Совет–Хан Єаббасов



бет8/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   294
Байланысты:
treatise70934

1. БЕТБҰРЫС КЕЗЕҢІ

Өтпелі кезеңнің алғашқы бастауындағы алаң-елеңде, ойда жоқ нендей уақиғалар өтпеді десеңізші ?! Ең әуелі 70 жылға созылған тоталитарлық социализмнің жүйесі күйреп, қырғиқабақ соғыстың ақырғы нүктесі қойылғандай болды. Екі қоғамдық жүйенің алдыңғы шебінде тұрған Немістің екі бағдардағы мемлекеттері бірігіп, өздерінің біртұтас елдігін жариялаумен қоса, екінші дүниежүзілік соғыстың символы тәріздес, Берлин қаласын екіге бөліп тастаған «темір-бетон» қабырғасының күл-паршасын шығарып, оның сынықтарын тарихи ескерткіш ретінде таратып жіберді.


Ал КСРО-ның өз ішінде де мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеттерінен бастап, көптеген қанды қақтығыстарда болып жатты. Солардың ішіндегі ең алғашқы демократиялық қозғалыстың қарлығашындай бүкіл әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылдың Желтоқсанында (17-18 – 19) үш күнге созылған қазақ жастарының Алматыдағы Республика алаңында өткізген ереуілінің мәні, уақыт өткен сайын тұлғаланып барады. Ол ауруға шалдыққан аш арыстандай арпалысқан империяның қанды шеңгеліне түсіп, оны аяусыз басып жаншымақ болған сойқандарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр болды. Сонымен ыдырап кеткен империяның бұрынғы идиологиясының күлі көкке ұшып, жас мемлекеттердің ешқайсысына да керек болмай қалды. .Бұл жаңадан бой көтеріп жатқан ұлттық мемлекеттердің күнделікті тұрмысында идеоло-гиялық бос кеңістіктердің пайда болғандығын аңғартты. Әрине, мұндай бос кеңістіктердің пайда болғанын күллі Табиғат пен Адам қоғамдары, ешуақытта да көтере алмайтындықтары баяғыдан белгілі. Міне, осынау бос кеңістіктерді жылдам алмастыру үшін әр халық ешбір үкіметтің жарлығынсыз-ақ бірден өздерінің ата-бабалары ғасырлар бойы жасаған Халық педагогикаларының естерінде қалған сипаттарын жаңғырта бастады.
2. ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕДЕН БАСТАЛДЫ?

Қазақтың халық педагогикасы бұрын-соңды ешуақытта ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, тіпті жүйеленіп те көрген емес. Олай болса, оның ғылыми методологиясы мен негіздері де айқындалмаған. Ендеше,оның ғылыми жүйеленген теориясы да жоқ деген сөз ?! Ал, теориясы қалыптаспаған пән үзіліссіз үнемі дами да алмайды.


Қазақ халқы 300 жылға созылған бодандықтың бұғауымен ойсырап шыққан жұртымыз, нағыз Халық педагогикасының орнына өзі білетін Этнографиялық жетістіктерін кең түрде жаңғыртып пайдалана бастады. Ежелден белгілі этнографиялық ілімнің тарауларына: үй тұрмысында қолданыла-тын заттар, ою-өрнек өрімдер мен зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен тағамдар, өнердің сан-саласында қолданылатын аспаптар, тіпті күнделікті пайдаланатын ыдыс-аяақтарға дейін, әртүрлі халық өзінің ұлттық талғамдарына орай жасайтындықтары белгілі. Әрине, бұл да адам тәрбиесіне әсер ететін Халық педагогикасы мен психологиясының қолданбалы көріністері екені анық. Бірақ, осылай дей тұрсақта – Этнопедагогика – дейтін ұғым, Халық педагогикасы ілімімен қаншалықты тығыз байланысты болса да, олар бірін-бірі ешуақытта да алмастыра алмайды. Өйткені, адам болмысы өзіне ғана тән тәрбие тәсілдері бар ­ Т ә н құрылысы мен Ж а н д ү н и е с і - деп аталынатын екі түрлі күрделі жүйелерден тұратыны белгілі. Мінеки осын-ау, Т ә н құрылысының тәрбиесіне - негізінен этнопедагогика ілімі-нің жетістіктері әсер етсе, ал адамның Ж а н дүниесінің тәліміне - Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері мен жүйе-лері ықпал етпек. Ендеше, ХХ-ғасырдың парадоксі (сәйкессіздігі) тәрізді, ғылыми п ә н ретінде енді ғана қалыптасып жатқан халық педагогикасы мен психологиясының методологиясын және негіздері мен жүйелерін жаңадан жасаудың орасан үлкен міндеттері тұр. Біздерден – уақыт тынысы ‑ осыны талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет