Совет–Хан Єаббасов


Таным таңырқамайтын заттары жоқ деседе болады. Оған шексіздігі



бет162/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   294
Таным таңырқамайтын заттары жоқ деседе болады. Оған
шексіздігі. барлығы да қызық?! Даладағы үп еткен желден бастап, аспандағы – көшкен бұлт, жердегі - жыбырлап жүрген құрт-құмырсқа, айналасындағы ұшып-қонған құсқа дейін назарында болмақ. Тіпті, ол көзіне шалынған барлық құбылыстарды қалт жібермей сұраумен болады. Әне, көк жүзінде ұшып бара жатқан ұшақты көріп, - «Анаған мен де отырып ұшамын ба?» ‑ деп, күллі құбылыстарды өзіне қарастыра түсінуге тырысады. Міне, осынау қатынастылықтан оның қиялы ұшталып, тіпті кейде ересектердің ойына келе бермейтін әсерлерді де айта салатын сәттері көп. Олардың осы қасиеттерін жетілдіре беру үшін, кейде бөбектердің ойынан құрастыратын шағын әңгімелеріне құрметпен қарау керек. Олар осындай ойларын айтқанда, шындықтың қай жерде бітіп, қай сәтте қиялы басталғанын аңғара бермейді. Оның ешқандай ерсілігі жоқ. Қайта осы қасиеттерін тәрбие әдістеріне пайдаланып, қысқа–қысқа ертегілер мен аңыздарды жиі оқу керек. Керісінше қазіргі қаптап кеткен экрандағы қатыгез кинолардың еш қажеті жоқ. Жалпы балбөбек тәрбиесін оны балабақшасына берудің өз артықшылықтары бар. Сонымен қоса, жанұя тәрбиесіне жетпейтін кемістіктері де жоқ емес.
Бала осы кезеңінен бастап азды-көпті өтірік айтып жіберетін кездері де болады. Бірақ, ол туа өтірік айтуды білмейді. Ендеше, бұған тікелей ата-анасы қатысты екенін ескеру шарт. Өйткені, сырттай қысым болмаса, бала өтірік айтуды қажет етпейді.
Балабақшасы - жанұяның берер тәрбиесін алмастыра
Балбөбек алмағанымен, оның өзіне тән қосар үлесі де аз емес.
ясли . Кейбір балалардың табиғи қасиеттерін жан-жақты етіп ашуға, балабақша тәрбиесінің әсері теңдессіз. Әйтпесе, бұл барлық балалар үшін солай екен деу, тіпті де дұрыс бола қоймайды. Өйткені, көп балалы жанұяларына – балабақшасының тәрбиесі – аса үлкен қажеттілік емес. Оның есесіне жанұядағы жалғыз балаға, баспаналары жайсыздарға және бала тәрбиесіне шамасы келмейтін аналар үшін, бала-бақшасына беру ауадай қажеттілік. Әсіресе, балбөбек кезеңінде баланың ойыны мен тілін шығаруы үшін, көптің ортасында болудың артықшылығы мол. Тіпті, баланы үйде тәрбиелеуге жағдайы жетер жанұялары да, тәуліктің бірнеше сағаттарын балабақшасында өткізуді, қазіргі заманның қажеттілігіне балайды. Себебі ұйымдасқан ортада – музыка тыңдау – сурет салу – пластилинмен бейне жасау - тәрізді ойындар, өте жақсы өтетіні белгілі. Осыған орай айта кетуіміз керек, нағыз балабақшаларының тәрбиешілерін әзірлеу, аса бір жауапты мәселелердің бірі болып отыр. Тәрбиешілердің жан-жақты білімдерімен қоса, бала психологиясын терең түсінетін сезім байлықтары да қажет-ақ. Оның үстіне, қазіргі кезде халық педагогикасы мен этнопедагогиканың аражігін түсініп, өзара қабысқан айырмашылықтарын білу міндеттері де тұр. Өйткені, бұл екуінің өздеріне тән тәрбие тәсілдерін біліп қолданбаса, баланың жандүниесі мен тән құрылысының дұрыс жетілулеріне аса ауыр нұқсандар келмек. Әсіресе, балбөбек кезеңінде қалыптасатын ішкі бес сезім мен сыртқы бес сезім үндестіктері айтарлықтай жетілмей қалады.
Көптеген жағдайларды ескере отырып, балабақшаға Балабақшаға балбөбек кезеңінің соңына қарай бергенді дұрыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет