Совет–Хан Єаббасов



бет136/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   294
§ 8. БІР ЖАРЫМ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ


«Ғылымның ісі – адамға қызмет ету»
Л. Толстой.


А) НӘРЕСТЕНІҢ 2-3 АЙЛЫҒЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ


«Табиғат сырларын ұғынған сайын, адамзат
қауымының келешегі көз көріп, құлақ естімеген
жаңа с а п а ғ а ауыспақ.»
Ұждан.

Адам тәрбиесінің ж а ң а і л і м і ұсынып отырған психо-физиологиялық ж а ң а ш а көзқарастың дәлелдей талдап көрсеткеніндей, А н а атаулы өзінің і ш к і және с ы р т қ ы сезімдерін, нәрестесімен қарым-қатынасқа келтіруді үйренумен қоса, ол құрсағында жатқан жан иесінің 3-4-ші айының басталатынын есінен шығармауы керек. Ал «қырқынан шығып» та үлгерген нәрестенің тәрбиесі құрсақтағымен салыстырғанда, мүлдем анасынан с а н а л ы қарым-қатынасты қажет етеді. Нәресте 2-ші айлығында әжептеуір ширап, тіпті қағілез күймен қарақұлақтанып та қалғанын аңғартады. Тіпті, сергек сезімділері у і л д е п үн шығарып, анасына жымия жауап беруге де жарап қалады. Айтылған с ө з бен өзіне арналған д ы б ы с т а р ғ а бұрылып, қолындағы заттардың т ү р і мен т ү с і н е сылдырына талпынып, еліте елеңдеп әсерленеді.


Нәрестенің дәл осы кезеңіндегі т ә р б и е н і ң ең үлкен мақсаты, оның ұйқысының (20-22 сағат мөлшерде) ұзақтығы мен терең болуын қамтамасыз ету болып табылады. Себебі, мидың қауырт жетілуі мен психикалық өркендеуінің ү р д і с қалыптасуы алғашқы айлардың еншісінде екенін үнемі есте ұстаған жөн. Әсіресе, т ә р б и е н і ң с е з і м д і к әсерлерін бесік жырының әуенділігі мен күмбірлеген күй тыңдатуды жүйелі жүргізу керек. Нәрестенің ұйқысынан оянған сәттеріндегі ананың мейірімі мен мінажат ете отырып емізуінің мәні зор. Осы сәтте анасы шынайы қасиетті ойларға берілуі арқылы, оның омырауындағы сүтінің құрамына дейін имандылық сапасына жетіліп, тіпті баласының р у х а н и нәрленуіне де ерекше әсер ете алады. Ал нәрестені суға түсіру сәті оның денесін құрғатып, арнайы ерітіп жасалынған құйрықмаймен сылап-сипауды да, асқан таза шуақты сезімдермен жасаудың мәні ерекше.
Нәресте өзінің 3-айлық кезінде-ақ жетіле бастаған, оның көру – есту – сезіну – түсіну – көңілдену тәрізді қасиеттерін дұрыс пайдаланып, әр қилы т ә р б и е л і к мәні бар әрекеттермен ықпал ету үнемі үздіксіз жүргізіліп отыруға тиісті. Мәсе-лен, оған түрлі-түсті заттарды көрсету арқылы оның к ө р у қабілетін күшейтіп, неше алуан әуендерді тыңдатумен нәрестенің нәзік ы р ғ а қ пен е с т у мүмкіншіліктерін жетілдіре түсуге болады. Осылайша, оның сыртқы б е с сезімдерінің өткірлене күшеюі күннен күнге жақсы дамып, қаншалықты ілгерілей жетілгенін өздеріңіз-ақ анық байқай аласыздар. Бұл тәрізді т ә р б и е л і к әрекеттерден, оның көңіл-күйі көтерілуімен қоса, нәрестенің т ы н ы с алуы тереңдеп қ а н айналысы мен а с қорыту қабілеттері де жақсарады. Сондықтан, нәрестенің ұйқысынан ояу сәттерінде онымен мейірлене үн қатып, суға түсіріп денесін әбден құрғатып алғаннан кейін, арнайы тазартылып жасалған өсімдік майымен сылап-сипап, баланы шалқалатып та, етпеттетіп те жат-қызып, қол-аяқтарын салалай созып әр түрлі қимылдар жасалынуы керек. Халық даналығы айтатын; - «Баланы – с ы л а у, қарды – қ ы л а у өсіреді» - дейтін ұлағатын әркез есте ұстаған жөн. Осындай жүйелі жүргізілетін әрекеттерден соң, нәрестені бесігіне бөлеп әуенді де қоңыр үнмен б е с і к ж ы р ы н айтып, жай ғана ырғай тербетіп ұйықтатудың орны бөлек-ақ. Қазақтың халық фальклорынде де ақындардың жыр кітаптарында да бесік жырының нұсқалары көп. Кез-келген ана өзінің қалауына қарай ұнатқанын таңдап алуына мүмкіншіліктері жетіп жатыр. Ең бастысы, бесік жырларының м а з м ұ н ы мен ү н і н е ерекше көңіл аударып, барынша сезімді де, ойды да тербей алатын нұсқаларын өз бабына келтіріп айту керек. Ананың өзін тебірендірген әуенді жыр, сөз жоқ, нәрестенің де жүрегіне жетеді.
Ұйқысы қанып оянған нәрестенің у і л і мен дыбысынан
Үні. сүйкімді, бұл пәниде ештеме де болмаса керек. Өйткені,
нәрестенің у і л і н – етсіген жанның ет жүрегі елжіремей қалмайды. Әйтсе де, нәрестенің ең пәрменді қарым-қатынас құралы б а қ ы р ы п ж ы л а у екенін, дұрыс түсінуге икемделген жөн. Ол – осы арқылы өзіне тез арада көңіл аудартуға тырысады. Көпшілік аналар баласының жылаған дауыстарынан, оған не қажет болып жатқанын бірден аңғаратындарын да білеміз. Әрине, бұндай қасиет тәжірибемен келетіні белгілі. Мұның өзі нәрестені тез түсініп, жылдам тыныштандыруға мол мүмкіншіліктер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет