Ә) БАЛАБАҚШАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУ
Қай мемлекетте болмасын балабақшалар «халыққа бiлiм беру заңдылықтарының негiзiнде» жоспарланған жүйелермен ашылып отырады. Олар қалалық, ауылдық және көптеген iрi мекемелердiң жанынан да ұйымдастырылады. Әрбiр жергiлiктi жағдайлардың ыңғайларына қарай, олардың құрылыстарының типтерi де әртүрлi болып келедi. Олардың көлемдерiне қарай балаларды қабылдап, жұмыс iстейтiн қызметкерлерi мен қаржылары да, тәрбиеленушiлердiң санына орай сәйкестендiрiле бөлiнедi. Балабақшалар қаржысы негiзiнен мемлекеттiк қорлардан есептелiнедi. Сонымен қоса, әрбiр балаға ата-аналарының ай сайын төлейтiн, белгiлi бiр мөлшердегi қаржылары да қосылады. Соңғы жылдары ұрпақ тәрбиесiнiң мәнi артқан сайын, халықтық мазмұнға ие болып отырған мектепке дейiнгi бала тәрбиелерi қала мен ауылда да, саны мен сапасы жағынан жетiле түскен кезеңдi қалыптастыра бастаған тәрiздi.
Балабақшаның негiзгi басқарушысы да, iшкi жұмыстарының ұйытқысы да - оның меңгерушiсi болып табылады. Оны – қалалық немесе аудандық оқу-ағарту жүйесi тағайындайды. Жалпы, балабақша халыққа бiлiм беру жүйесiнiң бiр баспалдағы саналатындықтан, оның барлық қызмет көрсету жоспарлары, тек педагогика мен психологиялық жүйелерге бағындырылуға тиiстi. Сондықтан да, балабақшалардағы негiзгi тұлғалар – тәрбиешiлер екенi рас. Олар да балалардың әртүрлi жастарына қарай жiктеледi. Осы принципте құрылған топтарға тәрбие бередi. Балабақшадағы екiншi бiр негiзгi қызмет жүйесi – балалардың денсаулықтарын қадағалау үшiн, медициналық қызмет те көрнектi орын алады. Үшiншi бiр салалық қызмет, бүкiл балабақшаның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн шаруашылық пен қаржы мәселесiн басқарушылар болып табылады. Мiне, осындай үш саланың үндесе жұмыс iстеулерiнен келiп, бала тәрбиесiнiң сапасы анық аңғарылады. Осы үндестiктердiң әртүрлi болатындығынан, ешбiр балабақшаларды жұмыстарының сапасы бiр деңгейде бола да бермейдi. Олардың ұйымдастырушыларының iшiнде де адамдық факторлардың алуан түрлерi кездесiп жатады. Қоғамына қарай тәрбиешiлердiң өз бойындағы кемшiлiктерi де аз болмайтынды‑ ғын несiне жасырайық.
Балабақшаларда баланы алғаш қабылдағаннан бастап, оны мектеп қабырғасына шығарып салғанға дейiн, өздерiнiң басшылыққа пайдаланатын заңдары мен тәрбие әдiстерi бар. Ол негiзiнен мемлекеттiң қадағалауында болады. Осының жетiлген принципi ретiнде, Жапонияның оқу-ағарту министрi Мори Ариноридiң сөзiмен айтсақ: ‑ «әрбiр тәрбиешi мен мұғалiмнiң есiнде, бүкiл оқу-ағарту жүйесiнде не iстелiп, не жасалынбаса да, ол тәрбиеленушiлердiң жеке бастарының қамы үшiн емес, тек мемлекеттiк мақсаттарды көздейтiндiктерiн түсiнулерi керек», дей отырып, жапон азаматтары дайындауға негiз болатын бес түрлi ережелердi ұсынады. Азия халықтарының iшiнде, озық мәдениеттi Жапон халқының ұрпақ тәрбиесiндегi мақсаттары, көп жағдайларда қазақ халқының да психологиясына аса жақын болғандықтан, осы ережелердi үлгi ретiнде келтiре кетудi жөн деп таптық.
Бала тәрбиесiнiң негiздерi, тек әр түрлi тәлiмдерге үйретіп
Достарыңызбен бөлісу: |