Совет–Хан Єаббасов


лері, сезіну әсерлері, зерде, зейін, эмоциялық сәт, көз -



бет256/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   294
лері, сезіну әсерлері, зерде, зейін, эмоциялық сәт, көз -
алдыңа елестету, түсіну, үрей мен үміт...
Екінші, әр адамның табиғатындағы психологиялық, яки тұлғалық
ерекшелігі — мінез-құлығы, құмары мен идеалы,
темпераменті, адамдардың қабілеті.
Үшінші, адамдардың іс-әрекеттеріндегі өзгешеліктер — тіршілітінде
жан-дүниесімен жақсы көретін ісі, оған бейімділігі мен
шеберлігі, осыдан келіп әр адам — еңбекке, жазуға, сурет салуға,
ән айтуға т.б. толып жатқан өздерінің бейімділіктерін танытады.

Міне, осынау жоғарыда көрсетілген қасиеттер, тек адамға ғана тән ерекшеліктер екендігі белгілі. Сондықтан да, бұл құбылыстарды, кейде жинақтап с а н а деп те атауымызға әбден болады. Өйткені, «психика» адамнан басқа, күллі жан-жануарлардың барлығында да бар. Бірақ, логика мен парасатқа жүгіне алатын с а н а, тек адамның ғана құдіретіне тән табиғат сыйы.


Кез-келген психика — негізінен м и д ы ң қызметі екені түсінікті. Бұл ілімнің терең зерттеліп, ерекше дамуына орыстың ұлы ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың сіңірген еңбектері зор. Әсіресе, олар нерв жүйелері мен мидың қат-қабат күрделі қызметтерін жік-жікке бөле отырып түсіндіруге тырысты. Міне, осыдан келіп психология ғылымы — өз алдына пән ретінде дами бастады. Оның. өзіне ғана тән мақсаттары пайда болды. Мәселен, психология тіршіліктегі бар және жоқ құбылыстардан пайда болатын әсерлерді талдай отырып, оның заттық та, құбылыстық та сипаттарын түсіндіруге тырысады. Өмір шындығының әсерінен ой түйе алатын мидың қабілетін пайдалану арқылы, жас ұрпақтың тәрбиесіндегі психологиялық әдістерді кең түрде қолданып, жіті пайдалануға болады. Бірақ, мәселенің бұл жағы, жоғарыда айтылғандай жалпы адам тәрбиесінде мүлдем елеусіз қалғандықтан, ұрпақ тәрбиесіндегі жағдайы тым ауыр халде болғаны белгілі. Сөз жоқ, адам тәрбиесінде психологияны кең түрде пайдалану үшін, оның өзіне лайықты тәсілдері мен әдістері бар екендігі түсінікті. Олардың ең негізгілері мыналар ‑п с и х о л оги я л ы қ б а йқ а у, ә ң г і ме-д ү к е н қ ұ р у және і с – т ә ж і р и б е ж ү р г і з у — болып табылады. Осы айтылған әдістердің қай-қайсысы да, күнделікті тіршілігімізде жиі қолданылады. Бірақ, оны әркім өз шарасына сыйғанына қарай іске асырады. Ал, жастар тәрбиесінде, психология жүйелі түрде жүргізілмейтіндіктен, бұл ортадағы психологиялық қарым-қатынастағы сәтсіздіктер аса көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет