Тәрбиешінің мінез-құлықтары. Қашан да болмасын өзiң тәрбиелi болмай, маңайындағыларға жақсы тәрбие дарыту мүмкін емес. Олай болса, қайырымды да әділетті қоғамда, үлкендердiң арасындағы тәрбие мен имандылық талаптары да қоса жүргiзiлмек. Мұндай мақсаттың пәрмендiлiгi көп жағдайларда, сол әдiлеттi қоғамнан тарайтын, әдiлеттi заңдарға тiкелей байланысты болмақ. Әйтсе де, келешек ұрпақ тәрбиесiне атсалысатын ата-аналар мен ұстаздар, ағарту саласындағы азаматтар мен халықтың зиялы қауымдары үндесе кiрiскенде ғана, көптеген керағар нәрселердiң оңалып кетерiне сенiм мол. Әрине ол үшiн, көптеген тәрбие әдiстерi мен тәсiлдердi жаңаша көзқарастармен байытып, ғылыми жүйеленген түрлерiн жиi пайдалануды өмiрге батыл түрде кiргiзген жөн. Мiне, осы айтылған принциптердiң барлығы да тәрбиешi мен ұстаздардың мiнез-құлықтарынан табылуы керек. Бұл өмiрде келешек ұрпақ тәрбиесiне қатысты жандардың мейiрiмдiлiгi мен сергектерiне көп нәрсе байланысты. Бала тәрбиесiнде қолданылатын екi түрлi әдiстi, олардың кiшiрек кезiнде - үйрету (дидактикалық), ал естияр тартқанда – ойлантуға ерекше күш-жiгерiмiздi салуымыз қажет. Сонымен қоса, осы әдiстердiң әрқайсысы ондаған тәсiлдерге жiктелiп, тәрбие түрлерiнiң ыңғайына қарай өзгерiп отырады. Мiне, осындай тәрбие әдiстерiнiң iшкi қасиеттерiн неғұрлым терең түсiнетiн ұстаздың алды ғана, тәңiрi жарылқағандай жандүниенiң жайдары да жайсаң болуына көмектеседi.
Тәрбиедегі тәртіп пен мәдениет. Үзiлiссiз ұрпақ тәрбиесiндегi қос босаға – тәртіп пен мәдениет күллi адам атаулының күнделiктi әдеттерiне айналған кезде, бiздер мейiрiмi мол қайырымды қоғамды қоғамды құрып қана қоймай, оның мазмұнын әрлендіріп,мұнын әрлендiрiп, шаңырағын биiктете түскен болар едiк. Өйткенi, тiршiлiктiң қай саласында да, тәртiп пен мәдениет ауадай қажет-ақ. Ендеше, күнделiктi қоғамдық тәртiптердi сақтай бiлген жөн, ол өзiн-өзi сыйлаумен бiрге, бүкiл айналасындағы адамдардың да, қадiр-қасиеттерiне терең құрметпен қарай алар едi. Бұл шындап келгенде, табиғат заңы! Табиғаттағы бүкiл тiршiлiк қатынастары да, белгiлi тұрақтылық мөлшерi мен арақатынас заңдылықтарына ерекше бағынатындығы белгiлi ғой. Жалпы мұндай аксиомалық ережелер, жер жүзiндегi елдердiң халық педагогикаларында да, әр замандардағы ұлы ұстаздардың еңбектерiнде де, үнемi жетiлдiрумен жүйелi түрде көрсетiлiп отырған. Ендеше, осыншама ұлағатты адамдықтың ең үлкен мақсаттарына жету үшiн, бала тәрбиесiне ерекше мән берiп қана қоймай, сонымен қоса тiршiлiк тылсымдарына тереңдей бойлаған ғылым жаңалықтарын пайдаланып, жас ұрпақтың тәрбиесi мен бiлiмiн жүйелi түрде жетiлдiре беруден бiр сәтке де iркiлiс жасамауға тиiспiз. Тек, сонда ғана тәрбие мен мәдениетiмiздiң бастаулары, бұрыннан жиналып қалған лас тұнбалардан, бiртiндеп тазалана бермек. Сөйтiп, ұрпақ тәрбиесiнiң алтын дiңгегi болып саналатын құлықтылық пен имандылықты орнықтырып, оның сапалылығына ерекше ықпал ететiн, тәрбие атаулының тәртiбi мен мәдениетi екенiн түсiнетiн де уақыт жеткен сияқты. Балабақшалардағы сәбилердiң жас мөлшерiне лайықты етiп, халқымыздың ұлттық дәстүрлерiн бiртiндеп бойларына сiңiре беру керек. Мәселен, үлкендi құрметтеу, оларға шамасы келген-ше көмектесуге әзiр тұру, өзiнен кiшiлерге қамқорлық жасау, құрдастарымен тату болуға тырысу, өзiн-өзi тежеп ұстамды болуға ұмтылу, тiптi өзiнен гөрi өзгенiң жағдайын алдымен ойлауды бойына сiңiрген жөн. Мiне, осы тәрiздес мәселелердi ыңғайлы етiп шешу үшiн, тәрбиешiнiң аса үлкен шеберлiгi мен тәжiрибелiлiгi де көмекке келедi. Екiншi бiр ескеретiн жағдай, ол тәрбиеленiп жүрген балалардың саналы ойлау қабiлеттерiн ашу арқылы, қандай да қиындығы мол сәттердi бала өзiнiң ерiк-жiгерiмен шешуге тырысса, кез-келген тәрбие тәлiмiнiң мазмұны да мәндi болып шығары анық. Осыдан келiп, баланың еркiн ойлауы мен өзi шешiм қабылдай бiлуге талпыныстары басталады. Бұл нағыз тәрбие жетiстiктерi деген осы.
Баланың ар-ұжданының тұрақты түрде қалыптасып,