Холерик. шапшаң тыз етпе болғанымен, аса жігерлі де қайратты
әрекеттерге бейімділігін байқатады. Көп жағдайларда олардың ақыл-парасаттарын сезім-күйлері билеп жатады. Сондықтан да, олар тез ашуланып та, тез қайтып та үлгеріп жүреді. Мұндай ыстық қанды әрекеттер, кейде олардың не істеп, не қойғандарын да аңғартпайтын кездері жиі ұшырасады. Тіпті, бұрқ-сарқ етіп .ашуланса да, жаны жадырай шаттана қуанса да, бүкіл болмысымен берілетіндігі анық. Өздеріне тиісті шешімдерді жылдам қабылдап, істің жағдайын тез түсініп кете алады.
Бұл жағын холериктердің жетістіктеріне баласақ, ал ашу-ланшақ мінездерін олардың кемшіліктеріне жатқызамыз. Жалпы, төр аяғынан тік тұратын адам мінезі болса, оның тәрбиемен қалыптасқан мәдениеттілігімен астасып жатса керек-ті.
Мұндай жандар асқақтап асуды да, есінен тана сасуды
Меланхолик. да білмейді. Олар үшін барлық психологиялық
қозғалыстар мен өзгерістер бір қалыпта ғана, өзара рет-ретімен баяу өтіп жататын тәрізді. Осы тектес олардың мінездеріндегі, тіпті жан-күйлеріндегі өзгерістері де, жоғарыдағы типтегі жандардай алақұйын болып бұрқ-сарқ етіп жатпайды екен. Меланхоликтердің көңілдеріндегі күйлері де алуан түрлі сезімдері де, терең тыныспен түптей бойлап кететіндіктерімен ерекшеленеді. Сондықтан да, оларды көп жағдайларда, көңілдері күпті күле білмейтін, көмескі жандарға да балайды. Олар өмірдің өткен-кеткен жағдайларын тез ұмыта алмайтындықтан, сыртқы әсерлердің тым аумалы-төкпелі болуларын қаламайды. Кейде ішімдегіні тап дегендей, мелшиген күйі жүре беретін сәттері де жиі кездеседі. Бұл тәріздес жаратылыс көріністері, мінездерінен де байқалып, көбінесе іс-әрекеттері баяу, аңдап сөйлеп серпіліссіздікке бой алдыра береді. Кез-келген істі тез шешіп тастауға да, батылдықтары мен жігерлері жетіңкіремей жатады. Олар көбінесе өздеріне тапсырылған істерге салқынқандылықпен қарауға тырысады.
Сырт көзбен қарағанда, мұндай типтегі адамдар көбінесе
Флегматик. әрекетсіз, жігерсіз де сияқтанып та көрінеді. Олардың
қимылдары да, мақсатты қозғалыстары да, өте жансыз сылбыр кейіп білдіреді. Тіпті, бұл шіркіндердің қуанып, әлде күйініп отырғандарын да, аңғару аса қиын. Олардың асып-сасып жүрген сәттерін көрудің өзі мүмкін емес. Бұлардың, сыртқы іс-әрекеттерінен де, тіпті сөйлеген сөздері мен көңіл-күйлерінің қозғалыстарынан да, бәлендей асығыстық пен ұшқалақтықты кездестіре алмайсыз. Олар өзі сүйетін еңбектері мен істеріне соншама ұқыптылықпен беріле кіріседі. Сондықтан да, олардың еңбексүйгіштіктері мен жауапкершіліктері аса берік болады. Көп жағдайларда мұндай жандардың имандылық бейнесі биік, сұлулық талғамдары мен зиялылық қасиеттері орнықты келеді. Егер мұндай жандарға терең білім, жақсы тәрбие берілмесе, олардың өміршеңдік қасиеттері өте төмен болмақ. Әсіресе, осындай типтегі жас балаларды қуатты түрде тәрбиені үнемі қозғалмалы талаптармен ұштастырып, еңбек пен білімге тұрақты түрде үйрету арқылы белсенділіктерін күшейткен жөн. Мұндай баланы сәби шағынан бастап қолға алса, олардың мінез-құлықтарындағы көптеген сылбыр да баяу әрекеттерін жөндеп алуға болады. Әрине, мұндай балалардың тәрбиесі онша оңайлыққа да түспейді, бірақ істелген еңбек пен жұмсалған қажыр-қайраттың өтеуін міндетті түрде көретіндікке ешбір күмән жоқ.