Совет–Хан Єаббасов



бет164/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ЖАҢА ДЕРЕКТЕР


«Тән тәрізді – Жанның да - өзінің
саулығы мен науқасы болады.»
әл- Фараби.


§7. ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІМЕН ТУҒАН БӨБЕКТІҢ ҚЫЛЫҒЫ
«Жүрек тәрбиесі – ана құрсағында
қалыптасады»
ҰЖДАН.


Адам тәрбиесінің Біз ұсынып отырған адам тәрбиесінің жаңа көзқарасы,
жаңа үлгісінен бір оның бұрын-соңды айтылмаған – метлогиясы -
үздік сыр. – екі жүйесі – жеті түрлі негіздері –
қалыптастыратын, тыңнан түрен салғандай нақты да батыл тәрбие тәсілдері, көптің қызығушылықтарын тудырмай қалған жоқ. Жоғарыда айтылған негіздерде жасалынған, «Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу–ағарту жүйесінің үлгісі (концепциясы)« ‑ атты бағдарлама, орталық ғылыми-зерттеу педагогикалық институттарында және халыққа білім беру министрлігінде талқыланып, оңды да жайлы пікірлерге ие болды. Министрлік арқылы жобаны кітапша етіп, республиканың барлық облыстарына таратты. Осы «Үлгіні» ғылыми кеңестердің ұсынысымен, 1990 жылы – «Қазақстан мектебі» журналында және «Ана тілі» мен «Хабаршы– Вестник» атты газеттерде басылып шықты. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының мектеп жасына дейінгі бөлімдері, жаңа үлгінің көптеген баптарын өздерінің жоспарларына кіргізді. Алматы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында арнайы курс ретінде лекциялар оқылды. Халық педагогикасын тереңдей талдап зерттеу үшін қазақ халқы қараормандай болып қалың отырған, Атырау облысынан ашылған Ұлттық ғылым академиясының Батыс бөлімшесінде мақсатты түрде жұмыс өз жалғасын тапты. Мұнда да университет пен облыстық мұғалімдер білімін көтеретін институтта арнайы курспен лекциялар мен семинар сабақтары жүргізілді. Академиядағы жұмыс сәтті аяқталып, 1995 жылы Алматыдағы әл-Фараби баспасынан – «Халық педагогикасының негіздері» - атты 30,0 баспа табақ көлеміндегі, монографиялық ғылыми еңбек жарық көрді. Кітап халық арасына кең тарап, мектептер мен гимназияларда оқу құралы ретінде пайдаланылып жатты.
Алматыдағы көптеген қазақ орта мектептері оқулық етіп қолданған. Осылардың да әсері болар, Ы. Алтынсарин атындағы Педагогикалық акдемиясының ұсынысымен – 1998 жылы «Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитеті № 02-04-09—3925 Бұйрығымен – Қазақстандағы Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясына, барлық педагогикалық университеттерге, институттарға, колледждерге облыстық білім басқармаларына қосымша оқу құралы ретінде пайдалану үшін «Халық педагогикасының негіздері» атты ғылыми монографиялық еңбекті ұсынады» - деп жазылған жарлықты ресми түрде таратады.
Бірақ, адам тәрбиесінің жаңа і л і м і мен к ө з қ а р а с ы үшін, жоғарыдағы айтылған әрекеттердің өзі де, түкке тұрмайтын жәй ғана дақпырт сияқты. Өйткені, бұл қатардағы ғылыми жаңалыққа жатпайтын – мүлдем жаңа метолодологиясы мен негіздері бар біртұтас ғылыми п ә н ретінде қалыптасып отырған ілім. Ендеше, оны бүкіл мемлекеттік деңгейде жүргізгенде ғана өз жемісін бермек. Әзірше, мұндай парасатты шешімдерге қоғамдық орта дайын емес екені анық сезіледі.
Табиғатпен үндестікті н е г і з етіп алған жаңа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет