Совет–Хан Єаббасов



бет6/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294
Байланысты:
treatise70934

7. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Осынау түпкі тегіміздің ұзын ырғасынан қысқаша мәлімет берудің өз заңдылықтары бар екенін ескере отырып, Ұлы дала үстінде не бір өзгерістер болса да, Сақ, Ғұн, Түркі, замандарынан бері қарай жалғасып келе жатқан халықтық тағылымдарымыз бен дәстүр-салттарымыздың және тілдік тұтастықтың үзілмеген арқауы барын арнайы айтып өтуді парыз санадық. Бұл үрдісті Шыңғысхан заманы да бұлжытай орындады. Оны қазіргі Түркі мемлекеттері де өздерінің хал-қадірінше сақтап отыр. Алтын Орданың шашылып кеткен сынықтарының ең ауқымды бөлегі Дешті-Қыпшақ даласының соңғы иесі ­ Әбілқайыр-хан да ‑ қолындағы билігіне толық ие бола алмай аласапыранмен жүргенде Барақханның баласы Жәнібек пен немере ағасы Керей екеуі батыл қимылдап, ат құйрығын кескен күйі ауа көшіп, Шу бойындағы Қозыбасыда Орда көтеріп 456-1477 жылдар аралығында, Қазақ хандығының іргесін біржолата орнықтырады. Қазақ хандығының алғашқы тақ иесі... жасы үлкен Керей хан болса, оның жол көрсетер ақыл иесі Әз-Жәнібек болады. Әйтседе, қазақ-өзбек атанып қақ бөлінген ежелгі біртұтас жұрттың арасы алыс-беріс күйде болатын. Бірақ өз-өзіне тартып меншіктеген менікі-сенікінің аяғы жиі-жиі қантөгістерге де ұрындырып тұрды. Осылайша сол замандардағы мимырт уақыттың өзіде өте шығып, Керей ханнан кейін оның баласы Бұрындық ( 1480 - 1511 жж. ) ел билігін қолына алады. Оның басқаруындағы Қазақ хандығы Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларын иемденіп, жер көлемін де және қолөнер орталықтарын да алып нығайта түседі. Ендігі жерде жаңа құрылып жатқан хандықтың көреген де данагөй басшысы ретінде, тарих сахнасында ақыл-парасатымен өшпес із қалдырған Қасым-хан (1511-1523), өзінің әйгілі ел басқарудағы «қасқа жолын» ала келді. Ол кешегі халқына қадірі асқан ақылман Әз-Жәнібектің баласы болатын. Әке дәстүрін бірден басшылығына алған ол көбінесе шебер саясатымен даулы мәселелерді қанкешу ұрыстарға айналдырмай-ақ., көздеген мақсаттарының үдесінен шығып отырады. Соның арқасында, Қазақ халқы осы күнгі жеріне негізінен сол Қасым-ханның тұсында ие болады. Халық мамыражай уақыттарды тиімді пайдалану арқылы өзінің тұрмыс жағдайларын да, халықтық тағылымдарын жаңғырта жалғастырып, бұрынғы ата-бабаларының дәстүр-салттарын да терең мазмұндармен жетілдіре бастайды. Оның парасатты ел басқарудағы еңбегін ерекше бағалаған жұрты, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып «Қасым салған қасқа жол» деп өнеге етіп қалдырды. Қасым-хан дүниеден қайтқанда, оның мұрагері Хақназар ержете қоймаған жас еді. Ол таққа отырғанға дейінгі он бес жылдың ішінде ұлыстың іші қатты тоқырап, әжептеуір күйзелістерді басынан кешіреді. Хандықты басқарған Мамыш, Тайыр, Бұйдаштар елдің әлеуметтік саяси өміріне қажет ішкі және сыртқы жағдайларды дұрыс түсіне алмады.


Әйтседе, кешегі пәрменді басшылықтармен шыңдалған елдік қасиет, өзінің бұрынғы арнасынан жаңыла да қоймаған еді. Қазақ хандығын жарты ғасырға жуық билеген Хақназар хан (1538 - 1580 жж.) халқымыздың маңдайына біткен ырысы да абыройы да болғаны, аңызға айналып өшпес өнегесімен артында қалды. Ол – бір Қазақтың ғана қамын ойлап қоймай, иісі түркі тілдес халықтардың бірлігін терең түсінген қайраткердің деңгейіне көтеріле білді. Оның қырда – Қырғыздармен, ойда - Ноғайлы мен Сібір хандықтарына туысқандық сезіммен араласа білгені айғақ. Тек Хақназардың тұсында ғана қазақтар Еділ мен Жайықты еркін жайлап, Сарыарқа мен Өр Алтайды алтын бесігіне айналдырады. Міне, осыншама жерді ыңғайлы басқару үшін үш аймақтық немесе ҮШ ЖҮЗДІК деген түсініктер алғаш рет қазақ халқының тұрмысына енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет