§ 7. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БЕСІНШІ НЕГІЗІНДЕГІ ЭТНОПЕДАГОГИЛЫҚ СИПАТ
«Баланың жақсысы - қызық, жаманы – күйiк»
АБАЙ.
А) ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
«Бiр ғылымнан басқаның,
Кеселi көп – асқанға»
АБАЙ.
Бұл кезеңдегi этнографиялық сипаттарға жататын – жатар орын, көрпе жастық, киер киiм, iшер тамақ, басқа да көптеген баланың тән құрылысына қажеттi заттарды, өткен балбөбек кезеңiнде кеңiнен тоқталған едiк. Сондықтан оларды тағы да қайталап жазып жатуды артық деп санап, бұл кезеңде баланың барлық тәрбиелерiнiң негiзгi әдiсi ретiнде–халқымыздың ұлттық ойындарына тоқталуды жөн көрдiк.
Балалар дөңгелене алқа-қотан отырады. Отырғандар
Сақина қолдарын алға ұмсынта, қос алақандарын қабаттастыра
салу ұстайды.Ойынды жүргiзушi бала ортада жүредi. Оның да жабық ұстаған алақандарының арасында күмiс сақина болады. Ол айнала жүрiп әркiмнiң алақандарының арасына өзiнiң алақанындағы сақинаны салып кеткен сияқтанып, ежелден қалыптасқан ойын дәстүрiн бастап кетедi. Сөйтiп, сақинаны отырғандардың бiрiне бiлдiрмей қалдырып кеткеннен кейiн ортаға келiп:
Бiр, екi, үш,
Ал сақинам ұш! – деп дауыстайды. Сонда, алақанында сақинасы бар бала, жанында отырғандарға бiлдiрмеуге тырысып, ыңғайлы сәтте өте үлкен жылдамдықпен ұшып түрегеледi. Егер, ол ешкiмге ұстатпай ұшып түрегелсе, онда ол ойында жеңiп шыққан болып есептелiнедi де, жанында отырған көршi балалар, яғни ұстай алмай қалғандары, ойынның заңы бойынша, не өлең айтады, не би билейдi немесе тақпақ, жаңылтпаш, терме, күлдiргi әзiл айтуларына да болады. Ал, керiсiнше сақинасы бар бала ұсталып қалса, онда жаңағы айтылғандардың бiрiн орындап, ол да өз өнерiн көрсетедi. Ойын осылайша қайталана бередi.
Ақ серек, көк серек. Ойын ашық алаңда далада өтедi. Балалар екi топқа бөлiнiп, қарама-қарсы қараған бойлары қол ұстасып қатарларын түзейдi. Олардың ара қашықтықтары 40-50 метрдей алшақ болғаны жөн. Ойынды бастаудың хұқын жеңiп алған топ иеленедi. Оны не жеребе арқылы, не ұзындығы метрге жуық ағашты алма-кезек мықымдай ұстап, қай үстiне шыққаны ойын бастаушы болады. Осы бастаушы топтың жетекшiсi әндетеiп:
Бiзден сiзге кiм керек?
Алғың келген баланың,
Дауыста да атын айт, дейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |