Тәрбиешінің көбінесе тәрбиешінің дайындығына тікелей байланысты
сабаққа болып келеді. Оның әзірлігінің деңгейін көрсететін бірнеше
әзірлігі. сәттер бар: 1) сабақтарды жоспарлау; 2) оның құрал-жабдықтарын әзірлеу; 3) балалардың сабақ алдындағы әзірліктері.
Егер тәрбиеші бір ғана сабаққа әзірленіп қоймай, тәулік көлемінде өтетін сабақтардың жүйесін түгел қамтуға тырысса, міне мұны жан-жақты да сапалы дайындық деп түсінуге болады. Сабақтар осылай әзірленгенде ғана, олар бір-бірімен байланыса қызықты болып өтеді. Мұның бала тәрбиесіне берері де мол болмақ. Осылайша өтетін бүкіл сабақтардың жоспарын, әуелі жүйелей білген тәрбиеші, оны аса жоғары деңгейде жүргізу әдістерін де жан-жақты ойластырады. Тіпті кейбір сабақтарды әуелі әзірлік жұмыстарын дайындап алып, сонан кейін ғана сабақтың тікелей өзіне кіріседі. Мұндай алдын ала жасалынатын әзірлік балалардың жұмыс істеу қабілеттерін күшейтіп, сабаққа деген ынта-жігерлерін арттырады. Жалпы тәрбиешілердің өз ісінің шебері болумен қоса, тәрбие жұмысын шын ықластарымен сүйіп істеулерінде үлкен мән бар. Шындығында да, жас ұрпақтың тәрбиешісі болу, бүкіл бір халықтың алдындағы жауапкершілік екенін түсінген жөн. Өткен қоғамдық құрылыстың салдарынан, адам атаулы өмірдегі бар әрекеттерге немқұрайлы қарауға үйренгендіктен, тіпті өзінің болашағына да, соның ішінде жас ұрпақтың тәрбиесіне де, жүрдім-бардым қарап келгені белгілі. Осы кемшілігімізді ұғынсақ, көп нәрсенің өз жөніне келері анық.
Балалар өз үйренгендері мен білгендерін кез-келген
Үйренгенін жағдайларда қолдана білулері керек. Сонда ғана
қолдана білу. жүргізілген тәрбиелердің дұрыстығына баға бере
аламыз. Оның өмірдегі жағдайлармен бетпе-бет келгендегі пәрменділігін көріп риза боламыз. Балалар өзінің алған білімдері мен тәжірибелерін күн сайын молайта отырып, оны ойнаған ойындарында да, табиғат аясындағы серуендерінде де, тіпті күнделікті жуынып-шайынып, тамақтанар сәттерінде де, ұтымды пайдаланумен бірге, үнемі қайталап жетілдіре түседі. Міне, осындай сәттерде, тәрбиеші өзі жүргізген тәлімінің жемісін көргендей жақсы күй кешеді. Мұны баланың туыс-туғандары мен ата-аналары да байқайды. Олар да тәрбиешінің еңбектерін дұрыс бағалауға тырысып, өздерінің ризашылыққа толы алғыстарын білдіреді. Міне, бұл нағыз бала тәрбиесіне жауаптылардың бір-бірімен үндескен сәттері деуімізге болады. Осындай ұғынысқан жақсы жағдайларда, ата-ана тәрбиесі мен балабақшаларының жұмыстары бірін-бірі көркейте жетелеп, өте үлкен жетістіктерге жетерінде сөз жоқ. Өйткені, ата-аналар балабақшасындағы өтіп жатқан тәрбие сабақтарынан үнемі хабардар болады да, үйде соған орай қайталаулар мен пысықтаулар ұйымдастыруға тырысады. Өзінің үйреніп жүргендеріне ата-анасының қызығушылығын көрген бала да ерекше талпыныстар жасай отырып, не нәрсені болсын тез меңгеріп кете береді. Міне, бұл арада психология мен педагогика әдістері бір мақсатқа бағындырыла үндесіп жатыр. Осындай шынайы түсініскендіктің арқасында, алынатын жетістіктердің жемісі де мол болмақ. Ендеше, бала тәрбиесіндегі ең керағар да келісімсіз нәрсе, ол көзқарастар қайшылығы болып табылады. Жас балалар қарама-қайшы пікірлердің дұрыс-бұрыстығына көздері жетпей әуре сарсаң күй кешеді. Егер осындай қайшылықтар қайталана берсе, оның мінез-құлқы мен сенімдеріне де ақау түседі. Мұның арты өте жаман жайсыздықтар әкеледі. Олай болса, бала тәрбиесінде семья мен балабақшасы және мектептер бір-бірімен түсініскен қарым-катынаста болуларын талап етеміз.