Қашанда ерлі-зайытылар арасындағы төсек мәселесі, жалпылама тұжырымға келмейтін - өзіне тән жеке дара сырсипаты бар құбылыс болғандықтан, әркез оны аса нәзік түсініп қана әңгіме еткен жөн. Сондықтан да оның барлық адамдарға бірдей заңдылықтары да жоқ. Бұл мәселе жайында сөз қозғағанда, оның көптеген жағдаяттары жайында имандылық таразысын тең ұстаудың орны, ерекше екенін р у х а н и деңгейде түсіну шарт. Ендеше, ақсақалды сары тісті болған ерлі-зайыптылардың жыныс қатынастарындағы философия мен лирикалық сезімдерді өздеріне қалдырып, тек әйелдің екіқабат кездеріндегі кейбір жағдайларды, құрсақтағы жан иесі тұрғысынан сақтандыру мақсатында қысқаша ғана сөз етпекпіз. Әйтсе де, жүктіліктің алғашқы айларында жыныс қатынасында, бәлендей өзгерістер жоқ сияқты болып көрінгенімен, жатырдың ішіндегі қысымның әсерлері т і р і к л е т к а н ы ң өзіне әжептәуір ыңғайсыздықтар тудыратыны белгілі болып отыр. Мәселен, Л.Рон Хаббардың - “Дианетика2” – деп аталынатын ілімі бойынша, сол ыңғайсыздық сәтінде ерлі-зайыптылар нендей дыбыс, қандай сөздер сөйлесе де, жатырдағы тірі клеткаға магнитафонның таспасына түскендей, түп-түгел жазылып қалатын көрінеді. Мұндай құбылысты – “инграмма” – деп атайды.
Дианетика кітабында да: - “Инграммы – это полные, вплоть до последней точной подробности, записи каждого ощущения, присутствовавшего в момент частичной или полной бессознательности и боли…” – деп тайға таңба басқандай жазады. Бұл не деген сөз? Әрине, бұл адам тәрбиесінің 2-ші негізінің, яғни Ана құрсағындағы кезеңнің аса күрделілігімен қоса, соншама үлкен жауапкершілігінің молдығын аңғартса керек. Егер, нәресте аман-есен дүниеге келіп, есейе келе ержеткен мұндай адамдардың – инграммалары қабат-қабат боп жазыла жиналып – оны аналитикалық ақылдан алыстатып, керісінше “шолақ ақылға” (реактивный ум) байлап қоятын көрінеді. Міне бұл қазір адамзат қауымының аса үлкен мәселесі болып отыр.
Инграмма – адамның зердесіне емес, талшықтардың клеткаларына жазылатынымен ерекшеленеді. Бұл тек құрсақта жатқанда ғана жазылмайды екен, тіпті бала қызуы көтеріліп қиналып жатқанда айтылатын ренішті сөздер де, немесе анасының жанында келе жатып сүріне жығылып ауырсынған кезде, оны балағаттап құйрығынан шапалақтағанда айтылатын реніш сөздер де, айнымай жазылып жинала беретіні анықталуда. Ол жәй жиналып қана қоймайды, адам бойындағы көптеген самотикалық аурулардың - қан қысымының жоғары және төмен болуы – невроз – неврестения – артрит – ангина – суық тигіштік – грипп – гастрит – сияқты толып жатқан аурулардың тікелей себепшісі болады. Оның арнайы әдістерімен инграмманы өшіруге болады. Сонда, жоғарыда аталған аурулар түгелдей біржола жойылып кететіні анықталып отыр. Айта берсе бұл сияқты сиқырлы құбылыстар өте көп. Сонымен бірге біз ұсынып отырған іліммен де астасып жатыр.
Жүкті әйелдің екінші жартысында ерлі-зайыптылар бар ықыласын, ертеңгі келетін нәрестесіне аударуы қажет. Бұл кезеңде жыныс қатынастары барынша сиретіліп қана қоймай, жоғарыдағы айтылған жағдайлар есте болуы керек. Мұның қажеттілігі, тек тазалық үшін ғана емес, мезгілсіз жүкті әйелдің “суы” кетуінен де сақтандырады. Жалпы бұл кезеңде сақтанатын жағдайлар көп-ақ.