Совет–Хан Єаббасов



бет18/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Ә) АҚЫЛ ТӘРБИЕСІ

Ақыл тәрбиесін – Халық педагогикасы мен психологиясының екінші ғылыми жүйесі ретінде ұғыну үшін - оның ең алғашқы басталатын с ә т і н анықтап алуымыз керек. Бұл сәт - адам тәрбиесінің нәресте кезеңінде жетілетін қасиеті мол аса бір үлкен құбылыс?! Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған халықтық тәлімінде, ақыл тәрбиесінің алғашқы сәтін – нәрестенің қырық күнге толған мерзімімен сабақтастырады да, оған қырқынан шығару ырымдарын жасайды. Ал, бала қырқынан шыққанда жасалатын әрекеттердің өзіне көшсек: біріншіден - нәресте мойнын ұстай алатын халге жеткендіктен - алғаш рет оның «қарын шашын» алады. Екінші - қолы мен аяқтарының өсіп үлгірген тырнақтарын қысқартады. Үшінші - бала жанарының қарашықтарын менгеріп ұстай алатындықтан, енді оның бесігінің арқауына түрлі түсті ойыншық заттар іледі. Міне осылайша, нәресте қырқынан шыққанда тұңғыш рет Ақ пен Қараны ажыратып - АҚЫЛ ТӘРБИСІНІҢ қиыны мен қызығы мол ұзақ сапарына аттанады. Ол осы сәтте – ең алғашқы таңырқау мен таңданудың күйін кешеді. Бұған дейін - жүрек тәрбиесінің көмегімен – ана құрсағында түйсіктік ақыл қалыптасса, енді қарашығын ұстаған сәтінен ақыл тәрбиесінің арқасында сананың с а л т а н а т құратындығын байыптап қана қоймай, оның бүкіл қыры мен сырына тереңдей үңілудің мәні зор. Ендеше, халық педагогикасы мен психологиясының екі жүйесі – Жүрек және Ақыл тәрбиелерін дұрыс жүргізуді тіршілігімізге енгізсек - адамзат қауымының бұрын-соңды жетіп көрмеген парасатты абзал бейнесін жасар едік. Осы арада арнайы көңіл бөлетін аса бір құдіретті құбылыс бар?! Осынау, домбыраның қос ішегі тәрізді адам тәрбиесінің өркені болып саналатын - ж ү р е к тәрбиесі мен а қ ы л тәрбиесін өзара үндестіріп күйге келтіретін тек қана Бесік жыры екенін ерекше атағымыз келеді. Осы үндестікпен – бұл екі жүйе – бірін-бірі байытып тереңдетумен қоса, адам бойындағы мінезді сырбаздыққа, оның тегіндегі тума қабылет-дарындарын аса өткір қарымдылыққа жеткізіп, ұштай түсетінін көретін күн де туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет