Совет–Хан Єаббасов


* * * БІЛІМ ­ ҚАЗЫНА



бет103/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   294
Байланысты:
treatise70934

* * *


БІЛІМ ­ ҚАЗЫНА1.
Адамзатты – топырақ, су, ауа, оттан,
Құдіреті күшті жалғыз Алла жаратқан..
Жаратқан соң, өрттен өткір көз берген,
Сай-сүйекті сырқыратар с ө з берген.
Ақыл берген теңіздейін телегей,
Биіктерге самғасын деп жебедей.
Бұл дүниеде тек адамға қ о л берді,
Еш мақұлық тең келмейтін болды енді.
Зерде берген б і л і м г е бой ұрсын деп,
Тірлігінде қайырымды іс қылсын деп.
Ұят берді, намыс берді, ар берді,
Намысына – қамшы болар ж а р берді.
§ 5. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ 2-ШІ НЕГІЗІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ

Этнопедагогика – адам тәрбиесінің заттық


және салттық жағын қамтиды”
ҰЖДАН.


1. ЖҮКТІ ӘЕЛДІҢ КИІМІ

Алып - анадан туады”


Мәтел.


Адамның ф и з и о л о г и я л ы қ даму к е з е ң д е р і н і ң өзіне сәйкес әртүрлі э т н о п е д а г о г и к а л ы қ сипаттары болуымен қоса, осы кезеңдердің жағдайынан туындайтын дәстүрлік және салттық заңдылықтарымен де ерекшеленеді. Мәселен, адам тәрбиесінің 1-ші кезеңін шартты түрде, - Семья құруға дайындық және Ұрық тазалығы – деп атадық та, оның этнопедагогикалық сипаттарына – құдандаласу – құда түсу – қыз ұзату – үйлену тойы – шашу – жар-жар – беташар – бата беру – тәрізді осы кезеңнің мәні мен мағынасын ашатын, халықтық салт-дәстүрлерді жасау арқылы тіршілігіміздің с ә н і н байытамыз.Ал енді сөз еткелі отырған, Адам тәрбиесінің 2-ші кезеңін де шартты түрде, - Ана құрсағындағы тоғыз ай – дейміз де, осы кезеңнің ең басты мәніне лайықтап – жүкті әйелдің киімі – серуені – тағамы – ұйқысы – тазалығы т.б. – деп, толып жатқан этнопедагогикалық сипаттарына тоқталмақпыз..
Ана өзінің аяғы ауыр екіқабат кезінде, әдейілеп арнайы тігілген киімдерін киеді. Ол оның ықшам да еркін тұрып-жүруіне ыңғайлы. Әсіресе, іш киімдеріне мақтадан тоқылған маталарды пайдаланып, және оның денесіне батпауын… иә қысып тұрмауын ескереді. Ал сырт киімдерінің ыңғайлылығымен қоса, оның жағымды да сәнді болуын қарастырады. Бұл оның осы кездердегі сергек сезімдеріне демеу болады. Өйткені, аяғы ауыр аналардың көңіл-күйлері соншама нәзік те, тіпті тым әсершіл елгезектігімен ерекшеленеді. Оның жанарына жылы ұшырап қуанта алған сәнді де ыңғайлы тігілген киімдер, көңіл-күйінің де хошын келтіріп, сезімталдығына да жарасымды жағдайлар жасайды. Бұндай жағымды әсерлер, құрсақтағы жан иесіне де тамаша тәлімдерін тигізбек.Жүкті аналар алғашқы айларында бәлендей арнайы көмектерді қажет ете қоймайды. Ал, екінші жартысында үй ішіндегі жандардан, әсіресе зайыбынан шынайы мейірімді қолқабыстарын күтеді. Бірақ ол өзінің күнделікті қимыл-әрекеттерін белгілі тәртіпке келтіргенімен, оны азайтпауға да көбейтпеуге де тырысқаны жөн. Жүріп-тұруы мен серуендеулеріне ыңғайлы болу үшін, арнайы жасалынатын бандажды, немесе жұмсақ маталы орамалдармен белін көтере байлап алғанның пайдасы көп. Ал аяқ киімдері аса жайлы болуы қажет-ақ.
* * *




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет