Совет–Хан Єаббасов



бет108/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   294
Байланысты:
treatise70934

8. АНАНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ

Табиғаттағы тұңғиықтың түнегін – Күннің нұры қалай сәулелендірсе, Адамның тас қараңғы көкірегін – сәулелендіретін, тек оянған ішкі сезімдер мен өнердің құдіреті ғана екенін ұғынған жөн”


Ұждан.


Халық даналығы “Көңіл жүйрік пе? – жоқ әлде, Көк дөнен жүйрік пе?” – деген де, салыстырмалы түрде адам қиялына жетер ештеменің жоқ екенін меңзейді. Суреттеліп отырған осы көңіл-күй әйел қауымында тіпті ерекшеленіп, олардың ішкі сезім қуаттары мен түйсік /инстинкт/ түсініктері аса сезгіш те, өте сергек болатыны белгілі. Олардың осы қасиеттері, әсіресе жүкті кездерінде… бұрынғыдан бетер, үкінің мамығындай үлпілдеп сезімтал күйге ауысып, бір ғажайып іңкәрлік пен мейірімге толы шапағатқа бөленіп жүреді. Сондықтан да ол айналасындағы болып жатқан құбылыстарға бейтарап қарай алмайды. Оның елгезек күйге ауысқан көңілінің сезінгендері мен мың сан түйсігінің әсерлері, алпыс екі тамырлары арқылы құрсағындағы жан иесіне жетіп қана қоймай, оның жандүниесінің арналарын – ұятын – сүюін – зердесін – мінезін – жігерін – табиғи қабілетін – түйсіктерін – ішкі бес сезімлерін – былайша айтқанда, ж а н н ы ң 12-мүшелерін, яки а р н а л а р ы н біртіндей ашып қалыптастырады. Әйел атаулы өздерінің табиғатындағы осы қасиеттерін заманның дұрыс кездерінде, - мыңнан бір ана ғана құрсақтағы баласын инстинкті түрде тәрбиелеген болса – соңғы қоғамдағы аузы қисық атеизмнен кейін, бірде-бір ана құрсақтағы тәрбие дегенді б і л м е к т ү г і л, кәперіне де кіріп шықпайды. Адамзаттың имандылықтан алыстап бара жатуының негізгі себебі де осы болмақ.
Соңғы кездегі ғылыми жаңалықтардың жетістіктеріне көз жіберсек, бұрынғы қағидалар өзгеріп “тәрбиені бесіктен бастау керек” – дейтін тұжырымдардың ескіргенін мойындап қана қоймай, пәрменді түрде жаңа көзқарасты өмірге енгізу шарт. Олай болса, Халық педагогикасы мен психологиясының негіздерін – жаппай орта мектептердің с е г і з і н ш і сыныптарынан бастап оқулық ретінде пайдалану қажет. Мұның өмірдегі көрінісінен бірер мысал келтірсек Республикалық “Бөбек қорының” қамқорлығымен Атырау қаласында ашылған – Кіші өнер академиясының – оқу бағдарламасына Білім министрлігі – осы оқулықты – арнайы бекітіп бергеннен бері қарай сабақ ретінде жүргізіліп жатыр. Егер, бұл п ә н г е деген балалардың құштарлықтарын көрсеңіздер, жастар қаншама тылсымы мол тіршіліктің сырын ұқты десеңізші?! Сонымен қоса, жас босанар аналарға “дәрігерлік кеңес” беретін салалар арқылы таныстырумен де пәрменді жетістіктерге жетер едік. Арнайы шығарылатын шығын да дайын, жұмыс істеп тұрған және жүкті әйелдерге ағартушылық білімдер үйрететін мекемеге таптырмайтын тәжірибе емес пе? Олар бұған құлшынбаса, енді нені қастерлемекші?! Сонда, қазіргі аналардың көпшілігі-ақ, бұл мәселені тез игеріп халқымыздың болашақ ұрпақтарын, мүлдем жаңа сапа мен сипатқа ауысуын жеделдетер еді. Мың өліп, мың тірілген қазақ елі үшін бұдан артық бақыт бар ма?
Осылайша, ұрпақ тәрбиесіндегі ана құрсағындағы тоғыз айдың мәнін, тереңнен толғап түсінгенде ғана, осы күнге дейін о п ы қ жеп келген кемшіліктерден арылатын боламыз. Қорыта айтқанда, адам тәрбиесінің а л ғ а ш қ ы ф и з и о л о г и я л ы қ кезеңі – Ұрық тазалығына – Аталық п а р ы з, яки ж а у а п к е р ш і л і к қандай керек болса, екінші кезеңі – Ана құрсағындағы тәрбиеге – Аналық парасат, яки тереңнен тебірене білетін м і н ә ж а т сондай керек екен. Бұл мәселеге иелік етуде, ұлттық мемлекетіміздің алар орны айтпаса да түсінікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет