Совет–Хан Єаббасов



бет223/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Сонда, екiншi топтың жетекшiсi жанындағылармен ақылдасып алған соң қарсы топтан өздерi қалаған бiр баланың атын атайды. Аты аталған бала өз тобынан шығып, екпiндете қатты жүгiрген бойы, қарсы топтың тiзбегiн үзiп өтуге тырысады. Егер де үзiп өтсе, онда жаңағы топтың бiр баласын жетелеп өзiнiң тобына әкелiп қосады. Ал, үзе алмаса, өзi сол барған топтың арасында қалады. Ендi ойында үзiлмей қалған топтың балалары бастап кетедi. Оларда ойынның заңы бойынша, жаңағыдай өлеңдете бастап, қалаған баланың атын атайды. Осылайша ойын қайталана бередi. Қайсысы, баланы көбiрек ұстап қалдырса, сол топ жеңген болып есептелiнедi.


Ойынның шарты бойынша, балалар екi-екiден бөлініп
Шекемтес. отырады да, бұрыннан дайындалып қойылған көлемдері
бiрдей, домалақ формадағы бес таспен кезектесiп ойнайтын болады. Ойынды бастаудың хұқына ие болған бала:

  1. уысындағы барлық тастарды алдына шашып жiбередi.Екiншi қолында ұстап қалған бiр тасты жоғары лақтырып, ол төмен қарай түсем дегенше, жерде жатқан тастарды жинай үлгiрiп, сол тастарды жинаған алақанымен жоғарыдан құлап келе жатқан тасты да, жерге түсiрмей қағып алуы керек. Бұл – ойынның бiр ғана түрi, ал оның екншi түрi;

  2. екi-екi тастан жұптап қойған тастарды, тағы да қолында қалған тасты жоғары қарай лақтырып жiберiп, тез арада лып еткiзiп жұпталып жатқан тасты алып, оның үстiне төмен сорғалап келе жатқан тасты да, бiрден қақши ұстап үлгiруi керек. Екiншi жатқан жұп тасты да солай етiп жинап алады;

  3. ендiгi кезекте, үш тасты бiр алып, бөлек жатқан бiреуiн өз алдына бөлек қағып алады;

  4. жерге тастаған төрт тасты, жоғары лақтырған тас жеткенше уысына алып, соның үстiне сорғалап келе жатқан тасты да сыйдыра ұстап алуға тиiстi;

  5. бұл жолы бала сол қолының екi саусағын кере ашып, қақпа жасайды да, шашып тастаған тастарды бiр-бiрлеп қолындағы тасын жоғары лақтырып жiбередi де, ол сорғалап төмен түскенше бiрiнен кейiн бiрiн сипай лақтырған тастарды саусақ арасынан өткiзiп үлгiруi керек. Ең қиын жерде тұрған тасты қарсыласы «би» етiп белгiлейдi. Ойнап отырған бала «би» етiп белгiленген тасты ең соңында өткiзуге тиiстi. Ал егер ол өткiзе алмай қалса, ойын кезегi қарсыласына ауысады. Жалпы ойын кезектерiнiң ауысуы 1-2-3-4-шi тастардың әрқайсысында-ақ дұрыс өтпесе, бiрден кезек қарсыласына ауысатынын есте ұстаған жөн. Ең қиын саналатын түрi;

  6. бес тасты түгелдей оң алақанына салып, оларды бiрден жоғары лақтырған күйi, ешбiреуiнiң де жерге түсiрмей қолының сыртына қондырып, сәл тыныстаған соң қайыра жоғары лақтырып, түгелдей алақанымен қақшып алуы керек. Егер, тағы да осы баптың кез-келген жерiнде дұрыс орындалмаса, кезек екiншi балаға көшедi. Осылайша, балалардың ептiлiгi мен саусақтарының шебер қимылдауын жетiлдiредi.

«Қазан доп» ойнын жазықтау алаңқайда, қыста да,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет