Совет–Хан Єаббасов


Қолбау шынтақтарының тұсынан қ о л б а у м е н бастыра мен тарпа бау



бет135/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   294
Қолбау шынтақтарының тұсынан қ о л б а у м е н бастыра
мен тарпа бау. байласа, ал тізесінің үстінен т а р т п а б а у м е н
нығыздай тартып таңады. Бұл екі б а у д ы ң да енін қос алақанның жалпақтығындай етіп, өрнектей сырып әдемілеп жасайды. Олардың жалпақ ені көлемді болатындықтан, нәрестенің денесіне батпайды да қыспайды.
Бесіктің астына төсейтін жастықтар – бас – бел –аяқ
Жастықтар. жастық болып бөлінуімен қоса, олардың атқаратын
қызметіне орай формалары да әртүрлі етіп жасалынады. Олардың дұрыс орналасуы - түбек пен шүмектің – м ү л т і к с і з қызмет етуін қамтамасыз етеді. Осылай ыңғайлы етіп жасалынғандықтың арқасында, нәрестеге бар болғаны ауыстырып салар, екі-үш қана жаялық қажет болады. Нәрестені бесікке дұрыс бөлеген жағдайда, осы жаялықтардың өзі де құрғақ күйінде сақталып, былғанбайды да суланбайды. Ал б е с і к с і з бала өсіріп отырған аналар, тәулігіне 10-15 рет жаялық ауыстырып, оны жуып және кептірумен күндері өтеді. Бұл – жас босанған ана үшін, жан төзгісіз ауыр жұмыс?! Осынау ғасырлар бойы сақталып жеткен, халқымыздың қасиетін т е п к е н д е й тәрбиесіздігіміз, бүгінгі ана мен баланы әбден күйзелтумен тоздырып барады. Ендігі жерде басқаға телміріп, еліктеу мен солықтауды жалғастыра бермей, өз қасиетіңді қадірлеп халықтық қайнарыңа оралуды жылдамдатқан жөн.

Дүниеге енді ғана келген нәрестенің әр тәулігі түгіл


Нәрестені кез-келген сағаттары да, көздің қарашығындай сақтап
қырқынан мәпелеуді талап етеді. Сондықтан да, нәрестенің
шығару алғашқы айы нақтырақ айтсақ, оның – «қырқынан шыққанға» дейін, үкілеп ұстау арқылы тілден де көзден де сақтап, ерекше сақтық жасалынуға тиісті. Осыншама мән берген уақыт мерзімі сәтті өтісімен-ақ – халық даналығы бойынша д ә с т ү рл і - нәрестені қ ы р қ ы н а н ш ы ғ а р у тойы жасалынады. Себебі, нәресте алғашқы рет қарашығын меңгеріп – ақ пен қараны ажыратып қана қоймай, тұңғыш рет таңырқау мен таңданудың к ү й і н кешеді. Ол осы сәттен ғана бастау алатын – ақыл тәрбиесінің – негізін қалайды. Бұл – адам с а н а с ы н ы ң оянуы, я болмаса, енді ғана ашылған с а н а н ы ң с ә у л е л е н у і дей тұрсақ та, оның бірден бір жетекшісі – ана құрсағында ашылатын жүрек тәрбиесі екенін еш уақытта естен шығармаған жөн. Бұл – екі түрлі т ә р б и е ж ү й е л ер і – ұрпақ тәрбиесіндегі жаңа ұғыммен жаңа көзқарасты қалыптастырып, осыған дейін ескерілмей келген а д а м т ә р б и е с і н д е г і ауыр қателіктердің сырын ашуға көмектеседі. Шынайы адам тәрбиесінің ө р н е г і мен ө з е г і н – осы екі ж ү й е н і ң үндесуімен қамтамасыз еткенде ғана, бүкіл адамзат қауымының к і с і л і к к е л б е т і де, мүлдем басқа көкжиекке көтерілетіні айдан анық.
Міне осы сәттен бастап, яғни нәресте «қырқынан шығысымен-ақ» оның жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесін үнемі үндестіре жетілдіріп отыруға бар күш-жігерімізді аямай қызмет етуіміз керек. Дұрыс үндестірудің де өз т е т і г і бар?! Ол – тілеп, иә сұрап алатын нәрсе емес! Осы екі жүйенің дұрыс үндесіп кетуінің сәті, тікелей а н а мен б а л а н ы ң қарым-қатынастарында жатыр. Анасының нәрестесімен т і л д е с у і – е м і р е н у і – с ы л а п – с и п а у ы н қоса есептегеннің өзінде бұлардан да бетер ерекше орын алатын бір қ ұ д і р е т бар. Ол – б е с і к ж ы р ы болып табылады. Ана атаулы бесікте жатқан нәрестесіне, шын жүрегімен айтылған б е с і к ж ы р ы н ы ң ырғағымен, оның бүкіл болмысына пәрменді түрде әсер ететіндігі белгілі.
Егер, Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ,
«Ұйықтап жатқан ж ү р е к т і ән оятар,
Үннің тәтті оралған м ә н і оятар», - дей келіп,
............................................................................
Жүрек тербеп оятар – баста миды, - деп, бесік жырының мәні мен маңызына ерекше көңіл бөлуді меңзейді. Ұрпақ тәрбиесіндегі – көкірек көзін оятар – құпия к і л т т і қолыңызға ұстатқандай болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет