Темперамент Адамның нерв жүйелерінің типтері, негізінен туа
тәрбиесі. пайда болатындықтан, оны г е н о т и п деп те
атайды. Сөйтіп, темпераментті өзінің жаратылыстағы т е г і м е н тығыз байланыстағы қасиет екендігін ескерген жөн. Бірақ, тіршіліктегі сан алуан жағдайларға байланысты, тіршілік сипаттарының барлық қасиеттері де, соның ішінде, туа пайда болатын жұлын-жүйкенің типтері де, сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделетіні анық. Ол үшін оған белгілі бір жағдайдағы тұрақты қалыптың әсерлері, күнделікті жүргізілетін тәлім-тәрбиенің ықпалы, бірте-бірте бойға сіңген қадетпен қалыптасатын мінез-құлықтың әсерлері де жетіп жатыр. Осындай күнделікті тұрмыстың әсерлерімен, адам бойындағы темперамент те жаңа жағдайларға бейімділігін байқатады. Тәрбие арқылы адамдардың жаратылыстарындағы қасиеттерінің өзгеруін, ғылыми тілде ф е н о т и п деп те атайтындығы белгілі. Ендеше, жұлын-жүйке (нерв) жүйесінің, осындай бейімделгіштік қасиеттерін ескере отырып, жоғарыдағы айтылған адам темпераменттерінің де өзгеруі, тәрбие әдістерінің пәрменділігіне тікелей байланысты екен. Әйтседе, бұл мәселе айтарға ғана оңай екендігін естен шығармаған жөн. Бұрынғы түсінік пен таным бойынша, дүниеге келген адамды тәрбие арқылы калауымызша өзгертіп жібереміз деудің өзінде көптеген ағаттықтардың бар екендігін мойындауымыз керек. Кез-келген адамның жаратылысына, ондағы тектік және тума қасиеттеріне көңіл аудармаса, тіпті де тәрбиенің оңды болуы қиындайтындығын түсінетін мезгіл жетті. Адам тіршілігінің ең алғашқы физиологиялық кезеңдерінде қалыптасатын ‑ түйсіктің түрлері ‑ ішкі бес сезімдер ‑мінез-құлықтың негіздері ‑ темперамент типтері ‑ зерде мен зейін ‑ жігер мен қайрат қуаттары, бір сөзбен айтқанда, жүрек тәрбиесінің жүйелі қалыптасуын — адам тәрбиесінде өзекті мәселе етіп ескеруді өмір өзі көрсетіп отыр. Ендеше, біз ұсынып отырған үзіліссіз ұрпақ тәрбиесінің мәні мен мазмұны бұрынғыдан да бетер күшейіп, ата-баба зердесімен үндестіре тәрбиелеудің пәрменділігінің арқасында, болашақ ұрпағымыздың нәрлі болуына көп үміт арттырады.