Жаңа көзқарастағы методология – жүйе – негіздері
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Педагогиканың түрлері және олардың ғылыми жіктелуі қалай?
Методологиялық жаңа көзқарстың неше жүйесі мен негіздері бар?
Ережелер мен қағидаларды айтып бер?
ЕКІНШІ ТАРАУ
§1. ТАРИХИ ДӘУІРЛЕРДЕГІ АДАМ
ТӘРБИЕСІНІҢ КӨРІНІСТЕРІ
«Әуелі мәңгі шексіз, қап-қараңғы ТЫЛСЫМ ( хаос ) болды. Міне, күллі әлемдегі барлық тіршілік пен шетсіз шексіз мәңгілік те, осы т ы л с ы м н а нжаратылған»
Н.А. КУН.
Кілт. Адам тәрбиесінің тарихи дәуірлердегі керіністерін сипаттау үшін ең әуелі міндетті түрде... Американың атақты ғалымы Л.Г.Морган ұсынған адамзат қауымының даму классификациясын пайдаланған жөн. Ол өзінің "Көне қоғам" атты еңбегінде -тағылық - жабайылық - мәдениеттілік - делінетін үш түрлі кезеңдердің мәнін ашып, оның тағылық пен жабайылық кезендерінде - төменгі, орта, жоғары сатылары - болатындығын терең талдаулармен дәлелдеп береді. Оның бұл еңбегін қолдануға... кезінде КСРО-ның идеологиясы үзілді-кесілді тыйым салғандықтан,ол елеулі ғылыми жаңалық ретінде аталынбайтын да еді. Л.Г.Морганның өмірлік негіздерге сүйенген ғылыми зерттеулері бойынша, адамдардың алғашқы қауым болып бірігуіндегі қарым-қатынастары әлі де дәстүр-салтқа айнала қоймағандықтан семья зандылықтары да бірте-бірте қалыптасқандығын айтады.
Л. Г. Морган классификациясы ( № 2. кестені жасаған автор).
АДАМЗАТ
1.Тағылық
2. Жабайылық
3. Мәдениеттілік
Төмендегі саты
Орта саты
Жоғары саты
Төмендегі саты
Орта саты
Жоғары саты
Табиғат қойнау-ында
Отты игеру
Садақ ату, аң аулау
Балшықтан ыдыс жасау
Үй хайуан.
уйрету
Мыс балқыту, жасау
Достарыңызбен бөлісу: |