егемендігімізді алып, жеке мемлекет болғалы жатқан алғашқы уақытта-ақ, мұны қолға алынуға тиісті ұлттық тәрбиеміздің бірегейі деп есептеген жөн. Қазірдің өзінде-ақ қайбір топ құрғыш «данышпандар» үш жүз туралы ұғымды, туыстықтың шекарасы тәрізді қолданып жүр. «Үш жүз» ұғымы шын мәнінде халқымыздың қандас туысқандығына да, оның тектік қасиеттеріне де үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығының дәлелі көп. Мәселен, жоғарыда аталған тарихты зерттеуші ғұламалардың еңбектерінде келтірілетін көне Қытай жазбаларындағы деректер, осы айтқандарымызды айдан анық етіп дәлелдейді. Мысалы, бір кездегі аса мықты Байырқу тайпасынан сегіз-оғыз (наймандар), тоғыз-оғыз (керей мен уақтар), он екі ата Байұлы мен керделі-керейттер - тарақты мен жалайырлардың тарайтындықтары айтылады. Міне, бір ғана осы деректен-ақ, бөлектене кетуге әзір тұрған үш жүзіңнің күлпаршасы шықпай ма ?! Айта берсе тарихи мысалдар толып жатыр, бірақ оқулық үшін оның бәрін тізбектеп жатудың қажеті жоқ сияқты.
Ел басқарудағы түсінігі мен тұлғасы ерек Хақназар хан бір қазақтың қамын ғана емес туысы бір түркі тілдестерді жақындастырамын деп жүргенде, Ташкент билеушісінің жансыздары, оған қастандықпен 1580 жылы у беріп өлтіреді. Одан кейін Қазақ хандығының басына Шығай (1580- 82жж.), Тәуекел (1582-98 ж.), Есім (1598-1628жж.), Жәңгір (1645-52жж.), Әз-Тәуке хан (1680-1718жж.) келді. Сол Әз-Тәуке өлгеннен кейін манағы біз айтып отырған «үш жүз» атты Қарабас құрттың қозғалуымен Қазақтың гауһар тастай беріктігінің быт-шыты шығып, үш хандыққа бөлініп кетті. Оның ақыры халықты «Ақта-бан шұбырындының» қасіретіне батырды. Сол бөлінушіліктен кейін 300 жыл бойы Орыс империясының бодандығында жүріп, мәңгүрт болудың аз-ақ алдында - Алланың рахымымен егемендігімізді алып, енді ғана жас мемлекетіміздің шаңырағын көтерудеміз. Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесі үшін бұл тақырыпты арнайы сөз етіп отырмыз.


ІІ. УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ХХ ‑ ғасырдың соңғы 15 жылы, алай-дүлей аласапыран уақиғаларға толы болды. Өйткені, Евразия құрылығын түгелге жуық алып жатқан қаһарлы КСРО атты империя ауруға шалдығып, адамзат тарихында бірінші рет қан төгіссіз империяның ыдырауы басталған-ды. Оның құрамынан бөлініп шыққан он бес мемлекет, жаңадан өз шаңырақтарын көтеріп жатты. Осылайша, ол бүкіл жер бетіндегі адамзат қауымына әсерін тигізіп, уақыт тынысымен ғасыр ауысып, қоғамдық формацияның өзгергендігіне куәгер болдық. Бұл шын мәніндегі әлемдік ұлы уақиға еді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет