Совет–Хан Єаббасов


Түбек – түбімен тұтастыра жең тәріздес етіп, құрым киізден Түбек



бет134/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   294
Түбек – түбімен тұтастыра жең тәріздес етіп, құрым киізден
Түбек. жасалынады. Түбін дөңгелектеп тіккен тереңдігіне түгелдей,
нәрестенің дәретін сіңіріп алатын, жаңа сөнген к ү л салып қояды. Өйткені, жанып жаңа сөнген к ү л д е н таза ештеме жоқ. Қазақтың халық медицинасында да, күлдің теңдессіз тазалығын ғасырлар бойы пайдаланып келген. Түбектің үстіңгі аузын – төрт айырықтандыра жырымдай кесіп, бесіктің астыңғы тақтайы мен матрастың т ү б е к к е арналған тесігінен өткізгеннен кейін, түбектің аузындағы төрт жырымын төрт жаққа жатқызып, оның ішіне орнықты етіп ш ү м е к т і орналастырады. Түбектің негізгі атқаратын қызметі, бесікте бөлеулі жатқан нәрестенің н ә ж і с і мен к і ш і д ә р е т і н өзіне қабылдап, жатар орынның құрғақтығын қамтамасыз етеді. Бесікке жайлы да дұрыс бөленген нәрестелер, ештеме мазаламайтындықтан ұйқылы-ояу еміп алады да, қайыра ұйқысын жалғастыра береді. Әбден ұйқысы қанып оянған нәрестенің жан рахатынан, анасының да алар ләззаты мол-ақ. Міне, осы сәттегі анасының қарым-қатынасы, нәрестемен тілдескені ішкі және сыртқа сезімдерін астастыра тілек еткен м і н ә ж а т ы, алақанының табымен жетер мың сан әсерлері де, нәрестенің ж ү р е к т ә р б и е с і мен а қ ы л т ә р б и е с і н үндестіре ж е т і л д і р е т і н пәрменділікке ауысады.
Шүмекті – баяғы замандардан –ақ, әдемілеп сүйектен
Шүмек. (жілік сүйегінен) жасаған. Ең әуелі асық жілікті бір сүйем
етіп кесіп алғаннан соң, оның бітеу басынан екі елідей төмен жазық қабырғасынан ш е ң б е р л е п немесе с о п а қ ш а л а п тесік жасайды. Міне осы тесік арқылы, нәрестенің кіші дәреті сүйектің өзегіндегі қаналға түсіп, шүмекпен аққан бойы түбектегі күлге сіңіп кетеді. Шүмекті – сүйектен жасаудың артықшылығы аса мол. Оның ешқашанда иісті өзіне сіңдірмейтіні, тез бұзылып өзгермейтіндігі, жылдам кеуіп тез тазаланатыны да, айта берсе тазалыққа қажет артықшылықтары толып жатыр.
Бесіктің жазғы және қысқы жабуларын көркемдей сәндеп
Жабу. әсем маталардан тігіліп арнайы жасалынады. Оған тұмар тағып
үкілей безендіріледі. Оның жеңіл де жайлы маталары ауа алмасуын да жақсы қамтамасыз етуін ескереді. Бесіктің жабуы арқылы нәрестенің жанына жайлы м и к р о к л и м а т жасауға ұмтылады. Сонымен қоса ол – баланы жаз айларында шыбын-шіркейден сақтаса, қыс мезгілдерінде салқын ауа мен шаншу желдерден қорғайды.
Нәрестені жөргегіне орап бесікке бөлеу үшін, оны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет