Совет–Хан Єаббасов



бет105/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   294
Байланысты:
treatise70934

4. ҰЙҚЫСЫ

Ұйқы ми мен жүйкенің құндағы”


Ұждан.

Ана болудан үлкен арман жоқ. Табиғат шебер әйелдерге осынау бір құдіретті қасиеттің кілтін берген. Адамзат ұрпағының үзіліссіз жалғасуының міндетін, тек аналарға ғана сеніп тапсырған тәрізді. Сондықтан да, олардың ана болар сәттерінде болмысындағы мың сан қуаттардың көзін ашып қана қоймай, сонымен бірге ішкі-сыртқы тән құрылысы мен жан дүниесінің жаңғыра жасаңғырауын да қамтамасыз етеді. Осыншама мол сападағы өзгерістер, ана табиғатынан ұлан-ғайыр қуат-күштерін талап етеді. Сондықтан да бойына бала біткен әйел атаулы тез маужырағыш келеді де, сол ұ й қ ы арқылы ағзасындағы ғажайып құбылыстардың табиғи реттелуін жөндеп отырады. Олай болса, аяғы ауыр ана үшін ұ й қ ы ауадай қажеттілік екенін түсіну керек. Әсіресе, алғашқы айлар мен соңғы кезеңдерде, ұйқыға ерекше маңыз берген жөн. Бірақ, олар ешуақытта да түнгі ұйқыларын күндізге ауыстырып алмауы керек. Тәуліктік ұйқыларын дұрыс ұйымдастыра білген аналардың көңіл-күйлері де, ішкен астарының қорытылуы да, құрсағындағы жан иесінің дұрыс жетілуі де жақсы жағдайда болады.


Жалпы әйел атаулы үшін, бала көтерудің мәселесі қарама-қайшылықсыз деу, шындыққа жанаса бермейтін ағаттық болар еді. Оның жүрек тебірентер қуанышымен қоса, жағымсыз сәттерінің өзі де табиғи нәрсе, оны әрбір ақылды әйел жақсы түсінеді. Мұндай қарама-қайшы сезімдер, әсіресе алғаш рет жүкті болу сәттерінде кездеспей қоймайды. Себебі, осы сәтпен бойжеткеннің б о й д а қ т ы қ дәурені аяқталады. Дүниеге бала келумен әйел адамдардың өмірлік мақсаттары өзгеше сағаға түседі. Бірінші тұмса туар кезеңдердегі көңіл-күйлері сан-салаға жетелей берсе, одан кейінгі балаларында аналар онша мазасыздануды бастарынан кешпейді. Әйткенмен де, әйелдердің екіқабат кездерінде көбінесе екі ұшты сезімдер болмай қоймайды. Бұл тәріздес сезімдердің болатынын ескертіп отырған себебіміз, ананы алаңдатар ішкі толқыныстар сөз жоқ, оның ұ й қ ы с ы н а да, ж а н д ү н и е с і н е де әсер етпей қоймайды. Бірақ, оның сәбиіне деген сүйіспеншілігі әлдеқайда басым жататындығы анық. Соның арқасында сабырлы сезімдерге иланып, ана атаулы барлық жағдайларын ақылға жеңдіруге тырысады. Міне осы сәттер де, әртүрлі с е р у е н д е р д і ң де, д е н е ш ы н ы қ т ы р у жаттығуларының да берер пайдасы көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет