Совет–Хан Єаббасов


А). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АДАМАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ



бет25/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   294
Байланысты:
treatise70934

А). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АДАМАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Қазақ даласының жаратылыс жағдайлары... бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрын осы күнгі тропикалық климаттар тәрізді жылы болған екен. Тропикалық өсімдіктердің түрлерімен дала үсті тұтаса көмкеріліп жатса керек. Жылылықты ұнататын Піл де, Зіл де тіпті әртүрлі жануарлардың түрлері де, көп болған тәрізді. Бірақ неше ықылым замандардан кейін бірте-бірте климат та өзгеріп, бұрынғы Тау әлемдерінің мүжіле аласаруынан бүгінгі Евразия аталынып жүрген Ұлы даланың қалыптасқанын аңғаруымызға болады. Қазақ даласының ж о н ы тәріздес шығысынан - батысына дейін созылып жатқан Сарыарқаның үстіндегі жатаған таулар - Қарқаралы - Ұлытау - Кішітау - Баянтау - Ерейментау - Көкшетау - Мұғатжар таулары - сонау көне замандар да, солтүстіктен келетін суық ауаға асу бермес биік таулар болған-ау дейтін болжамдарға жетелейді. Бұл таулардың бүгінгі тұрпаттары мен қалыптары да, осы айтылған болжамды растай түсетін сияқты. Солардың аласара шөгуінен Сарыарқадай жотасы биік жонымен бүгінгі Қазақ даласының қалыптасқандығын көреміз. Ендігі жерде аласарған таулардан аттап өте берген солтүстіктің суық ауасы, бұрынғы тропикалық климатты біртіндеп салқындата береді. Осындай өзгерістердің салдарынан -Алтай - Алатау - Еренқабырға - Қаратау жоталарында мұз қабаттары пайда болады. Қазақстанның батыс аймақтарын басып жатқан телегей-теңіз су айдындары да тартыла азайып, осы күнгі Арал мен Каспий теңіздері солардан қалған белгі екендігін ескі жазбалардан анық білеміз. Әйтседе, жер бетіндегі өзгерістер бір сәтке де тоқталып көрген емес. Қыртысы қалың қара жердің үстінен мұз дәуірі де көшкен сеңдей болып өте шығады. Міне осы замандарда қайта жылынған Ұлы даланың үстінде, алғашқы адамдар да пайда бола бастаса керек. Ғылымда адам тарихының бұл дәуірін - тас ғасыры, немесе палеолит - деп атағаны белгілі. Жоғарыда айтылғандай Тас дәуірінің ұзақтығы мөлшермен 180 мың жылға созылып, оның жоғарғы сатысында - ру құрылыстарының нышандары көріне бастайды. Енді қысқаша болса да, Тас дәуіріндегі Тағылық кезеңінің әрбір сатыларындағы адам тәрбиесінің көріністеріне көңіл аудара кеткенді жөн көрдік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет