Совет–Хан Єаббасов


Көпшілдік пен аққөңілділік егіз



бет216/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Көпшілдік пен аққөңілділік егіз. Нәресте дүниеге келiсiмен-ақ тәрбиенiң өзі белгiлi тәртiпке бағынуға тиiстi. Ең бiрінші - жаңа туған нәрестенiң өзiн әуектеп, үпiлеп-сүпілей беруге болмайды, бiр жасқа толған балаға өз шамасындағы құрбыларының қарым-қатынасы керек, оның еркiн ойлап та ойнап та жүруiне мүмкiншiлiк беру арқылы, оны жанындағылармен алыс-берiске үйрету, осылайша баланың үйдегi тәрбиесi мен балабақша ерекшелiктерiндегі, оншама айырмашылықтың арақатынасын азайтқан жөн. Шама келгенше оның әрекет етуiне мүмкiндiктер туғызу керек. Осындай қарым-қатынастан нәр алған бала көңiлiн көтерiңкi ұстап, ашық-жарқын болуға әдеттенедi.Ол өз құрбыларымен қарым-қатынасқа келген әрбiр сәтiнде, аңғаратын қылығы, өзi қандай қатынас жасаса, жанындағы жолдасының да сондай қатынаспен жауап беретiнiн ұғына түседi. Мiне, бұл адамдардың арасындағы ең негiзгi формуланың алғашқы ережелерiн үйрене бастады деген сөз! Оның қалыптасқан мiнез-құлқындағы жақсы қасиеттерi, ертеңгi өмiр-тiршiлiгiнде де өз пайдасын тигiзбек. Ашық-жарқын, ақкөңiл адамдардың өмiрдегi сый-құрметтердi де, шынайы табысқан дос-жарандары да мол болмақ.
Өзін-өзі тәрбиелеу. Жалпы бала атаулы нақтылық пен ұқыптылықты жақсы көредi. Тек, баланың осы қасиетін үлкендер жағы үнемi жетiлдiрiп те, жүйелендiрiп те отырулары қажет. Мұны анық көрiп аңғару үшiн, ересек болып қалған балалардың ойын ережелерiне көңiл аударып көрiңiз. Сонда, олардың ойын үстiндегi бiр-бiрiне қоятын қатаң талабы мен ұқыптылықтары ерекше байқалады. Топ-тобымен ойнайтын ойындардың бiр жерiнен қате кетсе, оны мiндеттi түрде қайтадан бастап ойнауға кiрiседi. Олар ойындарының осындай тәртiптiлiгi мен тазалығынан соншама үлкен ләззат алады. Байқасаңыздар, бала өзiнiң өсу кезеңдерiнде көптеген қасиеттерге табиғи икемдiлiк танытып, сол қабiлеттерiн жетiлдiретiн ортаның тәрбиесiмен бүкiл ғұмырына азық ететiнi анық байқалады.
Бала еркінен тыс әдеттер. Бала еркiнен тыс жасалынатын әдеттерге жататын – көзін жыпықтату, иығын қиқаңдату, бет әлпетiн қыбырлату, басын шайқау, жөтелу, мұрнын тарта беру, сөйлеп тұрып күлу сияқты жайсыз қылықтарды атауға болады. Мұндай әдет балада 2 жастан кейiн-ақ пайда болуы мүмкiн. Оған негiзгi себепшi болатын, қатаң тәртiптi орнатуға құмар ата-аналардың терiс әрекеттерi деп үзiлдi-кесiлдi айтқан жөн. Баладағы мұндай әдеттер көбiнесе, үлкендердiң ұрып соққан сәттерiнде басталып, бiрте-бiрте қатты сөйлесе де қайталана бередi. Сондықтан да бала өзiнен-өзi ашулана бастаса да, еркiнен тыс көзiн жыпылықтатып, жөтелiп-шашалып, дене мүшелерiн қиқаңдатып жайсыз жағдайларды басынан кешедi. Жас күнiнде өздерi себепкер болған ата-аналар, бала ержете бастаған кезде, онан бұл әрекеттерiн қоюын талап етiп қыспаққа алады. Мұндай әрекеттi үзiлдi-кесiлдi жасамауды сұраймыз. Өйткенi, балада одан да бетер өрескел қиянаттардың орнығуы әбден ықтимал. Бұл оның ғұмыр бойы өшпес жан жарасына айналуы мүмкiн. Сондықтан, баланың еркiнен тыс жасалынатын қадеттерiне ескертпе айту немесе қойдыру жазалау сияқты айуандықты, адамдықтан азған арсыздыққа балап айыптаймыз. Егер, басында бiлместiктен жасап алған жағдайда, ендi оның орнықты да тыныш өсуiне көмектесу арқылы, бiртiндеп жөнделуiне төзiмдiлiк жасағаннан басқа ешқандай жол жоқ екенiн түсiну керек. Қолыңмен жасағанды мойныңмен көтерiп, адам-шылықтың ақ жолына түс демекпiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет