"Жүрегіңмен сезбесең, Әлемнің сырын ұқпайсың Көзіммен көрем дегенмен Барлығын байқап шықпайсың" РУДАКИ.
Халықпедагогикасыменпсихологиясы – адамныңжан-дүнисінтәрбиелейтінжәнезерттейтінілім. Олай болса, бұл ілімнің бастауы – ең әуелі жаратылыс қойнауындағы Табиғат пен Тіршілік атаулының егіз екеніне көз жеткізбей, Адамның ‑ тәні- жаны - рухы - дегенді тәрбиелеу түгілі, зерттеудің өзі де мүмкін еместігі айдан анық ақиқатқа айналып отыр. Оның бірден-бір көрінісі – бүгінгі таңдағы адам тәрбиесінің сын көтерместей құлдырауын айтсақ та жетіп жатыр. Ендеше, Халық педагогикасы мен психологиясын ғылыми пән ретінде түсіну үшін, немесе, адамның жан-дүнисін тәрбиелеу мен зерттеудің диалектикасын ұғыну үшін жер бетіндегі күллі тіршіліктің ең алғашқы пайда болуы мен оған кеткен уақыттың көлемін түгелдей қамтып, оның тікелей адамның тегіменен тамырласып жатқанына шолу жасап алу ауадай қажет. Осы заңдылықтарды ескере отырып, бүгінгі ғылымға белгілі ықылым замандардан аз-кем сыр шертілмек.
Палеозой – ежелгі тіршілік – деген ұғымды береді. Бұл
Полеозой ықылымның ең алғашқы басталуынан – біздің дәуірімізге
тіршілігі дейін, 500 миллион жылдан аса уақыт өтіпті. Әрине, бұл көңіл
көзіне ғана сиярлықтай аса ұзақ мерзім екені де белгілі. Сонда да, палеозойдың бастапқы шағында, бүкіл тіршілік түгелімен су астында, "мұхиттарментеңіздердің» түбінде ғана күнелткені мәлім. Әуелінде олар көзге шалынбайтын бір клеткалы тіршілік иелерінен, біртіндеп жалқаяқ теңіз құрттарына, губкаларға ауысып жетіле береді. Әлем үндестігін жетелеген уақыт құдіреті тоқтаусыз жылжып, тағыда миллиондаған жылдарды оздырумен қоса, тіршілік түрлерінде жетілдіріп, сан қилы балықтар мен буынқанатты балықтардың формаларына ауыса бастайды. Ал су астындағы тіршілік әлемінің, Жер бетіндегі құрлықтарға шығу сәтін, тіпті Күн жүйесіндегі аса ірі құбылыс ретінде бағалаған жөн. Алғашында осынау тіршілік иелерінің түрі-түсі мен формалары жағалаудағы өсіп тұрған өсімдіктердің бұтақтарына өте ұқсас болған. Бұл жаңа ортаға шыққан тіршілік әлемінің теңдессіз мол бейімделгіштік қасиетін байқатса, ал сол кездегі өсімдіктердің де жапырақтары әлі болмаған көрінеді. Бірақ, тіршілік өз өміршеңдігін бір сәтке де тоқтатқан емес. Соның арқасында, келе-келе өсімдіктер әлемі түрлі-түрлі бейнедегі жапырақтарын жамылып үлгірсе, ал жануарлар әлемі сан қилы жәндіктерге /қоңыз, шегіртке, инелік/ жетіліп өркен жаяды. Осылайша, шамамен 280 миллион жылдар бұрын қалың жыныс ормандар да, өрмекшілер, бүйілер мен басқада құрт-құмырсқалар құжынап жүрсе, әзірге аспан астында қазіргі құстардың орнына, ұзындықтары бір метрге дейін жететін алып инеліктер ұшқан екен.
Палеозой заманының ақырғы кезеңдерінде – қосмекенділерден жетілген бауырларымен жорғалайтын тіршілік иелері пайда болады. Ал төрт аяқты жануарлардың арғы тегі буын қанатты балықтар болғаны белгілі.
Адамды - Жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы және