Совет–Хан Єаббасов



бет168/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ләззатті сәттері. етіп жиі өткізіп тұрған. Ерлі-зайыптылар өздедерінің
келісе отырып, қалап алған шешімдеріне әркез тыңғылықты қараған. Ата-анасы болып болашақ дүниеге келер нәрестелерінің ж ү р е к т ә р б и е с і н терең жүргізу үшін, барлық жан-дүниелері мен пейілдерін мейлінше парасатпен ұстауға тырысқан сыңайлары бар. Кейде халықтың не бір асыл дәстүр-салттарын сөз етумен қоса, өздерінің ата-бабаларында өткен атақты адамдар жайлы да, жиі әңгімелеуді жүйелі түрде жүргізіп отырған. Айта берсе таусылмайтын аса көп тәсілдерді, олар шынайы тапқырлықпен қолданғандықтарын ерекше атаған жөн сияқты. Құрсақтағы жан иесінің ояу сәттерінде, онымен сырласуды да, еркелетуді де жиі жасаған көрінеді.


§ 8. ЖАС БОСАНҒАН АНАНЫҢ КҮНДЕЛІГІ
«Ақылменен ойлап білген сөз ,
Бойыңа жұқпас , сырғанар .
Ынталы жүрек сезген сөз ,
Бар тамырды қуалар «
АБАЙ.


Тұнғышымен Менің - а н а болуды аңсаған арманым да орындалды.
дидарласу. Жарық дүниеге тұңғыш нәрестем келді. Көргенімше
шыдамым таусылардай асығып, аса қатты сезім толқыныстарында болдым. Оның үстіне, құрсақтағы тәрбиеге сенетінім соншама, бар ақыл-парасатымды іске қосып, жан иесінің ж ү р е к т ә р б и е с і н қалыптастырған тәріздімін. Осындай көңіл құштарлықтың әсері болар, нәрестемді көруге асығамын. Себебі, операциядан кейін реанимацияда үш күндей жатып қалдым.
Алғаш нәрестемді қолыма алып көрісімен-ақ, көңілім босап үнсіз өксіп, ағыл-тегіл біраз жылап алдым. Көзімнің жасын сүртіп өз-өзіме келген соң, емірене еңкейіп нәрестемнің жүзіне қарасам, ол маған таңырқай қарап жатты да жанарым көздерімен түйіскенде, оның езу тартып жымиғанынан бүкіл жан–дүнием масайраған күйі сергіп сала берді. Аузына салған омырауымды жігерлі түрде сүйсіне емді де, біраздан кейін маужыраған бойы ұйықтап кетті. Мен оның–соншама нұрлы да мейірімді жүзіне үңіле қарап отырып қалдым. Барлық бейнесі әкесінен айнымайды. Әсіресе, маңдайы мен қабағы, танауы мен еріндері құйып қойғандай ұқсас екен. «Қыз бала - ә к е с і н е тартса б а қ ы т т ы болады» - дейтін үлкендердің сөзі ойыма оралды. – Иә-ә, жаратқан ием сәбиімді бақытты ете гөр, абыройлы да ақылды ете гөр, - деп шын жүрегімнен езіле отырып м і н ә ж а т еттім. Осы жолы, оны – сол ұйықтаған қалыбында қайыра алып кетті. Келесі келгенде де, ол тағы да жанарымен біраз қарап жатып. жымия бергенде, қос жанары екі жаққа аударыла жөнелгендей болды. Оның маған жанарларын қадап қарағаны, көңілім де әркез өзіме түсініксіз сезімдер оянатын тәрізді. Бірақ, оның не екенін нақ басып ұғына алмай жүрдім. Осылайша, күннен күнге ширап келе жатқанын іштей сезініп, бар болмысыммен шүкіршілік етіп т ә у б е г е келемін. Соңғы күндері ішімнен: - «Бала қырқынан шыққанша қарашығын ұстай алмайды» - деуші еді ғой деп ойласам да, артынша тілім тасқа тигендей мінәжатқа келіп жүрдім. Бір күні жанымда жатқан әйел: - Сіздің балаңыз өзіңізге қарап жымияды екен. Менің баламда ондай ештеңе жоқ, - деп мұңайғанын естіп, не дерімді білмей сасқалақтап қалдым.
‑ Емізіп болсаңыздар, бөпелерімізді өзімізге беріңіздер?! ‑ деген медбикенің дауысы үнсіздігімізді сейілтіп жібергендей болды. Осынау, жайлы да жақсы жерге әдемі ғимаратымен орналысқан – «Ана мен Баланы қорғау» ‑ деп аталынатын ғылыми-зерттеу институтында жатқан – 7-8 күннің ішінде, тағы бір байқағаным, менің нәрестем басқалар тәрізді у-шу болып, бірде бір рет жылап келген жоқ. Кетерінде де монтиған бойы кетеді .
Баланың туғанына тоғызыншы күн толғанда, үйге шығаратын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет