9. СҰРАҚ:Физиологиялық заңдылықтар дегеніміз не ?
ЖАУАП: Физиологиялық заңдылықтар дегеніміз - жалпы тіршілік иелерінің сыртқы және ішкі мүшелерінің, қалыпты дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етеді.
10. СҰРАҚ: Сонымен халық педагогикасы мен психологиясы қандай пән?
ЖАУАП: Халық педагогикасы мен психологиясы тікелей бірден-бір адам тәрбиесін қалыптастыратын пән. Оны жер жүзіндегі барлық халықтар қанымен де, жанымен де жасаумен қоса, көзінің қарашығындай сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырады.
11. СҰРАҚ: Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері дегеніміз не ?
ЖАУАП: Адам тіршілігінде пайдаланылатын кез келген пәндердің негіздері тек қана,өздерінің ішкі мүмкіншіліктерінен қалыптасатыны белгілі. Ендеше, халық педагогикасының негіздері де өзінің тән құрылысының физиологиялық жетілу кезеңдерінен жасалынатындығы айдан анық ақиқат.
12. СҰРАҚ: Халық педагогикасы мен психологиясының жүйелері қайдан шығады ?
ЖАУАП:Халық педагогикасы мен психологиясының жүйелері өзінің ғылыми методологиясынан шығады. Оның екі сатысынан яғни биологиялық индивид деңгейінен бірінші жүйесі – ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ қалыптасады да, ал қоғамдық тұлғаға жетілдіру деңгейінен екінші жүйе - АҚЫЛ ТӘРБИЕСІ пайда болады. Жүрек тәрбиесі – негізінен түйсік пен сезімдердің әсері арқылы, Ана құрсағында қалыптасады. Міне, осынау адам тәрбиесінің ана құрсағында жүргізілуге тиісті тәсілдерін өзінің ішкі түйсігі арқылы мыңнан бір ана ғана сезіне білсе, ал қазіргі кездегі ана атаулының көпшілігі тіпті түгелге жуығы, білмейді десек ешқандайда артық айтқанымыз емес. Ал екінші жүйе ақыл тәрбиесі, нәрестенің қарашығын ұстап - АҚ пен ҚАРАНЫ ажыратып, алғашқы таңырқау мен таңданудан оянатын сәби санасының сәулесінен бастау алады.
13. СҰРАҚ: Сана дегеніміз не ?
ЖАУАП: Сана дегеніміз - аса күрделі құбылыс дей тұрсақ та, оның көмегімен адам өз жағдайын түсіну арқылы, дер кезіндегі қимыл-әрекеттерін, әртүрлі сезімдері мен ой қорытындыларын бақылай алады.