Совет–Хан Єаббасов



бет255/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Ж. БАЛАСАҒҰН.


Сезім мен Кешегі біздердің бір ғасырға жуық өмір сүрген қоғамымыз
сезіну. да адам тәрбиесін табиғат пен тіршіліктің заңдылықтарына
негіздеп жүргізбек түгіл, биологиялық индивид ретінде, адамның өзін түсінуге талпыныс жасап көрген емес. Өйткені, адамның табиғи тәрбиесі, олардың топан суындай қаптатқан саяси идеологиясына, тіпті де жанаспайтын қарама-қайшылық еді. Сондықтан да, адам баласындағы жан дүниесін мүлдем ауызға алмауға тырысып, тән құрылысының өзін хайуанаттар қалпындағы танымда ғана жүргізіп, адам атаулыны өздері құрған жасанды қоғамның тегершігіне айналдырды. Міне, ащы болса да, айтылатын шындықтың өзі осы?!
Біздер ұсынып отырған адам тәрбиесінің методологиялық жаңа көзқарасында т ә н мен ж а н н ы ң гармониялық үндестігінен шығатын физиологиялық кезеңдерге сүйене отырып, мүлдем жаңа жүйедегі халық педагогикасының негіздерін айқындайды. Ал, өзінің негізінен дамыған п ә н, қашанда ғылыми жүйеде дамып, осы уақытқа дейін ойыншыққа айналдырып келген адам тәрбиесін, нағыз педагогикалық табиғи арнасына түсірмек. Осылайша, жан-дүниесіне мән беру арқылы, адам психикасына да жаңаша үңілуге тура келеді.
Өзіміз әркез мақтаныш ететін табиғат тылсымдарының шынары, адам алуан құбылысқа толы жан-сарайының сырлы да, мұңлы жұмбақтары хақында, тіпті аса күрделі психологиялық мәдениетіне үңілуді былай қойғанда, оның астары мол ой жүйесі мен тебірене де түлей білетін санасының сапалық өзгерістеріне де мән бермей келгеніміз шындық еді ғой. Осы тектес қағаберіс қате қағидаларға құрылған, бұрынғы оқу-ағарту жүйесіндегі кемшіліктерді термелеп жатудың қажеті де бола қоймас. Міне, осындай ойдан кұралған тәрбие жүйесінің салдарынан, он жылдық мектептерді бітірген жастарымыз өзінің ішкі жан-дүниесіндегі күрделі құбылыстарды түсінбейтіндіктен, күнделікті өмірдегі тіршілік тәлкектеріне жиі ұшырап, психологиялық икемсіздіктерінен тез шағылып быт-шыттары шығып жатады. Бұл жас адам үшін аса ауыр соққы болып табылады. Ендеше, кәмелеттік жасқа толған жастарымызға ең қажетті психологиялық мәдениет пен білім сапасын дұрыс .игеруіне көмектеспесек, онда олардың дендерінің саулығы да, мінез-құлықтарының байлығы да, тіпті сұлулық талғамдарының табиғилығы да, жарым-жартылы жарқышақтанған күй кешеді екен. Сайып келгенде бұдан шығар қортынды, жалпы сан алуан адам мәдениетінің анасы — психологиялық мәдениет екенін, ендігі жерде бұлталаққа салмай ашық түсінгеніміз жөн. Оны үзіліссіз ұрпақ тәрбиесінің ең бір негізгі тегершігі ретінде, адам тәрбиесінің алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ, үнемі жетілдіре жүйелеумен қоса естен де шығармаған дұрыс. Психология мәдениетінің өзіне тән білім беру жүйесін қалыптастырып, жас жеткіншектерімізге оны үйрету мен ұғындырудың пәрменді тәсілдерін ойластырмай болмайды. Қалайда, жасөспірімдер қауымы өзінің қат-қабат жан-дүниесіне үңіле алатындай, психологиялық білімдері де, мәдениеттері де болуы шарт. Оқу-тәрбие жүйесіндегі бұл кемшілікті тез арада жою керек.
Психология — пән ретінде, үш түрлі мәселені қарастырады:
а) психикалық құбылыстар;
ә) әр адамның табиғатындағы психологиялық ерекшеліктері;
б) адамдардың іс-әрекеттеріндегі психологиялық өзгешетері;

Бірінші, психикалық құбылыстарға жататындар — сезімнің түр-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет