5. ТАЗАЛЫҚ ТӘЛІМІ
“Тәні менен Жаны лас,
Тазалыққа қам қылмас”
Платон.
Жүкті әйелдер жеке бастарының тазалығына ерекше мән берулері керек. Әсіресе, бұл кездегі тазалық – тек екіқабат ананың ғана игілігі емес, сонымен қоса құрсақтағы жан иесі де анасының т ә н тазалығы мен ж а н самалының әсерімен, ол да үнемі сергек сезімдерде болады. Көне гректің Ұлы ойшыл-дәрігері Гиппократ: “Тән лас болған жерде, оны елемесең – қолдап демегенмен бірдей, шынайы шырқыңды бұзар жамандықты – көбейткенің болады” – деген екен. Олай болса, әрбір жеке адамның тазалығы, бүкіл қоғамның игілігі. Ал, ана атаулының тазалығы - әсіресе жас босанар аналардың – болашақ ұрпақ игіліктеріне қосқан үлесі деуге болады. Тазалық сақтаудың жолдары да, әдістері де көп. Мәселен, жаз айларында – табиғат қойнауындағы бастаулары таза өзен-суларды пайдаланумен қоса, көгалды жерлерге аунап-қунап және жалаңаяқ жер басу арқылы әлемдік үндестіктермен жалғасу да аз олжа емес. Қысқы мерзімдерде - үйдегі шағын хауаз бен себелей ағатын суға құйыну немесе мезгіл-мезгіл моншаға түсуді баптап пайдаланудың жөні бөлек. Жалпы, жүкті әйелдер де және басқалары да құман ала барып дәрет алуды қадеттеріне айналдырса, мұның өзі жанашырың ұсынған сыйдан да артық болар еді. Ата-анасынан көргенін жас балалар да, тағылымды тәлімнен жақсылықты бойларына сіңіруге талпынары қақ. Дәрет алудың да өз әдісі, яғни алдынан артқа қарай жуынуды ескерген жөн. Айта берсе тазалықтың тәсілдері көп. Оны арнаулы кітаптардан іздестіру әркімнің өз міндеттері.
6. ОМЫРАУДЫ ӘЗІРЛЕУ
“Сүтпен – сіңген қадет,
Сүйекпен - біткен мінез”
Мәтел.
Жүкті әйелдер әсіресе бірінші рет бала көтерген жас аналар, мезгіл-мезгіл омырауларын жаттықтырып, ертеңгі емізу сәттеріне әзірленуді барынша жүйелі түрде жүргізулері керек. Оны олар міндетті түрде дәрігерлік кеңестерге сүйеніп жасағандары дұрыс. Егер дұрыс жасай алмаса немесе түсінбесе қайыра сұраудың еш айыбы жоқ Мезгілінде дұрыс әзірленбеген омыраудың аса қауіпті да қиын сәттері көп. Сондықтан, қарадүрсін әзірлеуге болмайды. Көбінесе с и п а у мен с ы л а у д ы ң алуан түрлерін пайдаланып, емшектің формалары мен ұштарын жетілдіруге ерекше мән беру қажет. Бұл әдістерді тәулігіне бірнеше рет қайталардың алдында қолды сабындай жуып және әтірмен шылап, омыраудың ұштарын да қайнаған сумен сүртіп алуды ұмытпау керек. Үнемі осылай әзірлеген омырау, кейін бала емгенде де ұштары жарылмайтын болады. Жақсы әзірленген омырау ісініп-қабынудан да аман болмақ. Осынау әзірленбеген омыраудың дерттері, ертең анаға да балаға да, аса жаман кесапаттарын тигізеді. Оның үстіне баланы дұрыс емізе білмесе, омырауда қалған сүттің іруі де көптеген машақаттарға ұшыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |