Совет–Хан Єаббасов



бет165/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Жаңа ілімнің ілімді, көшірме тіршіліктен көздерін ашпайтын
өмірдегі көрінісі. жалған ғалымдар болмаса, санасы ояу жандардың
барлығы да жақсы ниетпен жамырай түсінуге тырысты. Осы айтылған пікірдің бұлтартпайтын айғағындай үш бірдей семья өз тілектерімен, жаңа ілімді – тіршілік тәжірибесінен өткізуге белдерін бекем буды. Олар бір шешімге келісімен-ақ, алты ай бойы жігерлі түрде Жан мен Тәнін тазартуға кірісті. Сөйтіп, бір жарым жылдан аса бергенде - өмірге үкілі үмітпен аңсай күткен сәбилерін әкелді. Мұның өзі шын мәнінде де алғысқа толы азаматтық парасат болатын ?!
Әрине, екі-үш нәрестенің болмыстарындағы ерекшеліктермен танымдық қортындылар жасауға келмесе де, психо–физиологиялық жаңа көзқарастың – адам тәрбиесіндегі – тың көрініс сипаты ретінде бағалау үшін, мұның өзі де нақты дерек екені айдан анық. Оның үстіне алдыңғы тарауда айтылғандай – Америка ғалымдарының баланың ана құрсағында–ақ тәрбие жүргізуге дайын екенін анықтаған – лабораториялық зерттеу қортындылары, бізге қолда бар деректерімізді жариялауға мүмкіндік тудырып отыр. Тағы да бір ерекше айтуға тұрарлық нәрсе «босанарда баланың бас сүйегі қысыла жаншылуы мүмкін» - деген соң, тіпті аналары «кесерово» арқылы босануды жөн көрді. Олардың бұлай жасауларына 40-тан аса бастаған жас мөлшерлерінің әсері болатын.
Адам тәрбиесінде осы күнге дейін ескерілмей келген ,
Ұрық ең маңыздысы да тылсымы мол құдіреттің сыры, тек
тазалығы. қана ұрық тазалығына тікелей байналысты екенін терең түсінген азаматтар, келешек ұрпақтарының тап осынау кезеңіне мұқият дайындалды. Еркектер тартып жүрген темекілерін үзілді-кесілді тастады. Тәуліктік режимдеріне – таза ауада серуендеу – жақсы ойлармен іштей тазару – ағыл-тегіл терлеу үшін әртүрлі қимылдар жасаумен қоса, аптасына 1-2 рет саунаға баруды да әдеттерге айналдырды. Ішетін тамақтарының құнарын арттырып мөлшерін азайтудың үстінде, бұрында онша көп қолданбайтын – арақ – вино – сыра – тәрізді ішімдіктерді ауызға алмайтын болды. Тіпті, олардың ұрық тазалығына мән бергендері соншама, күн ара үйде ұйымдастырылып – 0,5 литр г е м о д е з д і 5 реттен тамырларына да салдырды. Осы айтылғандардың барлығын да ерлі – зайыптылар бірге жүріп жасады. Сөйтіп, олар іштей де сырттай да тазарудың нақты әдістерімен, алты айдан аса дайындықтарын жүргізді.
Қос құрбы бұрын да терең сырлас жандар болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет