Совет–Хан Єаббасов



бет163/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   294
Байланысты:
treatise70934

неше жастан демекпіз. Өйткені, үш жасарлардың өздеріне тән
апарған дұрыс. – тамақтануда да, киінуде де, тыңдау мен сөйлеуінде
де – көптеген жетістіктермен қоса, әрекеттерін саналы жасауға үйреніп қалған тәжірибелері де бар. Тек, балабақшасындағы еркіндіктердің қадағаланбауынан, кейде салқын тиіп жиі ауырып қалатыны жайсыз. Сондықтан, бөбектердің кіші және үлкен тобына да, тиісті тәрбиенің ұқыпты болуы шарт.Осы кезеңде баланың ата-анасы тәрбиешімен жиі қатынасып тұрғаны жақсы.


§6. «ИМАНИ ГҮЛ» - ФАРАБИДЕН АБАЙҒА ДЕЙІН
«Ұлы қоғам – жер бетін мекендейтін барша адамзат қауымдастығының жиынтығы.»
ӘЛ- ФАРАБИ.


Даналықтың Сонау бір алыс замандарда, өзінің Отанынан тым алыс шет
тегі. аймақтарда жүріп, Әбунасыр әл-Фараби толып жатқан
сан-сала ғалымдардың асқарала шыңдарын игеріп, к ү л л і әлем жұртшылығының е к і н ш і ұ ст а зы атанып, бүгінгі ұрпақтарына тек мақтаныш сезімдерін ғана сыйлап қоймай, сонымен қоса, көптеген күрделі міндеттерді де жүктейтіні рас?! Оның ғұмырнамасымен етене танысып көрсеңіз,данагөй ғұлама осынау пә н и жалғандағы тіршіліктің бар қызығын ғылым үшін т ә р і к етіп, өмірінің соңғы жылдарында м а ш а и ю н д е р мектебін ашу себебі не? Әрине, бұл өз алдына жатқан бір әлем тәрізді, тек арнайы зерттеулерді қажет ететін күрделі дерек екені белгілі. Әйтседе, Фараби өмірінің соңғы жылдарында – х а у а с – и м а н и г ү л – ж ә у а н м ә р т т і л і к – деп аталынатын үш түрлі ілімдерінің негіздерін салуы, тікелей машаиюндар мектебін ашумен астасып жатса керек. Өйткені, бұл ілімдерді ары қарай дамытушылар, тек т ү рк і халықтарынан шыққан ғұламалар екенін жоғарыда айтқан едік. Ал тікелей Фарабидің өзі шыққан қазақ топырағында, бұл ілімдерге ерекше м ә н берген ғұлама ойшыл ақынымыз Абай екенін ерекше атап айтқан жөн. Абайдың « Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дейтін философиялық өлеңінде ү ш с үю немесе и м а н и г ү л – ілімінің мазмұны бар болмысынан ашылады.
Б і р і н ш і с ү ю: - Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де – сүй , ол – а л л а н ы жаннан тәтті,
Е к і н ш і с ү ю: - А д а м з а т т ы ң – бәрін сүй, бауырым деп,
Ү ш і н ш і сүю: - Және хақ жолы осы деп - ә д і л е т т і.
Осы үш сүю- болады - и м а н и г ү л!

Алдыңғы тарауларда пайдаланған М.Мырзахметов еңбегінде: - Имани гүл сарыны ж ү р е к к ул ь т і н – осы негіздегі адамшылық жолын көтермелеп, шығармаларында үнемі р а қ ы м, шапағаттың баламасы ретінде, жүректі шешуші орынға қоятындар : әл – Фараби, Рудаки, Руми, Низами, Науаи, Баласағұн, Абай т .б.


Ал, имани ақылды, яғни, а қ ы л д ың культін мадақтайтын сарында – Омар Хайем, Фирдауси, Ибн- Синадан ұшыратамыз. Имани гүл және Имани ақыл туралы танымның табиғаты, оның шығу төркіні мен даму жолы қазіргі ғылым дүниесінде әлі күнге дейін, арнайы зерттеу нысанасына алынбай келеді.
Бұған дейінгі тарауларда – х а у а с пен х а у а с с ә л и м немесе түйсіктің түрлері мен ішкі бес сезімдерді пайдалану әдістерін – адам тәрбиесінің физиологиялық екінші кезеңінде, яғни, Ана құрсағындағы тоғыз айдың мерзімінде сәтті қолданудың м ә н і жан-жақты айтылған еді. Ал, бала дүниеге келгеннен соң, оның нәресте кезеңінде (1-2 жас) ­ х а у ас и х а м с а з а һ и р и немесе сыртқы бес сезімнің дұрыс жетілуіне көңіл бөлу керек.
Енді үш жасарлардың бойындағы ең негізгі ерекшелікті атасақ, оның аппақ таза пәк сезімдері, әуелі ата-анасына деген сүйіспеншілгімен ашылатыны ақиқат. Мінеки, осынау баланың өз болмысынан ашылатын табиғи қасиетін жетілдіре дамыту үшін, міндетті түрде «имани гүл» немесе, «үш сүю» ілімінде айтылатын құбылыстарды ескермей болмайды.
Ең алдымен, осы «үш сүю» хақындағы Фарабидің өз сөзіне құлақ асып көрелік: «Өзімізге - өзіміздің рахаттануымыз қаншалықты күшті болса, қуанышымыз және рахатқа елітуіміз қанша күшті болса, өзімізге - өзіміздің сүйсінуіміз және құрметіміз қаншалықты күшті болса, Бірінші тұлғаның \Алланың\ өзін-өзі құрметтейтіні, өзін-өзі сүйетіні және өзінің м ә н і н е өзі таң-тамаша қалатыны да соншалықты күшті екендігі, өзінен-өзі айқын болады .(Бірінші себептің сүйіспеншілігі) мен біздің өзімізге өзіміздің сүйіспеншілігіміз арасындағы қатынастар ұқсас. Бірінші (тұлғаның) мәнінің артықшылығы және жетілгендігі мен біздің өз бойымыздағы мәннің артықшылығы мен жетілгендігі арасындағы қатынас сияқты. (Бірінші себептерге) сүюші - әрі сүйікті, бұл құбылыстың мәні де таң-тамаша қалдыратын нәрсе болып табылады. Ол – Бірінші Сүюші әрі Бірінші Сүйікті – деген аса күрделі философиялық таңдаулары терең мазмұндарымен жаңаша көзқараста жалғаса береді» .
Бүгінгі ұрпағы біздерді Фараби ілімімен жалғастырушы Ұлы Абай болса, адам тәрбиесі хақындағы Абай еңбектеріндегі осынау үш ілімнің құдіретін, соның ішінде «имани гүл» немесе «үш сүю» ілімінің де астарын ашып тарата талдап беруші – данышпан жазушымыз М. Әуезов екені көп адамдарға белгісіз де болуы мүмкін .
Кешегі қырсығы мол ерсілігі мол, өктемдігі басым өтірікші заманда, Мұхтардай кемеңгердің жария етіп айта алмай кеткендері де аз емес. Осынау өз заманына жетпеген кетіктің аз-кем сырын ашуға тырысқан, белгілі ғалым М. Мырзахметовтың «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары» атты еңбегінде біршама жазылады. Бұл еңбек – жалпы ү ш і л і м жайында жазылған алғашқы ғылыми-зерттеулер десек болады. Әйтседе, үзінділер келтіріп отырған осынау еңбектің өзі де Фараби негіздерін қалаған – хауас – имани гүл – жәуанмәртлік – ілімдерін зерттеген жүйелі түрдегі ғылыми еңбек емес. Бірақ, осыншама құдіреті қатпарында жатқан ілімнің қажеттілігін көрсетіп, тұңғыш рет жазылған зерттеуді толағай тұлғалы еңбектен де артық көріп, келешек ұрпақ тәрбиесіне пәрменді үлесін қосарына сеніміміз мол. Түптің түбінде, бұл ілімдер, біздер ұсынып отырған жаңа көз қараспен астастыра дамытылып, келешек адам тәрбиесіне батыл қолданылары қақ. Ол үшін, ең әуелі Ұлы Абайдың педагогикалық еңбектерін танып білумен қоса, оның бастау алған тұнығы Фарабиді түсінбейінше, адам тәрбиесінің сырларын ашу қиынға түспек.
Жалпы адамзат қауымы қолданып келген педагогика тарихын зерделей зерттеп қарасақ, күллі әлем елдерінде - халық педагогикасының ғылыми жүйеленген нұсқасы мен негіздерінің болмағанын көреміз. Ендеше, тікелей осынау бір сәйкессіздіктің (парадокс) салдарынан, адам тәрбиесіндегі толып жатқан жасандылықтар мен қисынсыз қыңыр нұсқалар да, тіпті өзінің ішкі негіздерінен жетілмеген шала түсініктер де көп-ақ. Бұл айтылған пікірдің дәлелдерін, қазіргі адам тәрбиесіндегі керағар қылықтардың өзі де аңғартса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет